Назкен Келжанова - Төрт елдің төрт әні. Аударма жинағы

Здесь есть возможность читать онлайн «Назкен Келжанова - Төрт елдің төрт әні. Аударма жинағы» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Жанр: Поэзия, Альтернативная история, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Төрт елдің төрт әні. Аударма жинағы: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Төрт елдің төрт әні. Аударма жинағы»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Бұл жинаққа ағылшын, француз, испан, неаполитан елдерінің әндерінің аудармасы енгізілді. Автор өз түсіндірме мақалаларымен бұл әндерді аударған себебін түсіндіреді.

Төрт елдің төрт әні. Аударма жинағы — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Төрт елдің төрт әні. Аударма жинағы», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Төрт елдің төрт әні

Аударма жинағы

Назкен Камидоллаевна Келжанова

© Назкен Камидоллаевна Келжанова, 2018

ISBN 978-5-4493-9715-7

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

Кіріспе

«Айтпасаң, сөздің атасы өледі» немесе «айтылмай қалған сөз жетім» демекші, «Абай атамыз сияқты «пайда ойламай, ар ойлап», Қадір Мырзалиев атамыз айтқан ана тіліміз арымыз болып, ұятымыз бетімізде тұрса, өзге тілдің бәрін біліп, өз тілімізді құрметтеген парыз. Сонда басқа жұрт та тілің сондай күшті деп, сенің тіліңде сөйлеуге тырысады.

Тарихқа көз салсақ, кез келген дамыған ел даму сатысының шарықтау шегіне жеткенде, «дегенерацияға» ұшырап, қайтадан кері қарай құлдырай бастайды екен. Қазіргі қоғамның басынан өтіп жатқан «дегенерация» процесін «көрдемшенің қасіреті» деп бір ауыз сөзге сыйдырып айта алған, сөзі «мірдің оғындай», жаңа заман әдебиетінің айнасы, шетелге танымал белгілі жазушы Сауле Досжан шетелде болатын бір ауыз сөйлеммен жазылатын романның сайысына қатыса қалса бірінші орын емес, гран-при ұтып алатындай дәрежелі жазушы екенін айта кеткеніміз артық болмас.

«Дегенерация» процесі кезінде халықтың алдында екі жол ғана тұрады екен. Біреуі азып-тозып жойылу, екінші жол «Рухани жаңғыру». Екінші жолға түсу үшін халық қан тазалығын сақтау керек. Қазақтар қан тазалығын сақтап қана, текті ұрпақтың күшімен ешкімнен жеңілмей, осы уақытқа дейін кең байтақ жерін қорғап қала алды. Текті ұрпақтың белгісі – біреуіне мың адам қарсы келсе де жеңіп кететіндігінде екен. Қазақта «білімді-мыңды жығады» деп өнер-білімге аса мән бергенін, дамудың шарықтау шегіне 20-ғасырдың басында-ақ жетіп болғанын қазақ жазушыларының шығармаларынан көруге болады. Жеке алып қарасақ, Әлихан Бөкейханов жеті тілде таза сөйлесе, Мұстафа Шоқай Францияны қазақша сөйлеткен. Оның тілінің тәттілігіне тәнті болған француздар қазақша сөйлеші деп жалынып отырады екен. Сол кезде Мұстафа Шоқай сөз алып, ортаға шығып, өз сөзін бірінші қазақша айтып, сосын оның мағынасы қалай болатынын ашып айтып бергеннен кейін, жанында жүрген достары тез арада қазақша сайрап кетіпті. Ол атамыз да жеті тіл білген екен. Неге жеті тіл деген сұрақтың жауабын қазақтың «жеті түрлі ілім біл, жеті жұрттың тілін біл», деген өсиет нақыл сөзінен көруге болады. Қазақтар бұрын балаларын жеті түрлі бағытта білім алуға тәрбиелегенін және олар өз ана тілінен басқа көршілес жеті елдің тілі: араб, парсы, қытай, үнді, орыс, француз, ағылшын тілдерін білгені белгілі.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» аясындағы ұстанған көреген бағыты қазақтарды шетелдің кездескен қиындықтарына ұшыратпай, тура жолмен қарыштап дамуға апаратыны осыдан-ақ көрінеді. Бұрыннан Президентіміз айтып келе жатқан үштілділік мәселесі де осы бағдарлама аясында жүзеге асуда.

2016 жылғы ақпан айынан бастап сенат депутаты Дариға Назарбаева ханым да төртінші тіл көршілес қытай тілін оқу керектігі туралы да баса айтып жүрген болатын. Содан бері қытай тілін өз бетінше үйреніп жүрген жастар көбейіп келеді.

Неге басты төрт тілді біліп алуымыз керек? деген сұрақ әркімнің көкейінде тұрған сұрақ.

Бірінші, қазақ тілін білсеңіз, сіз түркі тектес он шақты халықтың тілін түсіне аласыз, өйткені, қазақ тілі – түркі тілдерінің негізі.

Екінші, орыс тілін білсеңіз, он бес ұлтты біріктірген бұрынғы Кеңес одағының халықтарымен еркін сөйлесіп, алыс және жақын шетелде еркін жүре аласыз.

Үшінші, ағылшын тілін білсеңіз, ол халықаралық ғылым тілі. Оны білген халықтар дүниежүзілік ғылыми жаңалықтың бәрінен хабардар болып отырады.

Төртінші, қытай тілін білсеңіз, техникасы және технологиясы күн санап дамып бара жатқан алпауыт үш елдің (Қытай, Оңтүстік Корея, Жапон) технологияларын тезірек игеруімізге мүмкіндік туады, өйткені Қытай тілі – осы үш елдің тілдерінің негізі болып табылады.

Егер өскелең ұрпақ осы негізгі төрт тілді білсе, елу елдің тілін түсіне алатын жағдайда болады. Бұдан дамыған елу елдің басқы қатарына ілінуіміздің тілге де тікелей қатысты екені көрінеді.

«Махаббатым қайда екен?» әнінің шығу тарихы

Бұрын қазақтар қыз баланы «киелі» деп қадірлеп, «киесі ұрады» деп қорқатын болған. Қыз баланы сыйлап, оны қай жерде де төрге отырғызған. Әдемі гүл тәрізді күтіп, баптап, жан-жақты дамуына жағдай жасап, қабағына қарап, көңіліне қаяу түсірмеуге тырысқан. «Отырған қыз орнын табады» деп махаббатын әйтеуір бір кездестіретіне қыздарын сендіре білген.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Төрт елдің төрт әні. Аударма жинағы»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Төрт елдің төрт әні. Аударма жинағы» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Төрт елдің төрт әні. Аударма жинағы»

Обсуждение, отзывы о книге «Төрт елдің төрт әні. Аударма жинағы» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x