Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар

Здесь есть возможность читать онлайн «Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Жанр: Прочая документальная литература, popular_business, Биографии и Мемуары, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Қарсақбай және қарсақбайлықтар: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Қарсақбай және қарсақбайлықтар»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

«Қарсақбай және қарсақбайлықтар» кітабы Қарсақбай мыс қорыту зауытын салу, өндірістік қуатын игеру және одан әрі дамыту тарихына арналған.Қарсақбай зауыты Қазақ елінің, Арқаның, Ұлытау өңірінің экономикалық және әлеуметтік дамуына игі ықпал жасады.Қарсақбайлықтардың 90 жылдық даңқты жолы, ұйымшылдығы мен жаңашылдығы, жоғары өндірістік мәдениеті мен тәжірибесі бүгінгі және ертеңгі ұрпақ үшін құнды мәдени-рухани қазына болып табылады.Кітап жалпы оқырманға арналған.

Қарсақбай және қарсақбайлықтар — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Қарсақбай және қарсақбайлықтар», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Дрейман Рудольф Ансович(1887, Курляндия губерниясы – 1938) – Қазақстан мен Орталық Азияда социалистік құрылысқа белсене қатысқан қайраткер. 1905 жылдан большевиктер партиясының мүшесі. 1903—1914 жылдары жұмысшы қозғалысына белсене қатысқаны, ереуілдер ұйымдастырғаны, патша армиясы қатарында болғанда революциялық насихат жүргізгені, бірінші империалистік соғысқа қарсы шыққаны үшін талай рет жер аударылған, түрмеге қамалған. Қазан төңкерісінен кейін бірқатар өңірлерде контрреволюциялық бүліктерді жоюға қатысты. Азамат соғысы кезінде РК (б) П ОК Батыс майданға жіберді. Латвия ОАК мүшесі және оның байланыс халкомы болды. 1921 жылы 6 қыркүйекте Р.А.Дрейман Риддер қорғасын кенішіне, 1926 жылы желтоқсанда Қарсақбай мемлекеттік мыс комбинатына директор болып тағайындалды. Ол өзін ірі өндіріс ұйымдастырушысы ретінде көрсетті. Осы жылы зауыт электр станциясы ток берді, келесі жылы Жезқазған кенішінде мыс кенін өндіру қайта басталды, 1928 жылы қазанда Қарсақбай мыс қорыту зауыты іске қосылды. Қазақстан үкіметі Р.А.Дрейманды Қарсақбай мыс зауытын қалпына келтіруге сіңірген еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттауға ұсынды.

Дрейман Рудольф Еділбаев Шәйман1917 Ақмола облысы Жезді болысы Қарсақбай - фото 52

Дрейман Рудольф

Еділбаев Шәйман(1917, Ақмола облысы, Жезді болысы, Қарсақбай ауылы – 1998, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қарсақбай кенті) – аты өңірге мәлім отызыншы жылдардағы жастар жетекшілерінің бірі. Бастауыш мектепте 2 сыныптық білім алады. Қарсақбай фабрика-зауыт оқуы мектебін бітірген. Металл өңдеу бойынша зауыт жастарының көшбасшысы болды. Ұлы Отан соғысы басталғанда алғашқылардың бірі болып өзі тіленіп от оранған майдан даласында аттанды.

Еділбаев Шәйман 1941 жылы қыркүйек айында әкем ұрыс даласында Коммунистік - фото 53

Еділбаев Шәйман

1941 жылы қыркүйек айында әкем ұрыс даласында Коммунистік партияның қатарына кіреді. Алғашқы ұрысқа Ленинград майданында атқыштар дивизиясының сабында қатысқан. Қиян-кескі шайқастар, күші басым жаудың үздіксіз шабуылына тойтарыс беру кеңес әскерлеріне оңай болмады. Кезекті бір ұрыста аяғы мен иығынан ауыр жарақат алып, госпитальда үш ай ем алғаннан кейін Қарсақбайға келді. ФЗО мектебіне сабақ берді. Осы жылы ФЗО мектебінің оқушысы Шәкімар деген қызбен көңіл қосып, отау көтерді. Анамыз оқу бітіргенде 16 жаста екен, құю-механикалық цехына жұмысқа қабылданғанда, шойыннан минаның корпусын құйып, еңбек екпіндісі атанған. Әкем жарақатын толық жазылған соң сұранып қайтадан майданға аттанды. 1944 жылы Литва жерін, Каунас қаласын азат етуге қатынасқан. 13-Вильнюс полкі үш ай бойы Кенигсберг қаласының төңірегінде ірі ұрыстар жүргізіп, 1945 жылы 1 мамырда Германия жеріне өтеді. Қаланың оңтүстік-батысындағы неміс фашистерінің шығыс Пруссиядағы тобын жоюдағы ерлігі үшін әкеміз И.В.Сталиннің алғыс хатымен марапатталған.

