Елемесов Сұлтан
Ермағанбетов Төлеш(1928, ОҚО, Қарсақбай ауданы, Қарсақбай қалашығы – 1995, Жезқазған облысы, Жезді ауданы, Қарсақбай кенті) Жезқазған-Қарсақбай өңірінен шыққан тұңғыш инженер-металлург. 1944 жылы орта мектеп бітірген соң Қарсақбай мыс қорыту зауытына табель жүргізуші болып жұмысқа қабылданды. 1953 жылы Алматыдағы Қазақ кен-металлургия институтын бітірген. Металлургиялық цехта шебер, балқытушы болып істеді. 1956 жылы зауыттың бас инженері, 1958 жылы – бас технолог. 1960 жылы жұмысшылар мен инженерлер бірауыздан кәсіподақ комитетінің төрағасы етіп сайлады. Зауытта өз ісін жетік білетін маман ретінде көрсетті. Жас металлург инженерлердің, жұмысшылардың тәлімгер ұстазы болды, олардың өндіріс технологиясын игеруіне, рационализаторлар қатарына қосылуына қолғабысын жасады. Өзі де Жезқазған кен-металлургия комбинаты бойынша танымал рационализатор болды.
Ермағанбетов Төлеш
Есенберлин Ілияс(10.01.1915, Ақмола облысы, Атбасар қаласы – 1983, Алматы) – қазақ жазушысы. 1930 жылы Арқаны аштық жайлай бастағанда інісі Раунақ екеуі жан сақтап шұбырған елмен бірге 20-күндік жол кешкен түйе керуенге ілесіп, Қарсақбайға келеді. Онда Назым апалары тұратын еді. Жұрттан сұрастырып үйін тауып алады. Жездесі Сейітқали Райымбаев Қарсақбай зауытында дәнекерлеуші екен. Отбасы ағаштан салынған №154 барактың кішкентай екі бөлмесінде тұрып жатты. Онда Есенберлиннің апасы 22 жасар Назым, 5 жасар ұлы Молдағали мен 2 жастағы Жазкен тұратын. Раунақ екеуі сол үйге жетіп, аштықтан аман қалыпты.
Есенберлин Ілияс
Есенберлин Қарсақбай жұмысшы балаларына арнайы ашылған мектепте оқуын жалғастырды. Шамалы айдан соң Қызылорда тәжірибелі-көрсеткіш тоғыз жылдық мектеп-интернатқа аттанды. 1933 жылы мектепті үздік бітіріп, Қарсақбайға қайта оралады. Басты мақсаты – апасы Назымға көмектесу. Қарсақбайға келісімен ауатком оны нысқаушы қызметіне қабылдады.
Жергілікті атқару комитеті аштықтан зардап шегіп, Қарсақбайға ағылған қазақтарды мүмкіндігінше жұмысқа орналастырып, басқаларына көмек көрсету кестелері бойынша азық-түлікпен қамтамасыз еткен. Бәрін аштықтан сақтап қалу мүмкін емес болғандықтан, ауаткомның тапсырмасымен Есенберлин Қарсақбайда шоғырланған аш халықты Жосалыға жөнелтумен айналысты.
Қарсақбайда өткен еңбек жолы Есенберлиннің қаламынан туындаған тарихи романдарына үлкен әсер етті. Ондағы жазылған біраз оқиғалар қазақ ұлтының ұясы, ер бірлігінің ұйытқысы Ұлы даланың Ұлытауында өрбиді. «Көшпенділер» трилогиясының кейіпкерлері тарихи тұлғалар, Шыңғыс хан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы ақын-жыраулар отанын қорғай білген арыстан жүрек, атанжілік батырлар.
Дереккөз: Жезқазған қалалық МА қоры. М. Сейтжанов
Есенов Бодық(1902, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Қумола ауылы – 1960) – соғыс ардагері. Еңбек жолын 1913 жылы Қарсақбай мыс қорыту зауытының атқорасында бақташы болып бастады. 1929 жылы темір жол жұмыскері, от жағушы, ауысым шебері, Қарсақбай темір жолы депосының бастығы. 1937 жылы Қарсақбай теміржол партбюросының хатшылығына сайланған. 1938 жылдың мамырынан 1941 жылдың қарашасына дейін еңбекшілер депутаттары Жезқазған ауатком төрағасы болды. 1942 жылы әскер қатарына шақырылды. 1945 жылы ІІ дәрежелі Отан соғысы және Қызыл жұлдыз ордендерімен марапатталған. Соғыс біткесін екі жыл Берлин қаласын қалпына келтіру жұмыстарына қатысқан.
Есенов Бодық
Есімбаев Мұқыш(1906, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Қарсақбай ауылы – ө.ж.б.) Қарсақбай мыс қорыту зауытының орталық электр станциясында 1928 жылдан бастап жұмыс істейді. Әуелі 5 жыл 3 ай шуровшы болған, кейін турбина машинисінің көмекшісі, 1938 жылдың наурызынан турбина машинисі, 1951 жылдың наурызынан турбинаның аға машинисі. 7 санаттағы турбина машинисі сол уақытта біліктінің ең жоғарғы көрсеткіші еді. Есімбаев байсалды, ой-толғамы кең, аса ұқыпты жұмыскер болды. Міндетіне жауапкершілікпен қарады. Жұмыс істеген жылдарында еңбек тәртібін бұзу болмаған, турбинада апатқа жол бермеген. Есімбаев станцияның көп жылдар бойы стахановшысы болып табылады. Ленин орденімен, «1941—1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен (1946) марапатталған.
Читать дальше