Кенебаев Нарымбай(1903, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Жезді болысы, Бала Жезді ауылы – 1988) – Қарсақбай зауытына еңбегі сіңген металлург. Еңбек жолын Қарсақбай комбинатында озат паровоз машинисі болған Даяр Мырзатовқа көмекші болып бастаған. ІІ дүниежүзілік соғысы кезінде металлургтер Қамен Сейтенов пен Мұхмет Қошановтың ауысымдарында фурмашы болып еңбек еткен. Зуыттың шарпу және конвертор пештерін жөндеуге қатысқан. Мерекелердің құрметіне көтерілетін зауыттың 100 метрлік зәулім тұрбасының ұшар басына ту ілушінің бірі болған.
1955 жылы зейнет демалысына шықты. Кенебаев шежірені жетік білетін. Ата-бабалары, Сағындық батыр жайлы үлкендерден естігендерін жадында сақтап, жүйеге келтіріп, өсіп келе жатқан жасөспірімдерге айтып отырған. Өзінің зерделілігімен жұртты таңқалдыратын. Атбегілік өнері жүйрік ат ұстауымен көрінген. Бәйгеге ат қосып, жаратқан күреңі аудан орталығы Қарсақбайда өткен мерекелік тойлардағы жарыстарда бірнеше рет бірінші болып келген.
Кенебаев Нарымбай
Өндірістік тапсырмалардың асыра орындалуына байланысты КСРО-ың «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен, түсті металлургия министрлігінің және зауыт басшылығының мақтау қағаздарымен марапатталды.
Сейітбаттал Кенебаев.
Кеңгірлаг (СтепЛАГ) – Лагерь 1940 жылы 1 сәуірде жұмысын бастап 1957 жылы жабылды. 1940 жылы Кеңгір өзенінің жағасында «Жезқазған лагері және КСРО ІІХК ГУЛАГ-ның комбинаты» құрылды. 1943 жылы Үлкен Жезқазғанның бөлімдерінің бәрі ІІХК-ның қарауына беріліп, ол «ІІХК Жезқазған еңбекпен түзеу лагерь-комбинаты» деп аталды. 1947 жылы №4 Ерекше лагерь немесе СтепЛАГ деп аталды. 1942 жылы 1 қаңтарда лагерьде 140 тұтқын ұсталды. Сотталғандар негізінен кінәсіз жұмысшылар, колхозшылар, инженерлер, дәрігерлер және ІІХК тізімімен құрылысқа, шахталарға еңбек күші керек болғандықтан қамалған адамдар болды. Соғыстан кейін лагерьге 12 мың кеңес тұтқындарына 8 мыңға жуық соғыста қолға түскен немістер мен жапондықтар келіп қосылды. Лагерь төрт негізгі бөлімшеден тұрды: Кеңгір, Жезқазған, Жезді және Қарсақбай бөлімшесі.
Классендер әулетіҚарсақбай мыс қорыту зауытының байыту фабрикасынан бастау алады. Әулет басы Классен Карл Карлович 1929 жылы туған. 1945 жылы Қарсақбайда фабрика-зауыт мектебін бітірген. 1945—1963 жылдары байыту фабрикасында классификаторшы болып істеген. Техникалық сауаты мықты, ісіне байсалды жігіт болды. 1960 жылдың қараша-желтоқсан айларында К.К.Классеннің озат тәжірибе мектебі жұмыс істеді. Онда өз қалауымен 20 классификаторшылар мен флотаторлар оқыды. Озат байытушының жұмыс әдістері мен тәжірибесін оқып-үйрену концентраттың көлемі мен сапасын жақсартуға қолайлы әсерін тигізді. 1963 жылы Қарсақбай байыту фабрикасының жабылуына байланысты К.К.Классен Жезқазғандағы №2 байыту фабрикасына жұмысқа ауысып, мұнда 2007 жылы зейнеткерлікке шыққанша үзбестен технологиялық ауысымның бригадирі болып еңбек етті. «Құрмет белгісі» орденімен (1962), «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Қазақ КСР-інің құрметті металлургі. Жұбайы Валентина Тихоновна Казазаева, екі ұл, бес немересі, екі келіні Жезқазған байыту фабрикаларында әулеттің данқын сақтап, жемісті еңбек етіп жүр. Әулеттің байыту кәсіпорындағы еңбек өтелі 320 жыл.
Классендер әулеті
Князев Николай Сергеевич(1928, РКФСР, Орынбор облысы, Курманаевск ауданы, Тарпановка селосы – 2003, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қарсақбай кенті) 1936 жылы отбасымен Қазақстанға қоныс аударып, Қарсақбай жұмысшы кентіне келді. 1937—1945 жылдары №3 Қарсақбай орта мектебінде білім алды. Еңбек жолын Қарсақбай геологиялық барлау партиясында қатардағы жұмыскер болып бастады. 1955—1965 жылдары Целиноградтағы жол қатынасы техникумын сырттай оқып бітірді.
Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «ЛитРес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.