1 ...7 8 9 11 12 13 ...18 Ру мен тайпалық таңбаларды зерттеулер, сол таңбаға ие болып отырған елдердің тарихын ашуға үлкен көмек береді. Таңбалардың мән-мағынасын А. Левшин, Ш. Уәлиханов, Л. Мейер, А. Харузин, Н. Аристов, М. Гродеков, М. Тынышбаев, С. Аманжолов және тағы басқа зерттеушілер ашуға көп күш жұмсады. Таңбаның пайда болу себептерін іздегенде ғылымда неше түрлі көзқарастар қалыптасты.
Таңбалар Адам баласының тарихында қай кезеңнен бастауын алды деген сұраққа әр ғалым өз пікірін келтіреді. В. Радлов күллі Түрк еліне таңбалар қолданысқа Оғыз қанның баласы Күн қаннан бастап еңгенін айтса, М. Иванин мен А. Харузин таңбалар мен ұрандарды алғашқы болып Шыңғыс қаһан таратқан дейді. Ал Л. Мейер болса, таңбаларды малға белгі салу мақсатында қазақ руларына Тәуке қан таратып берген деп түсіндіреді. 15 15 Қазақ ру-тайпаларының тарихы. 2008 ж., 96-бет.
Қалай болғанда да, біздің мақсат зерттеушілердің дискуссиясына қатысу емес, тек Бағаналы-Балталы елінің шығу тегін табу және қоғам болып қалыптасуын түсіндіру. Сол себептен, біз бірден таңбамызды сипаттауға көшкенді жөн көрдік. Бағаналы мен Балталының таңбалары әртүрлі зерттеушілерде келесі кестедегідей келтіріледі:
Зерттеушілердің көбісі бізге Бағаналының төрт таңбасы туралы ақпарат береді. Бұл жәйтта тайпаның төрт рудан құралғанын байқауға болады. Олардың қатарында бағаналылардың өзімен бірге араға сіңіп, немесе бірге тіршілік қылған төрелерді де көреміз. Оған дәлел ретінде Қаныш Сәтбаевтың 1927 жылы Қарсақбай ауданы туралы жазған мақаласын алуға болады. Ол мақалада қазақтың тұңғыш академигі Бағаналының құрамындағы үш ру туралы және олардың шыққан тегіне көз салып жазады.
Осы кезде атап өтерлік мәселе Кеті-бұқаның Шыңғыс қаһанның мыңқолы болып әскер қатарына қосылуы болып табылады. Бұл жерде біз екі пікірді қарастырғанымыз жөн: біріншіден, Кеті Жошының замандасы болып, саяси сахнаға 1206 жылы шыққан. Ол жағдай Найман елі бодан болғаннан кейін екі жылдан кейін болған. Сол уақыт аралығында наймандардың арасынан Кеті сияқты мыңқолдар іріктеліп алынған; екіншіден, бақанға ие болған ру қияттардың (қайлардың) құрамында ежелден қызмет жасап келе жатқан сенімді де адал қан әулетінің шаңырағын тіреуші ру. Олар ол қызметті Оғыз заманынан атқарып, Домбауылдың (Добұн-мерген ауылы) қарамағында болған ру.
Соңғы кездерде, әсіресе XVIII – XX ғасырлардағы бейіт басындағы тастарда Бағаналының Y –«бақан» таңбасы жиі кездеседі. Ал «айыр» қазақ тайпаларына төрелік еткен Шыңғыс қаһанның ұрпақтарына, немесе билік символына тиесілі екені мәлім. Сондықтан, М. Тынышпаев пен М. Гродиковтың деректері бойынша Бағаналының өзі Жошы ордасында төрт әр түрлі міндетті атқарған топтардың біріккен қауымы екенін көруге болады. Оның ішінде төрелер де бар. Ал Балталы қашанда тек бір таңбаға – P«балтаға» ие болған.
Осы келтірілген Бағаналы мен Балталы тайпаларының таңбаларын сипаттай отырып, біз келесі қорытындыға келеміз:
1) Балталы және Бағаналы рулары адамның есімімен емес, Шыңғыс қаһанның Құнан Мөңке, Мүңгуір және Кеті мыңқолдарға үлестірген таңбалармен аталған. 16 16 Моңғолдың құпия шежіресі. «Өнер» баспасы, 2009 ж., 160-бет. Автобиография Тимура. Богатырские сказания о Чингиз-хане и Аксак Темире. «Академия», М., 1934 ж., 268-270-беттер.
2) Таңбалар әр мыңқолға өздерінің атқаратын міндеттеріне сай берілген және рулардың тайпадағы орны мен жолын көрсетеді.
3) Сол міндеттер бойынша Бағаналы – «айыр», Y, У, Х, ал, Балталы- Pтаңбаларына ие болған.
4) Таңбалар мал-мүлкі мен жер иелігін белгілейтін бір заңнамалық мағынада қолданылған.
5) Таңбалар бізге тарихты зерттеуге маңызды ақпарат береді.
Өкінішке орай, орта ғасырлық дерек көздер тек ірі тайпалардың этнонимын, немесе билік басындағы тұлғалардың іс-әрекеттерімен ғана шектеліп, жалпылама ақпарат береді. Демек, қазақта сақталған шежіре, терең зерттелген тарихнамалар бізге едәуір мүмкіндік беріп, осындай тұжырымдамаға әкеледі.
Трайбализмге ауып кетерміз деген күдік, қанға сіңіп кеткен кеңестік интернационалистік тәрбие бүгінгі ұрпақтың өз тайпалық және рулық шежіресін ұмытуға әкеліп соқты. Сондықтан, біздің осы кітап арқылы қойып отырған мақсатымыз, көне заманынан келе жатқан шежіре тарқату дәстүріне сай, ең болмаса қазақ руларының ішіндегі Жылкелді руының шыққан тарихын оқырманға мүмкіндігінше кеңірек ашып беру болады.
Читать дальше