Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе

Здесь есть возможность читать онлайн «Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. Издательство: Литагент Selfpub.ru (искл), Жанр: samizdat, История, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Шежірем сыр шертсе: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Шежірем сыр шертсе»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Автор әулет шежіресін 2 үлкен бөлімге бөліп жазған. Бірінші бөлімде кіріспе, жеті ата және қазақтар, қазақ хандығы мен жүздер сияқты шежіре, нәсіліміз бен шыққан тегіміз, мемлекеттілігіміз жайлы жалпы мағлұмат беретін мәселелерді қозғайды. Жеті ата тақырыбын қозғағанда бірқатар зерттеушілеріміздің осы мәселе жөнінде түйген ой-пікірлерін ортаға салады. Олардың ішінде Д.Қонаев, С.Мұқанов сияқты халқымыздың білгір, парасатты ұлдары да бар. Қай ел, қай халықтың тарихы жайлы сөз қозғамайық, оның алтын қазық арқауы, аттап өтуге, айтпай кетуге болмайтын тақырыбы − қашанда оның ныспы, атауы емес пе. Сондықтан автор шежіресін оны көп шежірешілер жеткізе айта алмай келе жатқан шығу тегіміздің сонау бастау көзі – қарға тамыр қазағымның «қазақ» деген атауы мен оның шығу тарихымен ұштастыра жазады. Қазақтар да бір түнде туып, бір күнде «қазақ» аталмағандығын, олардың да өзге ұлттар мен халықтар сияқты мыңжылдық тарихы бар ел екендігін тілге тиек етеді. Елбасымыздың Қазақстан халқына жасаған кейінгі жолдау сөздерінде елімізді текке "мәңгілік ел" деп атамағандығын, орайы келсе оны «Қазақ елі» деп атау мәселесін де көтергенін сөз етеді. Сөйтіп Қазақ этнонимінің шығу тарихына, "Қазақтар кімдер, қайдан шыққан?" деген салиқалы сауалға 2 тарауда ғалымдардың кеңес дәуірінде көкейтесті бола алмай, шаң басқан сөрелерде қалып қойған еңбектерінен үзінділер келтіреді. Сөйтіп бұл деректер қазақтардың тарих аренасына шығу жайын әрі қарай 5–6 ғасырларға қарай жылжыта түсетіндігін әңгімелейді. Қазақ хандығының құрылуы мен оның негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандарға қатысты фактілерді көпшілік білетін жалаң деректер негізінде емес, белгілі ғалымдардың жан-жақты айтылған пікірлеріне сүйене отырып, оның тарихи алғы шарттары мен әлеуметтік қыр-сырларын, ішкі психологиялық жай-жапсарларын ашып көрсетуге тырысады. Мұны шежіресінің 3 тарауында береді. Жүз мәселесі мен оның құрамдары, қалыптасу барысы жайлы, ондағы ру-тайпалар таңбалары хақында жазғанда да осы қағиданы ұстанады. Бұл турасында "Жүздер қашан, қайдан шыққан?" деген 4 тараудың бас жағында баяндап өтеді. Осы ретте Ұлы, Орта, Кіші жүз аталары мен олардың құрамына кірмейтін, бірақ халқымыздың құрамдас бөліктері болып табылатын өзге рулық топтар туралы да 5, 6, 7 тарауларда қысқаша болса да мағлұматтар беріп кетеді. Әулетінің бастау көзі болғандықтан Кіші жүздің Әлімұлы бірлестігіне кеңірек тоқталып, кейбір авторлар оны ондағы Алты ата Әлім атауымен әлі күнге дейін жиі шатастырып жазып жүргендіктен, 8–9 тарауларда бұл мәселенің жігін ашып, тігісін жазып, дұрыс түсіндіріп жазып беруге тырысады. Сонымен қатар кіші жүздің қаракесек бірлестігіне қарайтын шөмекей-сарықасқа шежірелерінде бұрындары айтылы қоймаған "Шу хақан" тарихы сияқты кейбір тың мәселелердің басын қозғап, ашып жазуға ниеттенеді. Мұнда б.з.б. өмір сүрген Шу хақан мен екі мүйізі қарағайдай әлемнің жарты бөлігін жаулап алушы әйгілі Ескендір Зұлқарнайын арасындағы жорық қимылдары баяндалады. Шөмекейдің атышулы көне ғұн тайпаларының ұрпағы екендігін дәлелдейтін, оның таңбасы шекіліп салынған археологиялық артефактілер, сосын Шу өзенінің атауына байланысты жазылған тарихи ақпараттар жайлы тың мағлұматтар береді. Сөйтіп бұлардың бәрі шөмекей тарихын әріге, көне замандарға ысырып тастайтындығына ұстамды дәлелдер келтіреді. Мағлұматтарын М.Х. Дулати, М.Қашқари, М.Тынышпаев, Әлкей Марғұлан сынды ғұлама, көне араб, қытай жазбаларын зерделеген бүгінгі таңдағы отандық өзге де белгілі, танымал ғалымдар еңбектерінен алған деректерімен шыншыл жазуға тырысады. Сонымен шежіресінің 1 бөлімін аты мен тарихы көп шежірелерден белгілі, отан қорғау жолында жоңғар соғыстарына қатысқан бабалары Келменбет батыр жайлы жазылған дастан, аңыздар мен одан тарайтын ұрпақтар кестесімен аяқтайды. Ал шежіренің 2 бөлімі осы Келменбет батырдан бастау алып, тарайтын ата-бабалары мен оның өзі білетін бүгінгі ұрпақтарына туралы жазылған тарихи естелік-эсселер, түрлі түсті фотоматериалдармен ашылады. СССР журналистер одағының, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Тажис Мыңжасар.

