Асанбеков Қазыбай
Асанов Жүсіп(1909, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Қаракеңгір болысы, №1 ауыл – ө.ж.б.) – ағартушы-ұстаз. Әке-шешесінен ерте айырылған ол әкесінің ағасының қолында тәрбиеленеді. Бастауыш мектепті (1925), Атбасар қаласындағы ауылшаруашылығы мектебін (1928), Қарағанды мемлекеттік мұғалімдер институтын (1951) бітірген. 1928—1941 жылдары қазіргі Ұлытау ауданының аумағында «Шашты» серіктестігінің №15 ауылында, Қарсақбай, Жезқазған кенттерінде бастауыш мектеп мұғалімі, әрі меңгерушісі, мектептегі мұғалімдік қызметімен қатар аудандық халық-ағарту бөлімі инспекторының міндетін қоса атқарды. 1941—49 жылдары Жезқазған аудандық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі болды. Кейінгі жылдары Рудник кентінде, Жезқазғанда орта мектеп, жұмысшы-жастар кешкі мектебін басқарды. Асанов Ұлытау – Жезқазған өңірінде тұрғындардың сауатсыздығын жоюға, білімін, мәдени дәрежесін көтеруге, тау-кен өндірісіне керекті білікті жұмысшылар, инженер-техниктер дайындауға үлес қосты.
Асанов Жүсіп
Атбасар түсті металдар тресі(Атбасцветмет) – 1925 жылы 10 маусымда Еңбек және Қорғаныс кеңесінің арнаулы қаулысымен ұйымдастырылған. КСРО Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесіне қарасты Главметалл басқармасының өндірістік-аумақтық құрылымы. Трест құрамына Спасск комбинаты, Қарағанды көмір кендері, Өспен мыс кеніші, Спасск мыс қорыту зауыты беріледі және салынып жатқан Қарсакбай мыс зауыты, Байқоңыр қоңыр көмір кені, Жезқазғандағы мыс кеніштері қаратылады. Трестке осы өңірдегі Қарсақбай мыс зауытын қайта салып, жедел мерзімде іске қосу жүктелді. Соған орай тиісті қаржы, тасымал құралдары және жабдықтар босатылды. Бірақ тасымал құралы негізінен ат пен түйе қомы болып қалды, жұмыскер күші де сайын даланың негізгі тұрғындары арасынан қабылданды, тек инженер-техниктер ғана КСРО-ның әр түкпірінен, шетелден шақырылды. Трестің басқармасы 1925—29 жылдар аралығында Мәскеуде, Рождественка көшесіндегі 8-үйде орналасты. Трестің басқарма құрамына Н.С.Дыбец (төраға), И.И.Левинсон, Л.И.Игнатьев және Қазақстан өкіметінің өкілі 1926 жылы 1 қарашадан Қ.И.Сәтбаев кірді. Кейінірек басқарма төрағалығына К.И.Бронзос сайланды. 1927 жылы 8 ақпанда трест басқармасының мәжілісінде Қ. Сәтбаевтың шұғылданатын жұмыс көлемі анықталды. Оған тау-кен және геология мәселелерінің техникалық жағына, еңбек экономикасы мен қазақ жұмысшыларының тұрмысына қатысты мәселелерге, олардың мамандығын, жалпы және кәсіптік – техникалық оқытуға және т.б. басшылық ету жүктелді. 1929 жылдың күзіне таман «Атбасцветмет» тресінің басқармасы таратылып, оның орнына жеке басқару жүйесі еңгізілді. Көп ұзамай трест пен Қарсақбай мыс комбинаты біріктіріліп, Қарсақбай мемлекеттік мыс комбинаты құрылды.
«Атбаcтүстімет» тресінің басқарма мүшелері
Ахметов Досмағанбет(1905, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Ұлытау өңірі – ө.ж.б.) Қарсақбай мыс қорыту зауытының байыту фабрикасында отыз жылға жуық еңбек еткен. Бастауыш білімі бар. Коммунистік партияның мүшесі. Байыту фабрикасына қара жұмыскер, подкатчик, фильтровщик, классификаторщик, флотатор, слесарь болып істеген. Өндірістің барлық буынында жетекші мамандықтардың бәрінде маңдай терін төгіп, мол тәжірибе жинақтаған. Ахметов 1943 жылы қарашада ауысым шебері болып тағайындалып, бұл жауапкершілігі үлкен міндетті зейнеткерлікке шыққанша абыройлы атқарған. Цех ұжымын өндірістік тапсырманы орындауға және асыра орындауға жұмылдыра білген дарынды ұйымдастырушы ретінде танылды. Еңбек Қызыл Ту орденімен (1949), «1941—1945 Ұлы Отан соғыс жылдарындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен, «Кеңестік Қазақстанға 20 жыл» төсбелгісімен марапатталған. Түсті металлургиядағы социалистік жарыстың үздігі.
Ахметов Мақпұл, Сәтжан – Ұлытау өңіріне танымал ерлі-зайыпты тұлғалар. ХХ ғасырдың 10—20 жылдары Ақмола облысы, Атбасар уезі, Қумола, Дүйсембай өзендерінің бойында дүниеге келген. Екеуі де 1939 жылы Жезқазған кенішінде шахтада жұмыс істеп жүргенде күлкі-көңілдері жарасып, отау көтереді. 1941 жылы Мақпұл байыту фабрикасынада, Сәтжан орталық электр станциясында жұмыс істейді. 1956 жылы СОПК мал шаруашылығы өнімдерін өндіруден АҚШ-ты қуып жетіп, басып озу туралы ұран тастайды. Аудандық партия комитеті біраз зауыт жұмысшылар-қызметкерлерін, олардың ішінде Ахметовтер бар жаңадан құрылып жатқан «Қарсақбай» кеңшарына жұмысқа жібереді. Ерлі-зайыптылар бір отар қой алады. Қозыны егіздетіп, қойды семіздетіп, жоғары өндірістік көрсеткіштерге жетіп, социалистік жарыста әрдайым алда жүреді. Отағасы Мақпұл зейнеткерлікке шыққанда, аға шопан таяғын жұбайы Сәтжан алады. Екеуі де Еңбек Қызыл Ту ордендерімен (1966, 1973), Мақпұл «Ерлік еңбегі үшін. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» (1971), Сәтжан «Ерлік еңбегі үшін» (1976) медальдарымен марапатталған. Коммунистік еңбек екпіндісі Сәтжан Бүкілодақтық Халық шаруашылығы жетістіктері Көрмесінің Бас Комитетінің қола, күміс, алтын медальдарымен марапатталған. Ахметов Мақпұл 1990 жылы, Сәтжан 2009 жылы дүниеден өтті.
Читать дальше