Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы

Здесь есть возможность читать онлайн «Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. Год выпуска: 2021, Жанр: Крутой детектив, Героическая фантастика, fantasy_fight, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Сарман алты таңба кітабы: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Сарман алты таңба кітабы»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Адамдар Тұран атты хандықта өмір сүреді, елде билік жүргізетін Хан мен оның айналасындағы билеушілер қарапайым халыққа қарағанда өте ұзақ өмір сүреді. Басты кейіпкердің әкесі Ерұлан, олардың ұзақ ғұмырының сырын ашуға тырысып, нәтижесінде ол Ханның, адамдар арасында астыртын түрде, ерекше балаларды іздеп, ал адамдарға кіруге тиым салынған, тіршілігі жоқ өлі алқаптан, ерекше құнды затты іздеп жатқандығы жөнінде біледі, сонымен қатар ол Ханның сырын білуге тырысқан ғалымдардың, із-түссіз жоғалғанын анықтайды. Ол жақын досы Батырамен бірге, Хан мен билеушілердің құпиясын ашуға бір-ақ қадам қалғанда, оның жаңа туылған баласы, Хан іздеп жүрген сәби болып шығып, Батыра сәбиді Ханнан құтқару үшін, әлемдегі ең қауіпті орманға алып қашады. Орманда ол алты таңба кітабының сырын ашып, Хан мен оның айналасындағы билеушілердің жасыруға тырысқан, үлкен әрі қорқынышты құпиясы туралы біледі, Хан балаға қол жеткізу үшін, қашқынның соңынан он мыңдаған ажалсыз сарбаздарын жібереді. Оларды не күтіп тұр…

Сарман алты таңба кітабы — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Сарман алты таңба кітабы», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Ерұлан алындағы үлкен қалаға көз тастады: ол Бұлақты қаласын тауға дейін қоршаған алып қорғанға, оның оңтүстігі мен солтүстігінде орналасқан екі үлкен қақпаға, ал батысқа қарай созылған жасыл далаға көз салды.

Батыста көкжиектен жап-жасыл ағаштың ұшы байқалды, бұл – Батыс ормандағы ең биік ағаш, оны адамдар Бәйтерек деп атайды, биіктігі бұлттарға дейін созылған алып ағаш аспанда қалқып тұрған жасыл бұлт іспеттес. Орман қаладан екі күндік жерде орналасқан. Онда әртүрлі өте қауіпті жануарлар мекен етеді, сол себепті адамдар онда бармайтын, ал Бұлақты қаласындағы адамдардың көпшілігі ет жемейтіндіктен, ондағы жануарларға тиіспейтін. Адамдар табиғатқа көзінің қарашығындай қарайтын болғандықтан, орманға тиіспеуді жөн санайтын.

Осы көрініске қарап Ерұлан өзінің бұл орынға соңғы рет келіп, қалаға соңғы рет қарап тұрғанын білген жоқ, тіпті олай ойламады да.

Ол жұмсақ шөпке шалқая жатып, ашық аспанда қалқыған бірнеше бұлттың қозғалысына назар аударды, осылайша бұлттарға қарап қалай көзінің ілініп, ұйқыға кеткенін де байқамай қалды. Тек арада ұзақ уақыт өткеннен кейін, күн тас төбеден ауып, ұясына жақындаған кезде ғана көзін ашты; Ерұланның бұлай ұйықтамағанына бірнеше аптаның жүзі болды, ол өзін керемет сезініп, барынша созыла керілді, осы сәтте оның құлағына түсінде көргендей қаладан шыққан әскери қоңыраулардың дыбысы етілді, бұл жолы дыбыс ешқандай түс емес – дыбыс шынында қаладан шықты. Зәресі қалмай Ерұлан орнынан атып тұрды да, қалаға қарады. Оған қаланың оңтүстік қақпасынан ішке кірген сарбаздардың қарасы байқалды, ал олардың біраз бөлігі қаланың қақпаларына қарай керуен сияқты тізіле келе жатты. Ол бірден ағаштың түбінде шөп күйсеп тұрған жылқысына қонды да, сарайына қарай шаба жөнелді.