Шежірем сыр шертсе — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Шежірем сыр шертсе», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Ал Ұланақтың қалай қаракесек атауын алып, қарашаңырақ иесі болғандығына келер болсақ, мұны растар деректі біз қаракесек ақыны Қанатбай Елеусізұлының мына өлең жолдарынан табамыз:

Айтайық Қаракесек–

Ұланақты,

Атаның бауырында өсіп

бұла бопты.

Қария жас әйелден

бала көрмей,

Әлімнің бір баласын

сұрап апты.

Осыған орай Ұланақ ұрпақтары Әлімұлы кестесіне қарашаңырақ иесі ретінде Қайырбайдың «Қаракесек» атымен еніп, талас жоқ, оның әулеттегі құқықтық, құзырлық күштерін де иемденіп, сөйтіп дәстүр бойынша сонау кездерден бүгінге дейін жолдарын Әлімдікінен де үлкен деп санап жүргендері белгілі. Біле-білсек бұл да қисынды тұжырым. Жай емес, дәйекті тұжырым.

Тағы бір айтайын дегеніміз, шежірелерді қарап отырсаңыз, кейбіреулерінен бір-біріне қайшы келетін мәлімет, дерек тұстарын кездестіріп қаласыз. Біз ондайда олардың қайшылықтарын алып тастап, ортақ белгілері бойынша қайта топтастырып жазуға тырыстық. Мәселен, біз Хамит Маданов пен Мақсұт Неталиевтің «Кіші жүз» шежірелері мен Тынышбек Дайрабаевтың «Кете–Шөмекей шежіресінде», Әлиакбар Жұматайұлының шежіре-өлеңі мен Зайыр Сәдібековтың «Қазақ шежіресінде» (Ташкент–Узбекистон. 1994 ж. 6 бөлім. 109–110 б.б.),халқымызға белгілі, атақты Нұрмұхамедұлы Жанқожа батыр шежіресінде о бастағы шыққан тегіміз бен ағайынды Байсары, Әлім, Шөмен тегіне қатысты айтылатын деректерді осылайша түзетіп, бір-бірімен толықтырып бердік. Ол бойынша тегіміз: Жайылханнан–Қалпақ, одан–Түмен. Түменнен–Қазақ, одан–Бекарыс. Бекарыстан–Ордаш, одан–Мөңке. Мөңкеден Сарымырза, одан–Қоғам, одан–Алшын туады да, ал одан ағайынды Алау мен Арғымақ дүниеге келеді. Алаудан барып Құдияр тентек, ал одан үш қожа–Байқожа, Сәдірқожа, Нәдірқожа тарайды. Осы Нәдірқожадан барып, жоғарыда тілге тиек етіп отырған Қайырбай-Қаракесек пен Қыдырбай-Байұлы туады. Бұл Әлиакбар Жұматайұлының шежіре-өлеңінде былай жырланады:

Алшыннан Арғымақ пен Алау туды,

Алғашы ала жібек жалау болды.