Соғыс аяқталғаннан соң Полша, Латвия, Литва, Шығыс Пруссия жерлердегі фашистердің қалдықтарын жоюға қатысты, қираған қалаларды қалпына келтіруде еңбек етті. 1947 жылы елге оралды. Зауытта токарьдаң бастап құю-механикалық цехының бастығына дейін 43 жылдық жолдан өтті. Әкемнің омырауындағы І және ІІ «Отан соғысы» ордендері, «Ерлік үшін», «1941—1945 Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін» медальдары бейбіт еңбекте алған мемлекет марапаттары жарқырап нұрлы жүзіне ерекше көрік беріп тұратын. Біз әке-шешеміздің тағылымды тағдырын мақтан етеміз, ол кісілердей ел игілігіне күш-жігермен еңбек етеміз.

Жанагүл Шайманқызы Еділбаева.

Елемесов Сұлтан(1924, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Майтөбе ауылы – 2012, Қарағанды обл., Жезқазған қ.) – Ұлытау өңірінің құрметті металлургі. Сұлтекең айтады: «Жасымда анамнан жетім қалдым. „Шешесіз жетім – шерлі жетім“ дегенді көңіліммен сезіндім. Әкең болғаны мен ананың орыны бөлек екен. Бұл аз дегендей екі жыл өтер өтпесте әкем халық жауы атанып ұсталып, он жылға Сібірге айдалып кете барды. Сондағы таққан бар кінәсі – қажының баласы, ескіні көксейді. Атасы Есмағанбет екі рет қажылыққа барған деген желеу. Расында да ол кісі қазан төңкерісінен бұрын елдің қамын ойлап, билікке да, алқалы жиынға қатысқан, сөзі өтімді болған. Өз әкем қолына Құран алып, бес уақыт намаз оқысада оқасы жоқ дер едік, ол мұның бірімен де айналыспаған. Шамасы өзінің бірбеткейлігімен, қайсарлығымен ауылдағы белсенділердің жаманы тисе керек, ақыры Магаданнан бір-ақ шықты. Сол жақта қайтыс болды». Е. бір сөзді, ауырдан қашпайтын табанды, қайратты болып ер жетті. Еңбек жолын (1952) Қарсақбай мыс қорыту зауыты темір жолында паровоз машинистінің көмекшісі болып бастап, балқытушы, аға конверторшы болып еңбек етті. 1969 жылдан бастап Жезқазған мыс қорыту зауытында аға конверторшы болып ұзақ жыл істеген. Осы зауытта 1973 жылы 23 ақпанда ең алғашқы кара мыс балқымасын алуға қатысқандардың бірі. Бұл ел көлеміндегі үлкен оқиға болған. Елемесов алғашқы күннен Жезқазған мыс зауытының конверторында мыс балқытқанда Қарсақбайда қолданған әдістерін пайдаланды. Жұмысы көңілдегідей жүрді. Бұл қалай деп ешкім сұраған жоқ. Ал, Балқаштан, Пышмадан, басқа орталықтағы зауыттардан келгендер мыстан шлакты айыра алмай, балқыма тасып аста-төк төгіліп жатты. Зауыттың тұрып қалу хаупі төнді. Сонда ғана Елемесов тәжірибесіне дем қойды. Мәселенің мәнісі мынада болды. Балқаштың, Пышманың концентраттары мысқа кедей, ал Жезқазғанда 54—55% мыс бар. Ендеше штейн мысқа бай болса, оған қоспаларды дәлдеп қосу керек, сонда ғана жоғары сапалы қара мыс аласын. Содан бастап қара мыс Елемесовтың әдісімен алынатын болды. Жұмыс жүрді. Оның тәжірибесін жас балқытушыларға үйрету мақсатында атақты металлург атындағы озат тәжірибе мектебі ұйымдастырылып, озық әдістердің орталығына айналды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Қарсақбай және қарсақбайлықтар»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Қарсақбай және қарсақбайлықтар» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Қарсақбай және қарсақбайлықтар»

Обсуждение, отзывы о книге «Қарсақбай және қарсақбайлықтар» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x