Жалпы білім беру ісіөткір тұрды. Өйткені Қарсақбай мыс комбинаты үшін кадр дайындау ең алдымен жалпы білім беруді ұйымдастыру, сауатсыздықты жою, кәсіптік-техникалық білім жүйесін қалыптастыру болды. Алғашқыда Атбасар уезі халық-ағарту бөлімінің бюджетінің тапшылығы сондай, Қарсақбайдағы жалғыз мектепті мыс кәсіпшілігі зауыт басқармасының қарамағына берген. (Ақмола облысының мемлекеттік архиві, қ-115, т.1. Іс-130а, 3 бет). 1926—1927 оқу жылында Қарсақбай ауданында мектеп жасындағы балалардың 14 пайызы, сауатсыз ересектердің 9 пайызы оқуға тартылған.
Қарсақбай орта мектебінің бірінші түлектері – Х. Сатбаева, А. Филипович, Г. Волошина, т.б.
1926—1927 оқу жылында он бастауыш мектеп жұмысістеді. Олардағы 15 мұғалімнің тек екеуінде ғана арнаулы білім бар еді.
Барлығы 413 бала оқыды. Қарсақбайда панасыз балалар үйі, бір оқу қосы, екі сауатсыздықты жою нысаны болды. Комбинаттың өзінде 15 оқытушы өндірісте істейтін сауатсыздарды оқытумен шұғылданды.
1927 жылы 19 қаңтарда Қазақ АКСР-інің Комиссарлар Кеңесі Қарсақбайдағы мектептердің барлығын 1927—1928 оқу жылынан бастап мемлекеттің бюджетіне алу жөнінде шешім қабылдады. 2 мектеп ғимаратын салып, оның біреуіне мектеп-интернатты орналастыру белгіленген. Қарсақбай болыстық атқару комитеті жергілікті бюджеттен №4 мектеп ғимаратын тұрғызуғы, мешітті мектеп ашуға лайықтауға, №12 ауылда мектеп үйін сатып алуға қаржы бөлді.
1931—1932 жылдары ауданда мектеп саны 81-ге жетті, Қарсақбайда интернат, бала бақшасы, Ұлытауда панасыз балалар үйі жұмыс істеді. Балалар үйінде 120 панасыз жеткіншектер тәрбиеленді.
93 сауатсызды жою нысандары, 8 шала сауаттылар мектебі, 3 қазақ тілін үйрететін курстар, бірнеше ағылшын тілін үйрететін топтар, 9 әйелдер курстар жұмыс істеді.
Қарсақбай қалашығының дамып, білім беру ісінің кені қанат жайған кезеңі өткен ғасырдың алпысыншы жылдарына тура келеді. 2 жалпы білім беретін орта мектеп, 1 сегізжылдық мектеп, 1 жұмысшы жастар орта мектебі жұмыс істеді. Мектепке дейін балалар мекемелері, мектептен тыс мекемелер саны оннан асты.
Қарсақбай мектептерін бітірген түлектер ішінен Зәуре Сәдуақасова, Жәлел Қалмағанбетов, Оразай Батырбеков, Ошақбай Асылбеков, Мәкен Төрегельдин, Шерниязден Әбішев, Қазкен Базылов, Белгібай Қапанов, т.б. танымал дарынды ұйымдастырушылар, өндіріс, ғылым, мәдениет қайраткерлері шықты.
Жамбыл Жабаев атындағы Қарсақбай орта мектебініңнегізі 1925 жылы ашылған бастауыш мектеп болды. Қарсақбай мыс комбинатының құрылысшылары, инженер-техниктері, төңіректегі шаруалардың балалары оқуға құштарлық танытты. Бастауыш сынып саны бірден онға жетті, қыста мектептерде екі мезгіл от жағуға рұқсат етілді, сабақ төрт ауысыммен жүрді, 1930 жылы жетіжылдық мектеп оқушыларға есігін айқара ашты. 1939 жылы Қарсақбай орта мектебі шаңырақ көтерді. Бұл – Ұлытау өңіріндегі тұңғыш орта мектеп. Қазір мектепте 32 мұғалім сабақ береді, олардың 8 – жоғары санатты, 11 – бірінші санатты. Мектеп ауданның батыс бөлігіндегі ауыл мектептері үшін ресурстық оқу орталығы. Елімізге мәлім Оразай Батырбеков, Мейіз Сәтбаева, Қоңыратбек Құрманбаев, Асқар Маткенов, Қыдырәлі Болманов, т.б. тұлғалар осы мектептің түлегі.
Жамбыл Жабаев атындағы Қарсақбай орта мектебі
Жанасов Жәңгір(1920, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Жезді болысы – 1999) – экономист. Қазақстан Компартия орталық комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін (1951), Алматы халық шаруашылығы институтын (1965) бітірген. 19 жасында Қарсақбай аудандық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі. ҰОС бастан-аяқ қатысқан. 1946 жылы Қарсақбай мыс зауыты партбюросының, 1947—1955 жылдары Жезқазған, Жаңаарқа аудпартком хатшысы, екінші хатшы, 1955 жылы Қоңырат аудандық Сталин атындағы ұжымшардың төрағасы, 1958—1965 жылдары Жезқазған қаласы аткомының төрағасы, 1965—1973 жылдары Жезқазған кен-металлургиялық комбинаты директорының орынбасары, 1973 жылдан зейнеткерлікке шыққанша Жезқазған облатком төрағасының орынбасары, Жезқазған – Ұлытау өңірінің экономикасын, халықтың тұрмысы мен мәдениетін көтеруге үлкен үлес қосқан. Қазақ КСР Жоғары кеңесі депутаты (1963), І, ІІ дәрежелі «Отан соғысы», екі мәрте Қызыл жұлдыз, Еңбек Қызыл ту, «Құрмет Белгіс»і ордендерімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» және т.б. медальдармен марапатталған.
Читать дальше