Ту ұстап, тұлпар мініп, топты бастап,

Дұшпанға туғаннан-ақ талау болды.

Алаудан туды бала–тентек Құдияр,

Жан болды жауға қарсы қайраты бар.

Баһадүр батырлығы жұрттан асқан,

Семсерді сілтегенде кесіпті нар.

Үш қожа тағы туды Құдиярдан,

Ерлікте пар келмеді бұларға жан.

Байқожа, Сәдірқожа, Нәдірқожа,

Нәдірден Қаракесек бала болған.

Баласы Қаракесек Әлім, Шөмен,

Болыпты бұлар да үшеу Байсарымен.

Бозаншы Байсарыдан жетім қалып,

Қайғырып, қаршадайынан шөккен Шөмен.

Бүкіл алшынның ұранына, бәлкім, айтулы батыр болғасын шығар, осы Арғымақтың аты алынады. Біреулер оны Алау батырдың лақап аты деседі. Бірақ бұл, біздіңше, қате пікір. Өйткені шежірелердің денінде олар екі ағайынды болып келеді. Сөйтіп Арғымақтан–Телеу, еншілесі Рамадан таратылады.

Қолымызға кейінірек тиген Рашид–Әлмахан шежіресінде Алаудан тарайтын оның еншілестері Саптан мен Қылуар жөнінде деректер беріледі. Оларда Саптаннан–Жаурыншы, Қарақатыш, одан–Мелде, одан–Елез, одан–Қарашәмен, Аққожа, Есқожа, Бұдаш тарқатылады. Осы Бұдаштан – әйгілі Жағалбайлы, Қуат, Ормантай. Жағалбайлыдан–Бөдеш, Бестерек, Болат, Қараша, Аққожа, Ормантай, Құтбанай, Тұзбет, Сирақты, Байқожа, Манатау, Біліс дүниеге келеді. Қылуардың еншілес інісінен–Керейіт, одан–Тәңірберген, одан–Байдос, Жандос. Байдостан–Жанқабыл, Жарек. Жандостан–Ыдық, Жартай тарайды. Пайымдауымызша, мұнда Кердері Құдиярдың Нәдірқожасынан емес, Байқожасынан өрбуі керек сияқты. Өйткені Нәдірқожадан біздер, Қаракесектер мен Байұлы тарамаймыз ба? Ал Сәдірқожадан –Табын, Тама тарқатылады. Өйткені ресми шежіре деректері бойынша Кердері мен соңғы екеуі Жетіруға жататындығы белгілі.

Нәдірқожаның Қыдырқожасынан (Байұлынан)–Алтын, Самса, Жанбибі (біздіңше Жамбы+би). Самсадан–Беріш, Жаппас. Жанбибіден–Сұлтансиық, Бақтысиық, Қыдырсиық. Сұлтансиықтан–Қызылқұрт, Масқар, Алаша, Байбақты. Бақтысиықтан–Есен, Темір, Шеркеш. Қыдырсиықтан–Ысық, Баршабике. Осы Баршабикеденшежіре, тарихтарда жиен деп айтылғанымен, бірақ үлкен жиында қолына жілік ұстатылып, әулеттің ұлы деп жарияланған айтулы Адайтуған көрінеді. Адайдан–Құдайке, Келімберді. Құдайкеден–Тәжіке, Қосай. Тәжікеден–Қабақай, одан–Ешмұрат, Қарамырза, одан–Құлынби, Сегізбатыр. Құлынбиден–Мәмек, одан–Тәжіғали, Маханмадияр. Тәжіғалидан–Зиналабадин, Әлхан. Маханмадиярдан– Әлиасқар. Қосайдан–Теңей, Байбол (бәйбішеден), Сүйіндік, Бәли (екінші әйелінен), Айтай, Бегей (үшінші әйелінен). Келімбердіден–Ақбан (бірінші әйелінен), Қонай, Орыс (екінші әйелінен), Балықшы (үшінші әйелінен),

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Шежірем сыр шертсе»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Шежірем сыр шертсе» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Шежірем сыр шертсе»

Обсуждение, отзывы о книге «Шежірем сыр шертсе» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x