Мұхтар Бақытұлы - Мақалалар жинағы

Здесь есть возможность читать онлайн «Мұхтар Бақытұлы - Мақалалар жинағы» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Жанр: История, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Мақалалар жинағы: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Мақалалар жинағы»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Кітапта автордың әр-түрлі тақырыпта өлкетанушылық бағытта жарыққа шығарған мақалалары жинақталған. Кітап Ұлытау өлкесінің тарихын білгісі келген оқырманға арналады.

Мақалалар жинағы — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Мақалалар жинағы», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Бағаналы-Балталы этнонимы Адам баласының есімінен емес, Жошы ордасына ие болған екі жасақтың атқарған рөлі бойынша берілген таңбалардан шығады. Адам есімінен шыққан ру атаулары қашанда өзгеріп отырған. Жеті атадан кейін ру халық санына байланысты және басқа жерге қонысын аудару себепте, немесе тағы басқа демографиялық жағдайға байланысты өз атауын жоғалтып, басқа этноним қабылдап кететін де жәйттар болғаны тарихта белгілі.

Мысалы, ХІХ ғасырда Бағаналының бір болысы Қызылтаз руы деп аталса, ХХ ғасырдың басында Қожас, Сарғалдақ, Ақтаз болып құралады. Өз кезегінде Қожас руының ішінен – Боран-Тілес, Жаңғабыл, Жылкелді, Аманғұл, т.б. көптеген ру атаулары пайда болған. Ал, Бағаналы және Балталы этнонимдері сонау ХІІІ ғасырдан бері өз атауын жоғалтпай келеді.

Енді қайта тарихнамаға оралсақ, ХV ғасырда жазылған «Шаджарат ал-атрақ» (Түрк шежіресі) атты еңбекте ордаға жақын уәзірлердің бірі Ұлық Жыршының Шыңғыс қаһанға Жошының өлімі туралы қара хабарды жеткізгені туралы айтылады. Ұлық Жыршы мен Кетбұқа бір адам екенін кейбір зерттеушілер шегелеп айтады. Олай болса, қара хабарды жеткізген Кетбұқа екені айдан анық.

Ел аузындағы аңыздар бойынша Жошы қан құлан аулап жүріп, мерт болғанда, осынау қаралы хабарды Шыңғыс қаһанға естіртуге ешкімнің батылы бармаса керек. Сонда Кетбұқа жырау: «Қаһан ием, қайнар көзі лайланған теңізді кім тазартар? Түп-тамырымен қопарылған ағашты орнына кім қондырар?» – деген сауалдар қою арқылы әміршіні қаралы хабарға іштей дайындап алып, оның ұлы Жошының өлімін «Ақсақ құлан – Жошы қан» күйін орындау арқылы жеткізген дейді аңыз.

Күй тартылып біткен соң, қаһарына мінген қаһан Кетбұқа жырауды жазалауға шешім қабылдайды. Алайда қайғылы хабарды домбыра жеткізгендіктен, сол домбыраға ыстық қорғасын құюды бұйырады. Осылайша домбыраның беткі жағында кішкентай саңылау пайда болыпты -мыс. Бұдан домбыра іске аспай қалған жоқ, керісінше, оның үні күшейе жаңғырып, көркейе түсті.

Кетбұқаның «Ақсақ құлан – Жошы қан» күйі мен оның орындалуы алдында оқылған өлең жолдары бізге жетті. Оны естіген Шыңғыс қаһан көне түрк тілінде жыр айтады:

Құлын алған құландай құлынымнан айырылдым

Айрылышқан аққудай ер ұлымнан айырылдым.

Бұл сөздер айтылғаннан соң ордадағы бүкіл әмірлер мен нояндар көңіл айтып, даустап жоқтау айта бастапты.

Осы тарихи көзінен тағы бір жаңалықты байқауға болады. Бұл жерде Ұлық Жыршы Шыңғыс Ордасының, яғни Қарақорымның уәзірі болып көрсетіледі. Соған қарағанда бұл Жыршы Жошы Ұлысында болып жатқан жағдайларды қадағалап Шыңғыс қаһанға жеткізу істері бойынша жауапты уәзір болуы тиіс. Жошының көзі тірісінде Қарақорымнан алшақтап, егемендікке бой алу шараларына қатысты Кетінің көз қарасы қалай болғаны да зерттеуді талап етеді.

