1 ...6 7 8 10 11 12 ...18 Жошы мен меркіттердің әскерлері Ырғыз өзенінің бойында кездесіп шайқасқаннан кейін, меркіттер жан-жаққа қашады. Осы шайқаста Кетбұқаның алдыңғы қатарында жүруі әбден мүмкін, бірақ ол туралы біз ешқандай мәлімет кездестірмейміз. Мәуеранахрдағы Хорезмшахтың Сартауылына қарсы Шыңғыс қаһанның жорықтары туралы жазылған көптеген жылнамаларда да бабамыздың есімі бір де бір аталмайды.
1223/1224 жылдары Шыңғыс қаһан Сартауылын жаулап алғаннан кейін, империясын бәйбішесі Бөрте қатыннан туған төрт ұлына бөліп береді. Ол саяси оқиға бір мәліметтер бойынша Сейхунның (Сырдария) он жақ жағалауында, Кұланбасы деген жерде, ал басқа деректер бойынша Қыпшақ 14 14 Дашты Қыпшақ – орта ғасырлардағы Алтайдан Дунайға дейін алып жатқан кең байтақ шөлейіт даланың атауы. Х ғасырларда Қимақ қаһанатының құрамында болған Қыпшақ тайпасы билікке таласу нәтижесінде қимақтарды жеңіп, ХІ ғасырда Қыпшақ қандығының іргесін қалайды. Мемлекет күшейген сайын аумағы да кеңейіп Днестрге дейін жетті. Моңғол шапқыншылығына дейін Қазақстан аумағы Шығыс Дашты (Тасты) Қыпшақ аталса, Еділ өзенінен Дунайға дейінгі жерлер Батыс Дашты Қыпшақтың құрамына кірген. Дашты Қыпшақ кең даласын түрктілдес бауырлас, көбіне көшпенді мал шаруашылығымен айналысатын тайпалар мекендеген. Ақ орда кезеңінде жазылған деректерде Қазақ даласы Қыпшақ деп аталады.
даласында орын алған. Сол сәтте Жошы әкесіне 20 мың ақ жылқы сыйлағаны белгілі.
Нәтижесінде, Жошыға 9000 жұрт пен 4000 әскер бұйырды. Жұбайнидің айтуы бойынша Жошының үлесі Ертістен батысқа қарай жатқан кең даланы алып, Жетісудағы Қаялықпен Хорезмнен бастап Сақсын мен Бұлғарға және мыңқол аттарының тұяғы тиген жерлерге дейін жеткен.
Бұл жайытта Әбілғазы өзінің «Түрк шежіресінде» былай деп жазады: «Жошы қан күллі қыпшақ жастарын бодан етіп, Қыпшақ жұртына қоныстанады. Моғұл елінен өзінің жанұясы мен әкесі Шыңғыс қаһан бөліп берген елдерді көшіріп әкеледі.
Кейін Жошы өледі. Жұрт оның үлкен ұлы Сайын қанға бұйырады. Оның билеген кезінде бұл жұртты Сайын қанның жұрты деп атайды».
Сартауылға қарсы соғыста біз Жошының үш нояны туралы ешқандай мәлімет кездестірмейміз. Бірақ, кеңестік академиялық ортада Бағаналы-Балталы рулары бір кездері Кетбұқа деп аталғандары алға тартылады. Соған қарағанда Кетбұқа екі рудың рубасы болып, Шыңғыс қаһан «бақан» мен «балта» таңбаларын таратқанына ұқсайды.
Құрылтайдан кейін Шыңғыс қаһан шығысқа аттаңғанда, Жошы Қыпшақта қалып, өз үлесінің шаруаларын ретке келтірумен айналысады. Ұлытауға көк туын тігіп, Ордасын, Кухистани айтып кеткен Қыпшақтың астанасы, Орда Базарға (Домбағұл – Ә. Марғұлан ) орналастырады. Кейін оғыздар мен қыпшақтардан қалған Сарай, Сарайлы және Турайлы сияқты қорған сарайларын орда орталықтарына айналдырады. Сол жылдары Кендірлік өзенінің бойында бүгін Жошы ордасы атанып кеткен қорған қабырғалары жоқ зәулім сарай тұрғызады.
Жошының ордасы қан мен оның жанұясынан, сансыз қатын, бала-шағасынан, орданы қорғайтын әскерден, төрекүт (туленгут – орысша), шет мемлекеттерінің өкілдерінен, діни миссионерлерден құралған. Олардың бәрі қазіргі Белең ана, Талмас ата, Болған ана, Шотқара, Жошы ордасы, Келінтам (Хан аралы), Ақсай (Ескі хан ордасы), Домбағұл (Орда Базар, «Орда қоңған, Алаша хан» ), Басқамыр, Ортақамыр, Аяққамыр деген сарайларда орналасқан.
Шыңғыс қаһанның бұйрығына сәйкес Жошы ордасының қауіпсіздігі Кетбұқаның сенімді гвардиясына жүктелді. Ол гвардия екі сапыдан құралған: бірі орда шаңырағының тірегі ретінде қаралып, уәзір қызметін, салық жинау, қазынаға ие болу, құжат айналымын қадағалау және сот билігін қолына ұстау жұмыстарын атқарғандықтан, бақан таңбасы беріліп, Бағаналы атанды; екіншісі, қолына қару ұстап, орданың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, мемлекет ішіндегі немесе әскери сапарда жүрген қанның соңынан еріп, қан сапарға кеткен кезде орданы қорғау жұмыстарын ұйымдастырып, балта таңбасына ие болып, Балталы атанып кетеді. Кейін сол Найман гвардиясының ұрпақтары өздерін Бағаналы және Балталы руы деп атап, дербес тайпаларға айналған.
Ру-тайпалардың ие болған таңбалары сол елдің тарихын түсіндіруге көп үлес қосады. Әр қазақ руының ерекшелігі таңбаның мәнімен түсіндіріледі. Таңба киіз туырлы елдің арасында мал-жанның жеке меншіктігін белгілеп, ата-бабалар жерленген қорымдарда басындағы тасқа қашалып, жер пайдалану иелігін айқындап отыратын заңнамалық тәсілдің бір түрі болған.
Таңба мен ұран күллі түрк елдерінің тарихында әскери сапты түзеуге, ата-текті ажыратуға, мал-мүлікті заңдастыруға және жер иелігін бір тәртіпке келтіруде халықтың өмірінде аса зор рөл атқарған. Тіпті бүгін символикаларсыз мемлекеттің жоқтығы, ұран мен таңбаның (герб) Европаға сонау сақтар, кейін күнділер таратып, мемлекеттік дәстүрге айналғанымен түсіндіруге болады.
Читать дальше