Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап

Здесь есть возможность читать онлайн «Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Жанр: Историческая проза, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Шоңның бірден бұлай жұмыстан кетесің дегені Жойқынбекке ұнамай қалды. Шоңның өзі де артықтау сөйлеп қойғанын сезді де:

– Ондай пошта жиі келіп тұрмайды. Айында екі-үш рет қана болады. Басқа уақытта асықпай апарасың. Тіпті, поштаның бес-алты күн келмейтін күндері де болады. Ондай кездерде менің атымды жегіп, атшым боласың.

Шоң атшылық туралы әуелінде айтпаған. Поштабай сөзі ұнап тұрғанымен атшы боласыңы ұнамады. Ойланып отырып қалды. Шоң мына жігіттің ойланып қалғанын сезе қойды да:

– Мен еңбегіңе ай сайын бір қой бермін. Ояз бес сом ақша төлейді.

Бес сом ақша, бір қой қыруар табыс еді. Шоңның мына айтқаны Жойқынбектің көңілінен шыққан болатын. Арада бес күн өткенде Ақтаудан пошта келді. Келген кісіге Шоң Жойқынбекті таныстырды.

– Бұдан былай сендер әкелген поштаны осы кісі апарады, – деп Жойқынбекті көрсетті. Ақтау бекінісінің бастығы да пошта тасып жүрген адамға айтқан алдында, «бұдан былай пошта тасу жаңа болыстың мойнына жүктеліп отыр. Енді біздің жұмысымыз жеңілдейді» деген еді. Расында, пәлен шақырым жерді салт атпен жүру оңай болмайтын. Енді бұдан былай Қараағаш пен Ақмола арасындағы поштаны басқа адам жеткізеді. Ақтаудан келген орыс қуанып қалды. Әлгі адам Ақмоладан келетін поштаны күтіп Шоң аулында қалды да Жойқынбек Ақмолаға тартқан. Шоң әкесіне айтып, бұл аса манызы бар мемлекеттік шаруа екенін түсіндіріп, бір ұшқыр ат бергізген. Бұрынғы болыстар орыс поштабайлардың тілегі бойынша кез келген ауылдың байларынан кезекпен ат алып беретін. Бірақ бұрын Телқозыдан сұрамайтын еді. Әкесі тұрып Шоңнан сұрады:

– Ыңғай менен алып тұра ма?

– Иә, бұдан былай сізден алатын болады.

– Мына Елгелділерде жүйрік ат көп, солардан неге әпермейсің?

– Бұл шаруаны ояз Елгелділерге емес, маған тапсырып отыр. Сондықтан мына сөзіңіз басы артық әңгіме. Бергенде ең жүйрік атыңызды беріңіз. Егер уақытында апармаса маған сөз келеді.

«Маған сөз келеді» дегенінен Телқозы корқып қалған. Баласының айтқанын жасап, Жойқынбекке ең жүйрік атын берген. Жойқынбек сол күні қолма-қол жүріп кетті. Шоңның айтуымен Құлымбеттер ауылына соққан еді. Олар да сөз айтқан жоқ ат берді, содан әрі қарай кеткен. Бұл жердің биі Лау еді, пошта жағдайын жақсы білетін. Қолма-қол жүйрік ат бергізген. Жай жүріс жоқ. Жол бойы шауып отырды. Таң ата Ақмолаға келген. Омбы поштасы жүргелі тұр екен. Олар да енді міне жүремізбен Ақтаудан келетін поштаны күтіп шыдамсызданып отыр екен. Соған тапсырды. Ол жақтан Ақтауда тұратын әскер басына арналған арызды алып қайта шапты. Құлымбеттер ауылына келіп тыңайып тұрған атына мініп, тағы шапты. Бір тәулікке жетпейтін уақытта мың шақырымнан артық жер жүріпті. Аттан бұрын Жойқынбек өзінің шаршағанын сезді. Денесінің бәрі салдырап, әлі кетіп қалыпты. Қараағашқа келгенде қозғала алмай қалған болатын. Шоң оны сезіп, біліп отыр еді. Тағы да қайталап айтқан еді.

– Мұндай асығыс пошта келгенде бүкіл денеңді жақсылап тұрып байлап ал. Мына пошта тасып жүрген орыстар сүйтетін. Мен оны көргемін. Сонда шаршамайсың. Денеде күш сақталады.

Дегенмен, Жойқынбек бұл жұмысқа шыдай алмайтын шығармын деп ойлаған.

– Бұрын менің орнымда кім істеді?

– Бұрын бұл жұмысты орыстардың өздері істегенін айттым ғой. Енді бізге, қазақтарға сенген тәрізді. Сонсоң маған жүктеп отыр ғой. – Шоң Жойқынбектің пошта жұмысының ауыр екенін біліп қалғанын сезді. Ертеңгі күні мына жұмыс ауыр екен деп Жойқынбек шығып кетсе өзіне де ұят болатынын Шоң білді. Басқа емес, әкесінің өзі кінәлайтынын білді. Содан кейін сөз бастаған:

– Ақтау мен Ақмола арасында төрт бекет болатын. Олардың әрқайсысында бір-бір адамдар болатын. Соларды қысқартып отыр. Маған тапсырды. Екеумізге ұят болмау үшін сен дұрыстап істе.

Жойқынбек бір жағынан істемей жатып жұмысты тастап кетуді намыс көрді. Және төлейтін ақшасы да көнілінен шығып тұрған болатын. Ақыры шыдауға бел байлады.

Кейін асығыс пошта күн сайын бола бермейтінін байқады. Кейде пошта он күндеп Ақтау жатқан келмейтін. Келсе асығыс емес, араға екі-үш күн қонып жүруіне болатын пошталар еді. Жаңа тірлікке Жойқынбек үйрене бастады. Шоң да мазалай бермейтін. Көбіне салт атпен жүретін.

Бірде жанжал шығарып, Телқозы Жойқынбекке тиісті бір қойын бермей қойған еді. Шоңмен әкесінің арасында реніш туындап қалған, соған байланысты. Телқозы айтқан еді:

– Бұл саған ешқандай қызмет істеп жүрген жоқ. Мен айтқан қойыңды бермеймін, ояздың беретін ақшасы жетіп жатыр.

Өйткені, Телқозы Елгелділерге ызалы еді. Шоң әкесінің мына қылығына ренжіп қалып:

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап»

Обсуждение, отзывы о книге «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x