Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы

Здесь есть возможность читать онлайн «Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. Год выпуска: 2021, Жанр: Крутой детектив, Героическая фантастика, fantasy_fight, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Сарман алты таңба кітабы: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Сарман алты таңба кітабы»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Адамдар Тұран атты хандықта өмір сүреді, елде билік жүргізетін Хан мен оның айналасындағы билеушілер қарапайым халыққа қарағанда өте ұзақ өмір сүреді. Басты кейіпкердің әкесі Ерұлан, олардың ұзақ ғұмырының сырын ашуға тырысып, нәтижесінде ол Ханның, адамдар арасында астыртын түрде, ерекше балаларды іздеп, ал адамдарға кіруге тиым салынған, тіршілігі жоқ өлі алқаптан, ерекше құнды затты іздеп жатқандығы жөнінде біледі, сонымен қатар ол Ханның сырын білуге тырысқан ғалымдардың, із-түссіз жоғалғанын анықтайды. Ол жақын досы Батырамен бірге, Хан мен билеушілердің құпиясын ашуға бір-ақ қадам қалғанда, оның жаңа туылған баласы, Хан іздеп жүрген сәби болып шығып, Батыра сәбиді Ханнан құтқару үшін, әлемдегі ең қауіпті орманға алып қашады. Орманда ол алты таңба кітабының сырын ашып, Хан мен оның айналасындағы билеушілердің жасыруға тырысқан, үлкен әрі қорқынышты құпиясы туралы біледі, Хан балаға қол жеткізу үшін, қашқынның соңынан он мыңдаған ажалсыз сарбаздарын жібереді. Оларды не күтіп тұр…

Сарман алты таңба кітабы — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Сарман алты таңба кітабы», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Ал енді құлағым сендерде, неге сонша жоғалып кеттіңдер? Және сендерге не болған? Тепсе темір үзетін жігіттердің шал сияқты шамасыз күйге түсуіне не себепші? – деді ол екеуіне қарап.

Иә, айтпа, – деді Жақып күрсіне.

Біз сен айтқан жерге бардық, бірақ онда бару біз үшін оңайға соққан жоқ – алыс әрі қиын жолда бізді бірнен кейін бірі жолдастарымыз тастап қашты. Онда жету үшін біз үш ай уақыт жоғалттық. Хандық пен Тұмандыны бөлген алып қорғанға жетіп, арғы бетке өттік… – деп кідірді, – онда халық айтқандай: ешқандай тіршілік жоқ, тірі жәндік, өсімдік, ештеңе тіршілік етпейді; ештеңе өспейді, нағыз өлі аймақ – құдды біреу бар тіршілікті алып, бір сандыққа жасырып қоғандай, тек қара түсті өлі топырақтан басқа ештеңе кездестірген жоқпыз; кездестірмейміз деп те ойладық, бірақ біз қателескен екенбіз, ол жерде шынында бірдеңе болған сияқты, – деген кезде Ерұланның жүзі өзгеріп кетті, – сен берген жолсызбамен жүре бере, біз аласа таулардың арасына келдік. Тау арасынан сен айтқандай мұнараны таптық, – деген сөздер оның аузынан шығып еді, Ерұлан Жақыптың айтқанына асқан мұқияттықпен тыңдай бастады.

Мұнара – үлкен ақ түсті кірпіштермен қаланған, ал биіктігі екі қабат үймен бірдей, төбесі қираған, бірақ айналасында ешқандай қиранды болған жоқ, ерте уақытта салынғаны анық, үстіне шығып төмен қараған сәтте оның төмен қарай тереңірек созылып, басым бөлігі жер астында жатқанын түсіндік.

Екеулеп төмен түсіп мұнараның ішін қарадық – басында ешқандай күдікті зат байқалған жоқ, алдымызда ұзына бойы созылып, қаратүнекке оранған дәліз жатты, сұр түсті шаң басқан қабырғаларында бейтаныс руналар бейнеленген, ондайды біз бұрын-соңды көрмегенбіз, ал ары қарай жүре берген кезде… адамның қаңқасын таптық…

Адамның қаңқасы? – деп оны Ерұлан бөліп жіберді. – Бірақ бұл мүмкін емес қой, қалайша? – деді ол таңырқай.