Қалаға жеткен кезде қала көшелерінде толған сарбаздарды көрді, бұл жайт Ерұланға түсініксіз көрінді, әлгі сарбаздар қаланың солтүстігінде орналасқан әскери қонысқа бет алды, ал қала халқы көшелердің екі шетінде, кейбіреулері үйлерінің терезесінен оларды бақылады. Ерұлан жанында тұрған бір адамнан:

Мыналар мұнда не үшін жүр? – деп сұрады, әлгі адам Ерұланға қарамастан, «білмеймін» дегендей басын шайқады. Ерұлан атының басын бұрып сарайына қарай шаба жөнелді. Сарайына келген соң атынан түсіп, қақпаның алдындағы сарбаздан:

Сұлу қайда? – деп сұрады.

Сарайда, – деп жауап қатты сарбаз аттың ноқтасын ұстай.

Ерұлан жылдам сарайға барып:

Сұлу… Сұлу… – деп айқайлай бастады.

Не болып қалды, Ерұлан? – деді Сұлу ас үйдің ашық тұрған терезесінен сыртқа қарай. Ерұланның көңілі орнына түсіп, ас үйге қарай ақырын жүрді. Ол ас үйге кіре салысымен:

Сен қайда жүрсің, ә? – деп оған Сұлу қолындағы оқтауын шошаңдата сөйледі. – Және неге сонша айқайладың?

Тауға барып, сонда ұйықтап қалыппын, – деді Ерұлан.

Тауға бардым деп, басқа жерде Батыра екеуің қаңғырып келген жоқсыңдар ма? – деп Сұлу әзілдей сөйледі. Ерұлан Сұлуға жақындады, Сұлудың бойы Ерұланнан кішкене ғана аласа болатын, ұзын шашы бір бұрымға өріліп, жіңішке белінен кішкене төмен түсті, ал иегінің сол жағында кішігірім қою қара түсті қалы болды; жіңішке жүзінен мейірімділік шашырап тұрғандай, атына сай ол өте сұлу еді.

Сен бүгін әлгі дәрігерлердің ерсі қылықтарын байқамадың ба? – деп Ерұлан сыбырлай сұрады.

Жоқ, не болды? – деп ол кішкене кідірді де: – Неге сен сыбырлап сөйлеп тұрсың? – деді Сұлу.

Жарайды, ештеңе, – деп кішкене кідіре, – сен неге мұнда жұмыс істеп жүрсің? Сен барып демалуың қажет, бізде ас дайындайтын басқа да қызметшілер жеткілікті, сенің босануыңа аз қалды, бірақ сен ары-бері қозғалып жүрсің…

Сен білесің бе, Ерұлан? Аналар аяғым ауыр екен деп, қозғалыссыз қалмауы керек, олардың қозғалып тұрғандары ішіндегі балаға пайдалы: сондықтан мен де ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білемін, – деп ол Ерұланның мұрнының ұшынан саусағымен сипады. – Ал енді жуынып кел, кешкі ас дайын болып қалды.

Жарайды, – деді де, ол ас үйден шығып, тікелей жуынатын бөлмеге беттеді.

Жуынатын бөлмеге кіріп шыққан соң ол дәрігер мен оның көмекшісінің бөлмесінің жанынан өтті, олардың бөлмесінің есігі кішкене ашық болды, олардың біртүрлі қараңғы тартқан бөлмелерінен сыртқа қарай әлсіз жарық түсті. Ерұлан есіктің жанынан өте олардың күбірлеп сөйлеп жатқанын естіді, бірақ олар адамға түсінікті тілде сөйлеген жоқ. Ерұлан олардың дауысын «дұрыс естіми жатқан болармын» деп ойлады, алайда ол есікке жақындап, олардың әңгімесіне құлақ сала олардың мүлде басқа тілде сөйлеп жатқанын түсінді, олардың дауысы жейіркенішті естілді. Ерұланның бойынан тарақандар жүріп өткендей – ол өзінің күдігіне тағы да бір рет көз жеткізді, ол ары қарай бара жатыр еді:

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Сарман алты таңба кітабы»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Сарман алты таңба кітабы» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Сарман алты таңба кітабы»

Обсуждение, отзывы о книге «Сарман алты таңба кітабы» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x