Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы

Здесь есть возможность читать онлайн «Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. Год выпуска: 2021, Жанр: Крутой детектив, Героическая фантастика, fantasy_fight, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Сарман алты таңба кітабы: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Сарман алты таңба кітабы»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Адамдар Тұран атты хандықта өмір сүреді, елде билік жүргізетін Хан мен оның айналасындағы билеушілер қарапайым халыққа қарағанда өте ұзақ өмір сүреді. Басты кейіпкердің әкесі Ерұлан, олардың ұзақ ғұмырының сырын ашуға тырысып, нәтижесінде ол Ханның, адамдар арасында астыртын түрде, ерекше балаларды іздеп, ал адамдарға кіруге тиым салынған, тіршілігі жоқ өлі алқаптан, ерекше құнды затты іздеп жатқандығы жөнінде біледі, сонымен қатар ол Ханның сырын білуге тырысқан ғалымдардың, із-түссіз жоғалғанын анықтайды. Ол жақын досы Батырамен бірге, Хан мен билеушілердің құпиясын ашуға бір-ақ қадам қалғанда, оның жаңа туылған баласы, Хан іздеп жүрген сәби болып шығып, Батыра сәбиді Ханнан құтқару үшін, әлемдегі ең қауіпті орманға алып қашады. Орманда ол алты таңба кітабының сырын ашып, Хан мен оның айналасындағы билеушілердің жасыруға тырысқан, үлкен әрі қорқынышты құпиясы туралы біледі, Хан балаға қол жеткізу үшін, қашқынның соңынан он мыңдаған ажалсыз сарбаздарын жібереді. Оларды не күтіп тұр…

Сарман алты таңба кітабы — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Сарман алты таңба кітабы», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Амансыз ба? – деп дәрігер оның арқасынан сөйледі.

Иә, аманмын, өзіңіз қалайсыз? – деді ол дәрігерге бұрыла.

Көріп тұрғаныңыздай менде бәрі жақсы, – деп ол Ерұланға қабағын тыржитып, – менің ойымша сізде барлығы дұрыс емес сияқты, не болып жүр? Сұлу маған сіздің бір қорқынышты түсті қайта-қайта көріп жүр деп айтты.

Жо-жоқ, қазір менде бәрі дұрыс, – деп Ерұлан оның әнгімесінен қашқақтады.

Барлығы дұрыс болса, онда жақсы екен, егер сізде тағы осындай жағдай қайталанып жатса, маған айтыңыз, мен сізге тыныштандыратын шөптерден жасалған тұнба беремін, – деді біртүрлі жымия.

Ескеретін боламын, – деп ол да өтірік жымия салды.

Ерұлан асыға, ас үйге жақындады, ол жақындаған сайын, оның мұрнына керемет иістер келді, ол жүрісін жылдамдатып, әртүрлі тамақтың иісі аңқыған бөлмеге кірді.

Ал жайғасыңыз, мырзам, – деп Сұлу оған жымиды, ол жымиған сәтте езуінің екі шетінді, кішігірім ұяшықтар пайда болып, олар Сұлуды одан да мейірімдірек етіп көсетті. Ерұлан әртүрлі жеміс-жидектер мен қарасаң көз тоймайтын тағамдарға толып, жайнап тұрған үстелге жайғасты.

Қайсысынан бастарымды білмей тұрмын – мыналардың барлығы дәмді сияқты, тамақ талғамай барлығын татып көргенім дұрыс болар.

Үлкен ас үйде Ерұлан мен Сұлу ғана тамақтанды, оларды ешкім мазалаған жоқ: әңгіме айтып, алғаш кездескен кездерін еске алып, көңілді отырды, бірақ бұл көңілді кешті аяқ астынан келген сарбаз бұзды. Асхананың есігінен біреудің асығып келіп, есікті жылдам тоқылдатқаны естілді.

Кір! – деді Ерұлан, қолындағы қасығын ыдысына қайта сала.

