Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар

Здесь есть возможность читать онлайн «Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Жанр: Прочая документальная литература, popular_business, Биографии и Мемуары, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Қарсақбай және қарсақбайлықтар: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Қарсақбай және қарсақбайлықтар»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

«Қарсақбай және қарсақбайлықтар» кітабы Қарсақбай мыс қорыту зауытын салу, өндірістік қуатын игеру және одан әрі дамыту тарихына арналған.Қарсақбай зауыты Қазақ елінің, Арқаның, Ұлытау өңірінің экономикалық және әлеуметтік дамуына игі ықпал жасады.Қарсақбайлықтардың 90 жылдық даңқты жолы, ұйымшылдығы мен жаңашылдығы, жоғары өндірістік мәдениеті мен тәжірибесі бүгінгі және ертеңгі ұрпақ үшін құнды мәдени-рухани қазына болып табылады.Кітап жалпы оқырманға арналған.

Қарсақбай және қарсақбайлықтар — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Қарсақбай және қарсақбайлықтар», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать
Есімбаев Мұқыш Есімбаев Мұса1910 Ақмола облысы Атбасар уезі Терісаққан - фото 58

Есімбаев Мұқыш

Есімбаев Мұса(1910, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Терісаққан болысы – 2002) Қарсақбай мыс комбинатының нан зауытында нан пісіруші болған. 1942 жылы 5 мамырда Жезқазған аудандық әскери комиссариаты 32 жастағы Есімбаевты әскер қатарына шақырған. 1942—1945 жылдары жаумен талай айқасты, небір қанқасап соғысты басынан кешірген. 1945 жылы 24 ақпанда ауылға ІІ топтағы мүгедек болып оралған. Айқас даласындағы жанқиярлығы, батырлығы үшін ІІ, ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, «1941—45 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және басқа медальдармен марапатталған. Бейбіт еңбекте де социалистік жарыстың талай рет жеңімпазы болған.

Есімбаев Мұса Жазықсыз құрбан болғандарБК б П Орталық Комитетінің 1937 жылы - фото 59

Есімбаев Мұса

Жазықсыз құрбан болғандар.БК (б) П Орталық Комитетінің 1937 жылы ақпан-наурыз Пленумында И. Сталин ұсынған социализм өз позициясын нығайтқан сайын таптық күрес шиеленісіп, күшейе түседі деген тезисі елімізде жаппай жазалау науканының басталуына негіз болды. Ол социализм iciнe берілген, оны саяси-идеялық және экономикалық жағынан нығайтуға үлес косып жүрген алдыңғы катардағы жұмысшыларға, инженер-техниктерге, ғылым, онер, партия және мемлекет қайраткерлеріне оқтай тиді. Бұдан Қарсақбай да шет қалмады. Біз төменде жазықсыз жазалағандардың тізімін беріп отырмыз. Олардың ішінде Жоғары сот орындарына ізденіп, майдан даласында айып батальондарға адал қызмет етіп, бірен-саран ақталғандар да бар.

Аменов Ерғали, 1908 жылы Қарағандыда туған, Қарсақбай мыс фабрикасының флотаторы. Ішкi Істер Халық Комиссариатының (бұдан әpi IIXK) Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштiгi 1937 жылы 31 қазанда ату жазасына кескен.

Беласқанов Смайыл 1885 жылы Қарсақбай ауданында туған, комбинаттың «Ұлытау» кеңшарының моторисі. IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігi 1937 жылы 11 қарашада ату жазасына кескен.

Баржаксынов Хакім 1896 жылы Қарсақбай ауданының 9-ауылында туған. Байкоңыр көмір ошағының десятнигі. IIXK Қарағанды облысы басқармасыныц үштігіi 1937 жылы 1 қазанда ату жазасына кескен.

Бірәлинов Ағайдар 1929 жылы Қарсақбай ауданының 9-ауылында туған. Қарсақбай комбинаты №18 шахтасының откатчигі. IIXK Қарағанды облысы басқармасының үштігі 1937 жылы 1 қазанда ату жазасына кескен.

Федчук Юстаниан Викторович 1904 жылы Польшада туған, Жезқазған кентіндегі кірпіш зауытының нормалаушысы, IIXK №599 хаттамасы бойынша 1937 жылы 22 желтоқсанда ату жазасына кесілген.

Кетебаев Әлібай Қарсақбай ауданының 8-ауылында туған, Карсакбай мыс зауыты электр (силовой) орталығының қазан тазалаушысы, IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігі 1937 жылы ату жазасына кескен.

Ахметбеков Бақберген 1907 жылы Қарсақбай ауданының 6-ауылында туған. «Жезқазған» кенішінің партком хатшысы. ІІХК Қарағанды облысы бойынша баскармасының үштігі 1938 жылы ату жазасына кескен.

Батырбеков Шахілияс 1904 жылы Қарсақбай ауданында туған. Қарсақбай кентіндегі орта мектеп мұғалімі. IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігі 1938 жылы 22 қазанда ату жазасына кескен.

Баймағанбетов Құрмансейіт 1897 жылы Қарсақбай ауданында туған. Қарсақбай ауаткомының төрағасы. IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігі 1938 жылы 28 қазанда ату жазасына кескен.

Бауман Александр Августович 1891 жылы Волын облысында туған. Латыш. Қарсақбай мыс комбинаты механикалық цехының токapi. IIXK Қарағанды облысы бойынша баскармасының үштігі 1938 жылы 5 қазанда ату жазасына кескен.

Горбенко Иван Данилович 1886 жылы туған, Қарсақбай кентінің тұрғыны, Қарсақбай мыс комбинатының бухгалтері, IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігі 1938 жылы 7 шілдеде ату жазасына кескен.

Жаманбаев Әбдунағым 1908 жылы Қостанай облысы Жетіқара ауданында туған. «Байқоңыр» кенішінің партком секретары. IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігі 1938 жылы 14 ақпанда ату жазасына кескен.

Волошин Дмитрий Антонович 1888 жылы Киев губерниясында туған, Қарсақбай мыс комбинаты механикалық цехының бастығы, КСРО Жогары Соты Әскери Коллегиясы 1938 жылы 8 наурызда ату жазасына кескен.

Егистаев Асанхан 1895 жылы туған, Қарсақбай кентінің тұрғыны, Жезқазған кентіндегі электр станциясының слесарі, IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігі 1938 жылы 21 ақпанда ату жазасына кескен.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Қарсақбай және қарсақбайлықтар»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Қарсақбай және қарсақбайлықтар» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Қарсақбай және қарсақбайлықтар»

Обсуждение, отзывы о книге «Қарсақбай және қарсақбайлықтар» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x