Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап

Здесь есть возможность читать онлайн «Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Жанр: Историческая проза, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

– Қожеке, сіздің осы Нұра бойына келіп қоныстануыңыз бір көрегендік шаруа болды. Ана Сегізкөңде қалған туысқанды да көшіріп алыңыз.

– Сен, Шоң, орыстарды менің қасыма көшіріп әкеліп, оларды үркітіп жібердің. Өткен жолы сен келгенде, мен соларға барып сөйлесіп келіп едім, орыстар отырған жерге бармаймыз енді дейді олар.

– Сіз оларға Шоң көшіріп әкелді дедіңіз бе?

– Шындықты айттым, енді не деуім керек?

– Қате айтқансыз, оларды көшіріп әкелген мен емес, жоғары жақ. Ана туыстарың да көшіп келсін. Бүкіл Жабағылар бәрі осында келсін. Сонда мына іргеңде отырған орыстардың өзі көшіп кетуі мүмкін. Әйтпесе, тағы да көшіп келеді.

Қожамжар Шоңның аузынан мына сөзді естіп қорқып, бір жағынан қуанып қалды.

– Сен енді болыс болдың, сол Сегізкөңде отырған Жабағылардың арасында үгітті өзің жүргіз. Мен айта-айта шаршадым.

– Қожеке, оларға ғана емес, басқаларға да үгіт жүргіземін. Сіз де қарап отырмаңыз, ана Елгелділерді де осы жаққа қарай келуге үгіттеңіз.

Қожамжар орыстар көшіп келгелі Шоңға ренжіп жүрген. Мына туыстарды көшіріп ал деген сөзіне риза болып қалды. Әсіресе, орыстардың өздері кетеді деген сөзі көңілінен шықты. Бойына бір үміт ұялағандай. Енді басқаша сөйлеп кетті:

– Сенің болыс болғаның қиын заманға дөп келді. Жолың болсын! Бізде тілектестіктен басқа не бар…

– Қожеке, мен атқа мінгеніммен, менде билік жоқ. Бәрін анау жоғарыда отырған орыстар шешеді. Менің айтып жүргенім елге ақыл ғана. Байқаймын, Телқозыдан бастап менің тілімді ешкім алмайтын тәрізді. Жабағылар басқаларға үлгі көрсетуі керек. Анау Сегізкөңде қанша Жабағылар отыр?

– Жабағылардың негізі сонда отыр ғой әлі де.

Шоң баяғыдан естіп жүрген, Жабағылар қасында отырған Елгелділермен жерге таласып, жанжалдасып, тыныш отырмайды деген сөз құлағына әкесінен жеткен. Ақыры соған шыдай алмай мына Қожамжарға қараған бір топ Жабағылар осы жерге көшіп келгенін білетін. Қожамжар отырып сұрады:

– Ертеңгі күні тағы да осы жаққа орыстар қоныстануы мүмкін бе?

– Мүмкін. Бұл патшаның не ойлап отырғанын білуге болмайды. Тура сіздің қасыңызға келіп қоныстанбаса да, басқа руларға зияны тиетін жерге келіп орналасады. Содан дау, реніш туады. Сол жайында айтып отырмын ғой. Оған қоса анау Елгелділерді де үгіттеп, осылай қарай көшіру керек…

– Шоң бауырым, өзің не айтып отырсың? Осылай қарай солармен сиыспағандықтан келдік ғой…

– Есіңде болсын, орыстан гөрі солар жақын. Қазақ пен қазақ ренжіссе ертеңінде ұмытады. Өйткені, негізіміз бір халықпыз. Баласы Түсіп Елгелділерден қыз алып отырған. Мына сөзден кейін Қожамжар ойланып қалды да:

– Олар менің тілімді алмайды. Олар түгілі анау Сегізкөңде отырған туыстарыма айтқанымды істете алмай отырмын. Өзің айтсайшы, сен болыссың, сенің тіліңді алар.

– Мен де айтамын ғой, бірақ сіздің айтқаныңыздың да артықшылығы болмас…

Қожамжар да ертеңгі күні мына іргеге келіп қоныстанып жатқан орыстармен жандалдаса қалса көп болғанды көңілі қалайтын. «Елгелділер де келсе келсін. Бізбен құдандалы халық қой» – дегендей ыңғай танытқан сөзінде. «Мен оған қарсы емеспін» – Шоң сөзін қостай сөйлегендей еді мұнысы.

– Бірақ мен оларға сөз айтпаймын. Келемін десе өздері білсін, – деген сөзбен аяқтаған айтарын Қожамжар қарт.

Жабағылар мен Елгелділер кезінде шабындыққа, жайылымға таласып бір-біріне көңілдері қалып біткен. Қожамжардың ұнатпай сөйлеп отырғаны содан еді.

Дегенмен, бұл құдандалы рубасылардың көңілдері дұрыс екенін білетін Шоң. Кожамжардың әлгі айтқаны Шоң ойынан шыққан сөз болды. Шоң білетін, жаздың ыстық айларында Елгелділер отырған жердің оңтүстік жағындағы жердің шөбі күйіп кетіп, жаз айларында малдарын сонау Бекеш өзенінің бойына айдап, бір шеті Анарбайдың жеріне жақындап баратын. Шоң ол туралы естіген. Жақын жердегі Қараағаш жаққа Жанкелді тұқымдарымен іргелес, қоныстас отырған Аралбай, Калыбектер жібермейтін. Содан сонау терістіктегі Бекеш өзенінің бойына жаз айларында шығып кететін. Сондықтан да Елгелділердің Нұра бойына көшіп кететініне сенімді еді Шоң.

Кожамжар айтқан сөзі ойынан шығып, ертеңіне Балықтыкөл жағында отырған Елгелділер ауылына аттанды. Бұл кезде бұл атаның бетке ұстар ақсақалы Таубай қайтыс болған еді. Алдында Шоң барып балаларына көніл айтып, өзі жақсы көретін шалдың бейітінің басына құран оқып қайтқан. Шоң атының басын сол кісінің үлкен баласы Айсарының үйіне бұрды. Бұл кезде Айсарының өзі де қартайып, әкесінің жасына жақындап қалған кезі еді. Ол Шоң болыс болып сайланғанда қатыса алмаған. Сырқаттанып жүрген еді. Шоңның мына келісіне қуанып қалды.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап»

Обсуждение, отзывы о книге «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x