Иванишко Федор
Игібаев Уәлі(1902, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Ұлытау болысы – 1960, Қарағанды облысы, Жезқазған ауданы, Қарсақбай қалашығы) 1936 жылдың шілдесінен зейнеткерлікке шыққанша Қарсақбай темір жолында паровоз машинисі болып істеген. Жұмыста міндетін жауапты атқаратын, мамандығына жетік, үздік паровоз машинисі екенін көрсетті. Өндірістік нормасын ай сайын 110—115 пайыз асыра орындап отырды. Талай жастар Игібаевтін тәрбиесін көріп, тәжірибесін үлгі етіп, даңғайыр темір жолшылар қатарына қосылды. «1941—1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін» (1946), «Еңбекте үздік шыққаны үшін» (1949), «Ерлік еңбегі үшін» (1951) медальдарымен марапатталған. Игібаев адамгершілігі мол, жүрегі жылы, қол ұшын беруге дайын дара тұлға болатын. Торқалы тойда, топырақты өлімде шаруаның ортасында жүруші еді. Ақеділ ағаның сауапты еңбегіне қарсақбайлықтар дән риза болып жүрді.
Игібаев Уәлі
Казазаев Тихон Михайлович(1910, Ақмола облысы, – ө.ж.б.) – Қарсақбай мыс қорыту зауытында 1928 жылы 19 қазанда алғашқы мыс алуға қатысқандардың бірі. 1930 жылдың ақпанына дейін металлургиялық цехта горновойдың шәкірті болды. Осыдан соң 1932 жылға дейін кіші горновой, 1933 жылдың 2 наурызына дейін аға горновой, 1939 жылдың 3 қарашасына дейін шарпу пешінде шебері болып істеді. Ұлы Отан соғысы жылдары ауысым бастығы және шебері міндеттерін (30.06.1941—31.12.1947) біріктіріп атқаруды мойынына алды. 1948 жылы 1 қаңтарынан зейнеткерлікке шыққанша шарпу пеші бөлімшесінің аға шебері міндетін абыройлы атқарды. Коммунистік партия мүшесі. Бастауыш білімі бар, техминимумды ойдағыдай тапсырған. Өзінің кәсіптік білімін көтеруге ерекше мән берді, саладағы жаңалықтар мен озық тәжірибені өндіріске еңгізіп отырды, жас жұмысшыларға тәлімгер болды. «Түсті металлургиядағы социалистік жарыстың үздігі» төсбелгісінің иегері. Еңбек Қызыл Ту орденімен (27 қазан 1951), «1941—1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін», «Ерлік еңбегі үшін» (1949) медальдарымен марапатталған.
Казазаев Тихон
Кәсіподақтар жұмысы туралы1926 жылы 10—15 қазанда өткен Қарсақбай аудандық бірінші партия конференциясы арнайы қарар қабылдады. 1926 жылы мамырда 706 жұмысшы қызметкер еңбек етсе, қыркүйекте 1623 адам жұмыс істеді, оның 743-і Ресейдің орталық облыстарынан келген еді. Жезқазған кенішінің кәсіподақ мүшелігіне жұмыс істейтіндердің 90 пайызы тартылған.
Қарсақбай ЛКСМ аудкомының бөлім меңгерушісі Н. Жукова
1927 жылы Қарсақбай аудандық тау-кен жұмысшылары кәсіподағының бірінші конференциясы өтті. Есепті мерзімде капиталистік елдерде ереуілші кеншілерге көмек қорына 450 сом 24 тиын жиналған. 167 кәсіподақ мүшелері газет-журналдарға жазылған. Жезқазған кенішінде клуб пен «қызыл бұрыш», Байқоңырда «қызыл бұрыш» оқу бөлмесімен, Қарсақбайда 2500 кітап қоры бар кітапхана ашылды.
1928 жылы 1 қазанда Қарсақбай комбинатында 3716 адам жұмыс істеді, олардың ішінде жұмысшылар 2959. «Атбастүстімет» тресінің баяндамасы 1929 жылы 11 қарашада Москвада тау-кен жұмысшылары кәсіподағының орталық комитеті төралқасының мәжілісінде тыңдалды. Қабылданған шешімде социалистік жарысты өрістету, ұжым мүшелері арасында рационализаторлық және өнертапқыштық қозғалысты өрістету, өндірістік кеңестердің ролін арттыру міндеті қойылды. 1930 жылы мамырда социалистік жарыспен ұжымның 83 пайызы қамтылды, жалпы тиімділігі 300 мың сом рационализаторлық ұсыныстар өндіріске енгізілді. Келесі жылы зауытта өндірістік кеңестердің, рационализаторлар мен өнертапқыштардың ұсыныстарын іске асыру арқылы 1 млн 130 мың 661 сом үнемделіп, өнімнің өзіндік құнын 7,53% кемітуге мүмкіндік берді.
Кәсіподақтар жұмысшылардың демалысын ұйымдастыруға, ойын-сауық, мәдени-көпшілік, дене тәрбиесі және спорт шараларын ұйымдастыруға басты назар аударды. Отызыншы жылдардың басында Ұлытауда металлургтердің демалыс үйі ашылды. Онда жыл ішінде 600-дей жұмысшы-қызметкер дем алып, денсаулығын түзеді. 1938 жылы жазда «Ұлытау» кеңшары негізінде ұйымдастырылған пионер лагерінде 300-ден астам металлургтердің, кеншілердің, ұжымшаршылардың балалары демалды.
Читать дальше