Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап

Здесь есть возможность читать онлайн «Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Жанр: Историческая проза, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

– Ал осы отырғанның бәрі Елгелді, бәрімізге де тиеді. Телқозы, ондай сөзді айтпа енді, бұдан былай. Айтсаң сол адамның атын атап айт. Әйтпесе, бір руды түгел ұры дегенің ұят болады.

Айсарынын мына сөзінде жөн бар екенін сезіп, Шоң әкесіне қатты ренжіп қалды да:

– Телқозы, сен қалай сөзге түсінбейсің?! Айекең бүкіл Елгелділер атынан айтып отыр ғой. Онда сол ұрыны ұстап алсаң айыпта, әйтпесе ұят болады. Бүкіл Елгелді ұры деуің ешқандай кисынға жатпайды.

– Телқозы, сен енді сөзді көбейтпе, ұрласа да бір үйір жылқының дауы бітетін болды, – деді Әнет.

Телқозы әкесің мына сөзін онша ұнатпай тұрса да, қарсы сөз айтқан жоқ, үндемей қалды. Үлкен әкесінің сөзін Шоң жалғаған. Екі туысқан рулардың арасындағы бұрын қатынасып тұратын жолына шөп өсіп кеткендей көрінді Шоңға.

– Сол болмасың десеңіздер, жиі қатынасып тұрғаның жөн. Маған ояз бір поштабай ал деген. Сол адамды сіздің ауылдан алайын. Кімді атайсыздар?

– Шоң бауырым, сен поштабай бол десең, мен де қашпаймын, – деді Айсары ақсақал.

Ол кезде поштабай деген қазақтар арасында орыстардың келуіне байланысты аса беделді жұмыс болатын. Мына сөзді Айсары әдейі жақын ағайындарының біреуін өткізу үшін айтып отырғанын Шоң біле қалды да:

– Айсеке, сіз келіссеңіз, Елгелділердің ішінен кім поштабай болатын өзім тандап алайын, – деді.

Айсарының бұған қарсы айтар сөзі таусылып қалғандай.

– Әрине, әрине дұрыс, – деді.

Шоң көзімен отырғандарды бір шолып өтті де есікке таман отырған ақсары, он жетіге келіп қалған, қыр мұрынды, орта бойлы жігітке көзін тоқтатты.

– Мына жігіт қай атаның баласы? – деп Айсарыдан сұрады.

– Бұл жігіт Төлекбай батыр атамыздың шөбересі Жойқынбек деген азамат болады.

Шоң Жойқынбек атынан қорқып қалды да, бірақ екі сөйлеген мына Елгелділердің алдында жараспайтынын біліп, үндемей қалған. Телқозы үйі Елгелділерді қонақ етіп жіберген еді. Сол жолы Шоң Жойқынбекті аулында алып қалған. Оңаша отырып Жойқынбекпен әңгімелескен:

– Сенің атыңды неге Жойқынбек қойған?

– Айқынбектен кейін әкеміз ер бала көрмей жүріп, мен туғанда Айқынбекке ұйқастырып Жойқынбек деп қоя салған ғой. Өзіме де ұнамайды. Бірақ әкең қойған аттан қалай құтыласың?

Содан кейін Шоң тағы сұраған:

– Нешеге келдің?

– Он бестен он алтыға аяқ бастым.

Шоң жастау екен деп ойлады. Әлгі адамдардың ішінен тандап алып қалған өзі. Енді басқаны алайын десе ұят боларын түсініп, үндеген жоқ.

Шоң Күмісті шақырып алып айтқаны: «Мына жігіт бұдан былай біздің үйде тұрады. Осы үйдің бір мүшесіндей көр, тамағын уақытында беріп, киімін жуып тұрасың».

Сонау күндердің оқиғасы әлі ұмытылған жоқ еді. Күміс Шоңмен онша тіл қатыспайтын. Бірақ осы үйдің келіні есебінде айтқанын екі етпей орындайтын. Телқозының алдында Шоңның үлкен беделі барын білетін. Күміс үндемей кетіп бара жатыр еді, Шоң оның артынан дауыстап:

– Естідің бе? – деді.

– Естідім, – деп Күміс басқа тіл қатпай шығып кеткен.

Жойқынбек тұрып айтты:

– Шоңке, мен кеткенде ағам Айқынбек үйде жоқ еді. Ол кісі ар жағымыздағы Темештер ауылына кеткен. Мен соған барып айтып келейін. «Хабарсыз кетті» деп ренжіп жүрер.

Шоң осы бір ауыз сөзінен-ақ жігіттің тәртіпті екенін сезе қалды. Рұқсат берген. Жойқынбек шығып кеткеннен кейін, үйде отырған Телқозы:

– Шоң, осы Елгелді неге керек, поштабай болатын адамды өз аулымыздан да табатын едік қой, – деді.

Шоң Жойқынбекті поштабай етіп алып отырғанда, араздасып отырған екі руды жақындастырмақ ойы бар еді. Әкесі дастархан басында айтылған сөздердің бәрін ұмытып кеткенін сезді. Әкесінің мына сөзіне ренжіп қалды да:

– Телқозы, сіз менің шаруама араласпаңыз. Мен кімді жұмысқа аламын, онда шаруаңыз болмасын.

Телқозы баласының мына сөзін жақтырмай тысқа шығып кетті.

Ертеңіне Жойқынбек келген еді. Шоң одан анықтап сұрап алған:

– Ағаң ренжіген жоқ па?

– Қайта менің поштабай болғаныма қуанып жатыр… Өзі де келмекші еді. Ар жағындағы Темештерден қыз алайын деп жүр. Кейін келіп сізбен сөйлесемін деді.

Шоң оның не сөйлесетінін түсінбеді де:

– Ол ағаңның не сөйлеспек ойы бар менімен?

– Ол кісі де поштабай болғысы келеді.

– Маған поштабайлыққа бір адам жетеді. Екі адам қажет емес.

– Ендеше мен үйге тағы бір барғанда түсіндіріп айтайын оған. – Осымен ағасы туралы сөз бітті. Шоң Жойқынбекке жұмыс жағдайын түсіндіре бастады.

– Пошта сонау Ақтаудан келеді. Сен оны Ақмолаға жеткізіп беріп, одан берген поштаны осында жеткізуге міндеттісің. Меніңше, бұл жұмыс оңай емес, кейде асығыс, поштаны сол күні Ақмолаға күндіз-түні жүріп жеткізесің. Жолда Тілен, Құлымбет ауылдарынан ат ауыстырасың. Бір-екі сағат жағдайға қарай дем аласың. Жедел поштаны айтқан уақытында жеткізу бірінші талап. Егер оны орындамасаң, маған да, саған да сөз келеді. Онда жұмыстан кетесің. – Турасын айтқан еді, Шоң сөзінің сонда.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап»

Обсуждение, отзывы о книге «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x