Ол жағын мен білмедім, бірақ онда бір емес, ондаған адамның қаңқасы болды және олар бүтін болған жоқ, құдды бір алып хайуанмен шайқасқан сияқты жан-жаққа шашылған, бас сүйектері мен сүйектері сынған, майдаланып кеткен десек те болады. Әлгіні көргеннен кейін бойымызды үрей басты, «артқа қайтамыз ба» деген ой келді, бірақ біздің қызыққұмарлығымыз, қорқынышымыздан күштірек болып, соңына дейін жүруге бел байладық. Жол бойы одан біздің көргеніміз қаңқалар болды, ал соңына жеткенде не тапқанымыз сенің он ұйықтасаң түсіңе кірмейді, – деді Жақып .

Не таптыңдар? – деді ол тағатсыздана.

Соңында біз мұнараның қираған бөлігіне келдік, ары қарай жол жабық болды – үйінділермен бекітілген, менің ойымша біз мұнараның тек бір бөлігін ғана қарап шықтық. Сол жерден ғана біз бүтін қаңқаны таптық, бірақ оның адамдікі екеніне менің күмәнім бар, – деді де, Жақып Нұрланға қарады, Нұрлан оған басын изеп, қоржынның ішінен екі мүйізі шошайған, үлкен бас сүйекті алып Ерұланның алдына қойды, әлгіні көрген Ерұлан кішкене артқа қарай шалқайып:

Бұл не? – деп сұрады үрейлене.

Көріп тұрған жоқсың ба – бас сүйек! Жағымсыз иісіне мән берме, біз қалаға кірер кезде қақпадағы сарбаздар тексермес үшін, кәріс құбыры арқылы кіруге тура келді, – деді Нұрлан.

Бас сүйек екенін білемін ғой, бірақ кімдікі?

Ол жағын біз де білмейміз, одан бөлек оның жанында мына заттар жатты, – деп Нұрлан қоржынның ішінен: төрт бұрышты сұр түсті қорап, бойтұмар мен жартылай сынған қанжарды алып, Ерұланның алдына тізіп қойды.

Сұр түсті қораптың сыртында түсініксіз руналар болды. Ерұланды қызықтырған да сол, себебі руналар оған таныс көрінді. Оларды бұрын бір жерде көргеніне сенімді, алайда қайдан екенін есіне түсіре алмады. Нұрлан әлгі сұр қорапқа қолын тигізген жоқ, ол қорапты асқан мұқияттылықпен ұстады, құдды қорап өте нәзік зат болғандай, Нұрлан қолындағы қоржынын шетке қойған кезде Ерұлан:

Ал мынау не? – деп ол қорапты ұстай бергені сол еді, Нұрлан мен Жақып:

Жо-жоқ! – деп оны тоқтатып үлгермеді, Ерұлан қорапты ұстай бергені сол, қолын қойған орын қызып-қызыл түсті жарық шашырай, Ерұланды шалқасынан құлатты. Ол есінен танып, Нұрлан мен Жақып екі жақтап оны орындыққа қайта отырғыза, сезімге келтірді.

Қалайсың, досым? Неге айтқан тілді алмадың? – деді ол. – Не көрдің? Сен мынаны ұстаған кезде бірдеңе көрдің бе? – деп Нұрлан тағатсыздана сұрады. Ал Ерұлан отырған орнында ойын жинақтай алмай кішкене кідірді, оның өне бойы дірілдеп, өңі қаша, маңдайы терлеп, қабаған иттен қашқан адам сияқты ентіге тыныс алды.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Сарман алты таңба кітабы»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Сарман алты таңба кітабы» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Сарман алты таңба кітабы»

Обсуждение, отзывы о книге «Сарман алты таңба кітабы» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x