Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар

Здесь есть возможность читать онлайн «Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Жанр: Прочая документальная литература, popular_business, Биографии и Мемуары, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Қарсақбай және қарсақбайлықтар: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Қарсақбай және қарсақбайлықтар»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

«Қарсақбай және қарсақбайлықтар» кітабы Қарсақбай мыс қорыту зауытын салу, өндірістік қуатын игеру және одан әрі дамыту тарихына арналған.Қарсақбай зауыты Қазақ елінің, Арқаның, Ұлытау өңірінің экономикалық және әлеуметтік дамуына игі ықпал жасады.Қарсақбайлықтардың 90 жылдық даңқты жолы, ұйымшылдығы мен жаңашылдығы, жоғары өндірістік мәдениеті мен тәжірибесі бүгінгі және ертеңгі ұрпақ үшін құнды мәдени-рухани қазына болып табылады.Кітап жалпы оқырманға арналған.

Қарсақбай және қарсақбайлықтар — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Қарсақбай және қарсақбайлықтар», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Әбілқасен Әмірәлин.Арқада туған алып. Қарағанды, «АРКО», 2011.

Дәуітов Баттал Тәжбенұлы(7.02.1914, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Кеңгір болысы, Малшыбай ауылы – 1967, Қарағанды облысы, Жезді ауданы, Қарсақбай кенті) – ұстаз. Алматыдағы Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтын 1957 жылы бітірген. Тарих пәнінің мұғалімі. 1932—1935 жылдары Қарсақбайдағы мектеп-интернатта саяси тәрбиеші, мұғалім. 1935—1950 жылдары Жамбыл атындағы №1 қазақ орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, 1950 жылдан өмірінің соңына дейін 17 жыл осы мектептің директоры болды. Кәсіби ұстаз басқарған жылдары мектептің оқу-материалдық базасы кеңейтіліп, жаңадан спорт залы, өндірістік оқу шеберханалары салынды, оқу-тәрбие жұмысының теориялық-әдістемелік деңгейі жоғары дәрежеге көтерілді. Дәуітов терең білімі, өнегелі өмірі артына рухани мұра ретінде қалып, оны ұрпақтары мен шәкірттері жалғастыруда. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымымен халыққа білім беру саласында сіңірген еңбегі үшін 1964 жылы 25 сәуірде Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі атағы берілді. «1941—1945 Отан соғысы жылдары тылдағы ерлік еңбегі үшін» (1946), «Ерлік еңбегі үшін» (1949), «Тың игергені үшін» (1957) медальдарымен марапатталған. ҚазКСР халық ағарту ісінің үздік қызметкері (1968).

Дәуітов Баттал Дәуітова Сауле Батталқызы филология ғылымдарының докторы - фото 48

Дәуітов Баттал

Дәуітова Сауле Батталқызы – филология ғылымдарының докторы. Қарсақбайда туған. Мамандықтары: «Орыс тілі және әдебиеті: қосымша «Педагогика», «Қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі». Жезқазған педагогикалық институтын үздік (1983) дипломмен тамамдап, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының қазақ әдебиеті кафедрасында еңбек жолын бастады. М. Әуезов шығармашылығының зерттелуіне арналған кандидаттық диссертациясын (1991), «Қазақ драматургиясындағы тарихи тұлғаның көркем тұжырымдамасы» деген тақырыптадокторлық диссертациясын (2006) қорғады. 1997—2008 жылдары қазақ филологиясы факультетінің деканы, 2008 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дегі «Әдебиеттану және тіл білімі» ғылыми – зерттеу институтының директоры.

Дәуітова Сауле Ғылыми ізденіс салалары әдебиеттану қазақ әдебиетінің тарихы - фото 49

Дәуітова Сауле

Ғылыми ізденіс салалары: әдебиеттану, қазақ әдебиетінің тарихы, әдебиеттерді салыстырып зерттеу, тарихи драматургия мәселелері, түркология, педагогика, білім саласы. Дәуітов қазіргі компаративистика үрдістері арнасында қазақ тілі мен әдебиетін зерделеуге, әлем бейнесін мәдениеттану тұрғысынан тіл және әдебиет мүмкіндіктері арқылы ұғынуда жаңа ғылыми парадигманы қалыптастыруға бағытталған ғылыми зерттеу жұмысын басқарды.