Ішке бір сарбаз асыға кіріп:

Мазалағаным үшін кешіріңіздер, бірақ сыртта екі адам сізбен жолыққысы келетінін айтып тұр, кеш уақытта келгендіктен оларға ертең келіңдер дедім, бірақ олар сізбен кездеспей ешқайда кетпейміз деп қақпаның алдына отырып алды.

Олар кім болды, танымайсың ба?

Жоқ, оларды алғаш көруім. Өздерінің түрлері қаңғыбасқа ұқсайды, ал қолдарына екі үлкен дорба ұстап алған, олар сізге «Өте алыс жерден әкелген маңызды хабарымыз бар» деп айтсаң, сенің мырзаң түсінеді» деді, – деп сарбаздың айтқаны сол еді, Ерұлан орнынан атып тұра, бөлмеден оқтай ұшып шықты, оның артынан Сұлу:

Не болды, Ерұлан? Тыныштық па?

Иә-иә, уайымдама! Сен тамақтана бер, мен қазір келемін, – деді.

Ол қақпаға жақындағанда ашық тұрған қақпа алдында үстеріндегі киімдерінің тарам-тарамы шыққан, оның үстіне малмандай су, әбіржіген екі адамды көрді; қолдарына екі үлкен қоржын ұстаған, қоржындарынан төмен қарай су тамшылады. Ерұлан оларға жақындаған сәтте:

О, мырза, сізді көргенімізге қуаныштымыз! – деп қолдарындағы қоржындарын жерге қойып, Ерұланға жақындай бергені сол еді, сарбаздар найзаларын олардың көкірегіне тақап, әлгілерді тоқтатты. Бейтаныс адамдарға Ерұлан біраз қараған соң сегіз ай бұрын Тұманды аймағына жіберген адамдары екенін түсінді.

Нұрлан, Жақып, бұл сендер ме? – деп сұрады.

Не болды танымай қалдың ба?

Әрине, мына түрлеріңді көріп… сендерді мен түгілі, туған аналарың да танымай қалады, сендерге не болған? Ал қалғандары қайда?

Барлығын осында айтқанымызды қалайсың ба? – деді Жақып, алдында тұрған сарбаздарға басынан-аяқ көз жүгірте.

Жо-жоқ, ішке кіріңдер, менің соңымнан еріңдер, – деп оларды өзімен бірге кітапханасына алып кетті.

Кітапханаға барар жолда Ерұлан олардан не болғанын сұрап еді, «оңаша жерге барған соң ғана айтамыз», – деп жауап қатты.

Не болды, соншалықты құпия ма? – деді Ерұлан түрі өзгере.

Сен білмейсің ғой біздің не көргенімізді, – деді Жақып.

Иә, түрлеріңнен көрініп тұр бір жаманшылықтың орын алғаны.

Олардың арасында тыныштық орнады – тек басқан қадамдарының дыбысы ғана естілді. Ерұлан анда-санда оларға көз қырымен қарап-қарап қойды да, кітапханаға жақындай, тоқтап есікті ашып, оларға ішке кіруге жол берді. Олар кітапханаға кірген кезде, Нұрлан шатқалақтай жерге құлай жаздады, оны Ерұлан қолтықтай ұстап:

Сенде бәрі дұрыс па? – деді бір қолымен есікті жібере.

Иә, дұрыс… Кішкене әлсірегенім болмаса… – деп орнына қайта тұрды.

Мен сендер үшін қобалжиын дедім, қазір сендерге тіске басар алдыртайын.

Жоқ, ештеңенің қажеті жоқ, тезірек ішке кірейік және есікті бекітіп ал, – деп Нұрлан шатқалақтай жүре, үлкен кітапханаға кірді. Барлығы үстелге жайғасып болған соң:

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Сарман алты таңба кітабы»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Сарман алты таңба кітабы» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Сарман алты таңба кітабы»

Обсуждение, отзывы о книге «Сарман алты таңба кітабы» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x