Кетбұқаның ерекше қадірленген әскери абыройы Европаға жасалған жорықта тагы бір асқақтады. Әскери жасақтарды Ұлытауда дайындау іс шараларынан бастап Орыс, Бұлғар, Шеркес жерлерін жаулап Андриатика теңізіне жеткенге дейін Кеті қатысқаны туралы біз ешқандай дерек кездестірмейміз.

Кетбұқаның Құлағу мен бірге Батыс Азияға аттаңған жорығы туралы Рашит ад-Дин әр күніне дейін суреттеп жеткізген. Л. Н. Гумилевтың «Черная легенда» атты еңбегінде былай деп жазылған: «Жасақ жүретін жолдардағы мал жайылымдарын таптатпау үшін бұл жерлердегі көшпелі елдерге басқа қоныстар берілді. Өткел бермес өзендерге қалқыма көпірлер салынды. Ұзақ жолда бұзылмайтын азық-түлік дайндалып, Қытайдан қамал бұзатын қарулар жасайтын көптеген мамандар алдырылды. Асықпай қозғалған жасақ 1256 жылдың қантар айында ғана Әмударияның сол жағасына өтті. Әйтсе де, олар 1256 жылдың соңына қарай исмаилиттердің Ирандағы барлық қамалдарын жойып, 1257 жылдың ақпанында Бағдатты алды».

Ортағасырлық деректер бойынша Құлағудың әскері күллі мыңғол әскерінің 1/5 құрады. Таяу Шығысқа ұйымдастырылған жорықтар кезінде Құлағудың шешімдер қабылдауына бәйбішесі Тоғыз-қатын ықпал еткені белгілі. Ол Керей елінің қызы және Кетбұқадай несториандық дінін берік ұстанған еді. Сондықтан, қандай сұрақтар болмасын, Кетбұқа өзінің жоспарларын Тоғыз-қатын арқылы Құлағуға орындатып отырды. Мысалы, Бағдатты алған кезде, көпке дейін берілмеген жергілікті тұрғындар Шыңғыс қаһанның «Жасағына» сәйкес түгел өлім жазасына кесілгенде, арасындағы христиандарды Кетбұқа мен Тоғыз-қатынның өтінішімен Құлағу кешіріп, аман қалдырады.

Бір жерде жалпы әскер саны жеті түмен болды десе, басқа жерлерде 12 мың болғаны жазылады. Түменбасылардың қатарында Құлағудың өзі, Орда Еженнің баласы Құли қан, 17 17 Құли қан – Орда Еженнің баласы, Ұлытау өңірінің тарихына тікелей қатысы бар тұлға. Құлидің бәйбішесі Белең-қатын, қанның өлімінен кейін, қазіргі Сарысу өзенінің аяқ жағына орналасқан қалаға ие болып, Белең ана аталған. Құлидің ұлы Тума қанның әйелі, татардың Сақал ноянның қызы Болған-қатын Қаражардағы сауда орталығына ие болып, сол жерде жерленген. Оның кесенесі әлі күнге дейін сақталып, археологиялық құндылыққа айналды. Шейбанның баласы Балқа, Жошының немересі Тұтар, Шыңғыс қаһанның немерелері Тоқтар, Бура қан, Қатаған. Сол әскерлердің құрамына, дәлірек айтқанда Құли қанның түменіне, Кетбұқа ғо уаңның Балталы-Бағаналы жасағы да еңді.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Мақалалар жинағы»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Мақалалар жинағы» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Лусі Мод Монтгомері - Джейн з Ліхтарного Пагорба
Лусі Мод Монтгомері
Владимир Тучков - Жинатый
Владимир Тучков
Олена Волинська - Повелителька ліхтарів
Олена Волинська
Отзывы о книге «Мақалалар жинағы»

Обсуждение, отзывы о книге «Мақалалар жинағы» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x