Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап

Здесь есть возможность читать онлайн «Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Жанр: Историческая проза, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Әйімкүл басқаша сөйледі:

– Шоңке, көкемнің айтқаны не болды?

– Саған келер сөз жоқ. Сен осы менің жұмысыма неге араласа бересің? -Осыны айтты да Шоң ләм демей қайта сыртқа шығып кетті.

Шоң енді екі жақтап Кеттебекке әкесі мен әйелінің ара түскеніне қатты ренжіді. «Ана қу Кеттебек әкесіне берген екі жылқыдан басқа Әйімкүлге де бірдеңе беріп қойған ғой». Ашуға берілген Шоң есік алдында жүрген Жойқынбекпен тағы бір адамды шақырып алып айтқан:

– Сендер жылқыдан Кеттебек берген айғыр мен биені ұстап алып Кеттебектің өзіне апарып беріңдерші, – деді. Шоң әкесі білсе үлкен дау болатынын сезген. Соған орай бұларға айтқан, сендер Телқозыға сездірмей, жылқыға барып алып кетіңдер деген еді.

Екеуі де Телқозыдан қорқып тұр еді. Бірақ Шоң айтып отыр. Оны орындамауға және болмайды. Ақыры олар кеткен. Екеуі жылқыда жұбын жазбай жүрген бие мен айғырды ұстап алып, Кеттебектің үйіне алып барған еді. Кеттебек үйінде жоқ екен, әйеліне көрсетіп, есік алдына байлап кеткен.

Шоң екі жылқыны апарып беруі үлкен даудың басы болатынын білген еді. Соны біліп тұрып әдейі жасатқан еді. Әуелден бұл жылқыны алған әкесіне де, берген Кеттебекке де ызалы еді. Бұл екі ауыл арасындағы туысқандық шаруасы емес, шатаққа бастап тұрған іс екенін түсінген.

Арада бір күн өтті. Шоң өзінің әдетімен үй маңында біраз серуендеп келіп есік алдында отырған. Жетегінде екі жылқы бар Кеттебек жетіп келді. Өзі көрген бие мен айғыр. Аттан түспестен, есік алдында отырған Шоң алдында сөз бастады.

– Шоң, маған көмектеспесең көмектеспе, алайда, есіңде болсын, бұл екі жылқыны мен өзіңнен көмек күтіп бергем жоқ. Телекең сұрап келген соң бергемін. Сен мұны менің дауыма қоспа. Ағайындар қандай жағдайда болмасын аларын алып, берерін беріп жатады. Көмектеспесең мейлі, ол жағын өзің білесің. Бірақ бұл екі жылқыны оған араластырма, – деді де Кеттебек, жетегінде екі жылқысы бар, Телқозы аулына қарай кетіп қалды. Шоң онысын «қайтсем де сені жеңіп, айтқанымды істетемін» деп бара жатқандай сезінді. Шоң Кеттебектің өткен жолғыдай емес, «Шоңкеден» «Шоңға» көшкенінен оның көңілінде біраз өзгерістердің болғанын түсінді.

Шоң енді дауды тіптен көбейтіп алғанын білді. «Мен әлгі Кеттебекке жылқысын апарып бергізіп, үлкен қателік жасадым-ау» деп ойлады. Бірақ бұл байламға тоқтай алмады. Бұл Кеттебектің осылай билерді, болыстарды сатып алып әбден жаман үйренген әдеті екенін білетін. Енді келіп соны маған жасап тұр. Телқозы үйіне кеткенінен іші бір жанжалды сезіп тұрған. Шоң да бір ашуға беріліп сыртта біраз жүрді. Кенет үйден күтуші әйел жүгіріп шықты.

– Аға, тәтем қысылып жатыр, – Шоң үйге есі шыққандай жүгіріп кірген.

Конец ознакомительного фрагмента.

Текст предоставлен ООО «ЛитРес».

Прочитайте эту книгу целиком, на ЛитРес.

Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап»

Обсуждение, отзывы о книге «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x