«Түркілік мұра – әлемдік өркениеттің құрамдас бөлігі» (2009—2011), «Жоғары мектептің филологиялық білім беру жүйесін ақпараттандыру» (2012—2014), «Әлемнің әдеби-тілдік бейнесі – жас ұрпақ тәрбиесінің рухани қайнар көзі» (2012—2014) республикалық іргелі-ғылыми жобаларының ғылыми жетекшісі болды.

Дәуітов «Әдебиеттегі әлемнің көркем бейнесі – гуманитарлық құндылықтардың қайнар көзі (Художественная картина мира в литературе как отражение гуманистических ценностей)» деген тақырыпта Испанияның Сантьяго де Компостело университетінде ғылыми жоба орындады. Біліктілікті жетілдіру курсында АҚШ, Англия. Польша. Италия. Бразилия т. б. мемлекеттердің ғалымдарымен әлемдік филология бағыты туралы өз тұжырымдамаларын көпшілік ғылыми ортаға ұсынды. Осы және басқа бірқатар шетел университеттеріне университеттің студенттері мен оқытушыларына және докторанттарына арнап, «Қазақ әдебиетіндегі әлемнің көркем бейнесі», «Абай поэзиясының жалпыадамзаттық маңызы», т.б. тақырыптарда арнайы курс оқыды.

Дәуітов теориялық және қолданбалы ғылыми жобалардың жетекшісі, атап айтқанда: «Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар – көркем шығарма контексінде» (2009), «Н. Ә. Назарбаев еңбектерінің еліміздің оқу-тәрбие жүйесін дамытудағы маңызы» (2010), «Тәуелсіз Қазақстан: тіл саясаты» (2011), «Латын графикасы бойынша өзге тілдік қоғамдық – саяси лексиканы қазақша айтып жазу қағидалары» (2013), «Ғылыми-техникалық терминдерді латынша жазу жобасы» (2014).

Дәуітов үш монографияның, бірнеше оқу құралының, 100 аса ғылыми мақаланың авторы, 13 шетелдік сертификаттың иегері

Деев Иван Васильевич(1884—1972) – ішкі Ресейден «саяси сенімсіз адам» ретінде жер аударылып, 1913 жылы Байқоңыр көмір ошағына жіберілген. Мамандығы – фельдшер. Жергілікті ауруханада жұмыс істеген. 1914 жылы жұмысшылар арасынан большевиктерге тілектес топ ұйымдастырған. Атбасар уездік партия комитетінің тапсырмасымен 1923 жылы іс-сапармен Москваға барған. Оны Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің төрағасы Ф. Э. Дзержинский қабылдаған. Көп ұзамай Қарсақбай мыс зауытын қалпына келтіру жөнінде шешім шығады. 1925 жылы 14 маусымда Қарсақбай комбинатының директоры қызметіне кірісу үшін жеделхатпен шақыртып алған. Деев Жосалыда жиналып қалған жабдықтар мен станоктарды, Атбасардан азық-түлікті және Спасскіден зауыттың кәдеге жарайтын құрал-саймандарын жеткізіп алу үшін 1500 арба, 3000—5000 түйе керуенін ұйымдастырды. Жергілікті тұрғындардан жаңа жұмысшы кәсіптеріне мамандар дайындауды қолға алды, «қазақтарды ірілі-ұсақты басшы қызметке тарту істің табыс көзінің бірі» деп есептеді.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Қарсақбай және қарсақбайлықтар»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Қарсақбай және қарсақбайлықтар» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Қарсақбай және қарсақбайлықтар»

Обсуждение, отзывы о книге «Қарсақбай және қарсақбайлықтар» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x