Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы

Здесь есть возможность читать онлайн «Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. Год выпуска: 2021, Жанр: Крутой детектив, Героическая фантастика, fantasy_fight, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Сарман алты таңба кітабы: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Сарман алты таңба кітабы»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Адамдар Тұран атты хандықта өмір сүреді, елде билік жүргізетін Хан мен оның айналасындағы билеушілер қарапайым халыққа қарағанда өте ұзақ өмір сүреді. Басты кейіпкердің әкесі Ерұлан, олардың ұзақ ғұмырының сырын ашуға тырысып, нәтижесінде ол Ханның, адамдар арасында астыртын түрде, ерекше балаларды іздеп, ал адамдарға кіруге тиым салынған, тіршілігі жоқ өлі алқаптан, ерекше құнды затты іздеп жатқандығы жөнінде біледі, сонымен қатар ол Ханның сырын білуге тырысқан ғалымдардың, із-түссіз жоғалғанын анықтайды. Ол жақын досы Батырамен бірге, Хан мен билеушілердің құпиясын ашуға бір-ақ қадам қалғанда, оның жаңа туылған баласы, Хан іздеп жүрген сәби болып шығып, Батыра сәбиді Ханнан құтқару үшін, әлемдегі ең қауіпті орманға алып қашады. Орманда ол алты таңба кітабының сырын ашып, Хан мен оның айналасындағы билеушілердің жасыруға тырысқан, үлкен әрі қорқынышты құпиясы туралы біледі, Хан балаға қол жеткізу үшін, қашқынның соңынан он мыңдаған ажалсыз сарбаздарын жібереді. Оларды не күтіп тұр…

Сарман алты таңба кітабы — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Сарман алты таңба кітабы», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Сенің ойлап таппайтының жоқ, жарайды көрейік не екенін, – деп Батыра Ерұланның соңынан ерді.

Екеуі кітапханадан шықты да, ұзын дәлізбен жүре, оңға бұрылып, сарайдан шықты, алып қабырғамен қоршалған сарайды айнала, оның артына барды. Арт жағында қабырғалардың бұрышында орналасқан кішігірім ғимаратқа келді. Кірпіштермен өрілген, үлкен есік-терезесі бар, бірақ жақсылап жабылған ғимараттың есігін Ерұлан қалтасынан кілтін алып ашып, ішке кірді де, құрал-саймандары шашылған үстелге шамды қойып, қабырғада ілулі тұрған үлкен шамшырақты жақты, оның сәулесі бүкіл бөлмені өзінің жарығымен айқын етті.

Батыра айналасына көз жүгірте:

Мына орынды ретке келтіру керек деп ойламайсың ба? – деді ол Ерұланға көз қырын тастай.

Онда әртүрлі темір құралдар шашылып жатты, тіпті Батыра байқаусызда ауыр темір заттардың біріне аяғын соғып алды.

Жоқ, барылығы рет-ретімен тұр емес пе? – деді Ерұлан жымия. – Ал міне, біздің сұлуымыз, – деп бөлменің ортасында қара матамен жабылған үлкен заттың жанына келіп, оның бетінен матаны жұлып алды.

Бұл не? – деді Батыра әлгі затқа жақындай.

Бұл – Тазарлық зеңбірек.

Тазарлық зеңбірек? Онымен не істемексің және неге Тазарлық зеңбірек?

Себебі мен оны Тазар қаласынан әкелінген темірден жасадым, өзің де білесің, онда ең керемет темірлерді өндіреді.

Сен мынаны толықтай өзің жасадың ба? – деді Батыра зеңбіректі айнала жүріп. – Оны қалай пайдаланасың, ол үлкен, өткір, бұрыштары да жоқ, өзі домалақ екен, мына үлкен тесік не үшін?

Оны мен саған орманға барған кезде көрсетемін және оны пайдалану үшін ешқандай өткір бұрышты қажет етпейді, сендердің қылыштарың сияқты оны ары-бері сермеп те әуре болмайсың, ал енді саған өтінішім, осыны қаладан алып шығуға көмектес, сен қаладағы Даттан кейінгі әскербасысың, сені қаладан шығарда ешкім тексермес, – деді Ерұлан иегін сипай.

Жетпегені осы еді, – деп Батыра басын шайқады, – сені тоқтату менің қолымнан келмейтін сияқты, өзіңнің қарғыс атқыр сұрақтарыңа жауап таппай, сен тынышталмайсың; мен саған тек бір келеңсіздікке ұрынып қалмас үшін көмектесемін, бірақ тек мен айтқан күні барамыз, сенің мына қаруыңның қалай жұмыс істейтіні маған қызық болып тұр.

Жарайды, оған дейін мынаның бітпеген бір-екі жерін жасауым қажет, бірақ тым ұзақ күттірме, білесің ғой менің күткенді ұнатпайтынымды.

Жарайды, жарайды, қолым босай салысымен саған келемін, ал енді ғафу етсең, мен қайтайын, – деп ол шеберханадан шықты да, тоқтап: – А, айтамын деп ұмытып кетіппін, бұл жолы өзіңмен бірге өз сарбаздарыңды алып жүр, мен саған өзімдікін бермеймін – онсыз да өткен жолы екеуі сенің артыңды жабамыз деп жарақат алды, сосын Датқа басқа сылтау айтуға тура келді, – деді ол.

Иә, иә, – деді Ерұлан зеңбіректің бетін қайта жауып жатып, оның көз алдына көрген түсі елестеді: сарбаздардың бір-біріне жүгіріп, бірін-бірі аяусыз өлтіргені, тіпті олардың айқайлаған дауыстары, жарылыстың үні оның басында жаңғыра естілгендей, зеңбірекке қарап: «Түсімдегі осының дыбысы емес пе?» деп өзінен сұрады, «бірақ біздің хандықта мың жылдан аса уақыт соғыс болған жоқ, жай ғана кездейсоқтық шығар, мен мұны адамдарға қарсы пайдаланбаймын деп ойлаймын, мүмкін бұл жайлы басқа біреулер біліп, оны ұрлап кетсе, алайда хандықта ондай іс-әрекетке баратын адам табылмас» деп ол өзін жұбатты, бірақ ол өзін не күтіп тұрғанын білген жоқ және барлығы аяқ асты өзгереді деп күмәнданған емес.

Сарайды айнала қоршаған қорғанның жабық тұрған қақпаларының алдына келген Батыраны қарауылда еңселері түсіп, салпайып тұрған сарбаздар, оны көре салып, тік тұрып, қолдарындағы найзаларын берік ұстады. Олардың іс-әрекетін байқаған Батыра:

Еркін тұра беріңдер, жігіттер, – деп оларға күлімсіреді. Батыра мінезі жағынан өте керемет жан, тек керек кезінде өзінің қаталдығы мен қайсарлығын көрсеткенді жөн санайды. Оның артынан Ерұлан да шеберханасының есігін кілттеп келді. Қара аспанда сан мыңдаған жұлдыздарға қарап, кештің салқын ауасымен тыныстап тұрған Батыраға:

Мен сені жұлдыздарға қарап тамсанады деп ойламаппын, – деді Ерұлан оның арқасынан қаға.

Мұндай кереметті көріп, тек ақымақ қана тамсанбас, – деді ол аспаннан көз алмай. – Сен неге күзет қойып қойғансың? Сенің сарайыңа біреу бас сұғады деп ойлайсың ба? – деді Батыра.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Сарман алты таңба кітабы»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Сарман алты таңба кітабы» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Сарман алты таңба кітабы»

Обсуждение, отзывы о книге «Сарман алты таңба кітабы» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x