Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе

Здесь есть возможность читать онлайн «Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. Издательство: Литагент Selfpub.ru (искл), Жанр: samizdat, История, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Шежірем сыр шертсе: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Шежірем сыр шертсе»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Автор әулет шежіресін 2 үлкен бөлімге бөліп жазған. Бірінші бөлімде кіріспе, жеті ата және қазақтар, қазақ хандығы мен жүздер сияқты шежіре, нәсіліміз бен шыққан тегіміз, мемлекеттілігіміз жайлы жалпы мағлұмат беретін мәселелерді қозғайды. Жеті ата тақырыбын қозғағанда бірқатар зерттеушілеріміздің осы мәселе жөнінде түйген ой-пікірлерін ортаға салады. Олардың ішінде Д.Қонаев, С.Мұқанов сияқты халқымыздың білгір, парасатты ұлдары да бар. Қай ел, қай халықтың тарихы жайлы сөз қозғамайық, оның алтын қазық арқауы, аттап өтуге, айтпай кетуге болмайтын тақырыбы − қашанда оның ныспы, атауы емес пе. Сондықтан автор шежіресін оны көп шежірешілер жеткізе айта алмай келе жатқан шығу тегіміздің сонау бастау көзі – қарға тамыр қазағымның «қазақ» деген атауы мен оның шығу тарихымен ұштастыра жазады. Қазақтар да бір түнде туып, бір күнде «қазақ» аталмағандығын, олардың да өзге ұлттар мен халықтар сияқты мыңжылдық тарихы бар ел екендігін тілге тиек етеді. Елбасымыздың Қазақстан халқына жасаған кейінгі жолдау сөздерінде елімізді текке "мәңгілік ел" деп атамағандығын, орайы келсе оны «Қазақ елі» деп атау мәселесін де көтергенін сөз етеді. Сөйтіп Қазақ этнонимінің шығу тарихына, "Қазақтар кімдер, қайдан шыққан?" деген салиқалы сауалға 2 тарауда ғалымдардың кеңес дәуірінде көкейтесті бола алмай, шаң басқан сөрелерде қалып қойған еңбектерінен үзінділер келтіреді. Сөйтіп бұл деректер қазақтардың тарих аренасына шығу жайын әрі қарай 5–6 ғасырларға қарай жылжыта түсетіндігін әңгімелейді. Қазақ хандығының құрылуы мен оның негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандарға қатысты фактілерді көпшілік білетін жалаң деректер негізінде емес, белгілі ғалымдардың жан-жақты айтылған пікірлеріне сүйене отырып, оның тарихи алғы шарттары мен әлеуметтік қыр-сырларын, ішкі психологиялық жай-жапсарларын ашып көрсетуге тырысады. Мұны шежіресінің 3 тарауында береді. Жүз мәселесі мен оның құрамдары, қалыптасу барысы жайлы, ондағы ру-тайпалар таңбалары хақында жазғанда да осы қағиданы ұстанады. Бұл турасында "Жүздер қашан, қайдан шыққан?" деген 4 тараудың бас жағында баяндап өтеді. Осы ретте Ұлы, Орта, Кіші жүз аталары мен олардың құрамына кірмейтін, бірақ халқымыздың құрамдас бөліктері болып табылатын өзге рулық топтар туралы да 5, 6, 7 тарауларда қысқаша болса да мағлұматтар беріп кетеді. Әулетінің бастау көзі болғандықтан Кіші жүздің Әлімұлы бірлестігіне кеңірек тоқталып, кейбір авторлар оны ондағы Алты ата Әлім атауымен әлі күнге дейін жиі шатастырып жазып жүргендіктен, 8–9 тарауларда бұл мәселенің жігін ашып, тігісін жазып, дұрыс түсіндіріп жазып беруге тырысады. Сонымен қатар кіші жүздің қаракесек бірлестігіне қарайтын шөмекей-сарықасқа шежірелерінде бұрындары айтылы қоймаған "Шу хақан" тарихы сияқты кейбір тың мәселелердің басын қозғап, ашып жазуға ниеттенеді. Мұнда б.з.б. өмір сүрген Шу хақан мен екі мүйізі қарағайдай әлемнің жарты бөлігін жаулап алушы әйгілі Ескендір Зұлқарнайын арасындағы жорық қимылдары баяндалады. Шөмекейдің атышулы көне ғұн тайпаларының ұрпағы екендігін дәлелдейтін, оның таңбасы шекіліп салынған археологиялық артефактілер, сосын Шу өзенінің атауына байланысты жазылған тарихи ақпараттар жайлы тың мағлұматтар береді. Сөйтіп бұлардың бәрі шөмекей тарихын әріге, көне замандарға ысырып тастайтындығына ұстамды дәлелдер келтіреді. Мағлұматтарын М.Х. Дулати, М.Қашқари, М.Тынышпаев, Әлкей Марғұлан сынды ғұлама, көне араб, қытай жазбаларын зерделеген бүгінгі таңдағы отандық өзге де белгілі, танымал ғалымдар еңбектерінен алған деректерімен шыншыл жазуға тырысады. Сонымен шежіресінің 1 бөлімін аты мен тарихы көп шежірелерден белгілі, отан қорғау жолында жоңғар соғыстарына қатысқан бабалары Келменбет батыр жайлы жазылған дастан, аңыздар мен одан тарайтын ұрпақтар кестесімен аяқтайды. Ал шежіренің 2 бөлімі осы Келменбет батырдан бастау алып, тарайтын ата-бабалары мен оның өзі білетін бүгінгі ұрпақтарына туралы жазылған тарихи естелік-эсселер, түрлі түсті фотоматериалдармен ашылады. СССР журналистер одағының, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Тажис Мыңжасар.

Шежірем сыр шертсе — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Шежірем сыр шертсе», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Ал Болат пен Мұрат бауырларымыздың тамырында Айымкүл жеңешемізден ауысқан, жанбайлардың арасында лақап ныспымен «Нақөз» деп аталып кеткен әйгілі араб жұртының да қаны бар. Халқымыз шежіресінде «Нақөз» жұртының атауын кезінде «Нөкіс» деп тілін сындыра дыбыстап, жаныс руының жанбай атасының құрамына енгізген. Жанбайлардың қатарына қосқан себебі бөлек хикая. Дегенмен қысқаша қайырар болсақ, жанбай сұлуы Ақбілекке үйленген араб патшазадасы қайтыс болған соң, оның ұлы Жиенбет нағашыларының қолында қалып, өсіп-өнеді. Көбейгеннен кейін жанбайлар оларды өз ішінен жеке рулы ел етіп, бөліп шығарады. Әңгімеміздің негізгі арқау, желісінен шығып кетпеу үшін Нақөз жөніндегі аңыз, хикаямызды оқимын дегендерге шежіреміздің соңындағы қосымша тарауда беріп отырмыз.

Бәрін тізіп айта бермесек те, Шүкір баурымыздың құдай қосқан қосағы Алтын мен Роза қарындасымыздың үйіндегі белгілі журналист, жазушы Мақұлбек ошақтының түлектері екендігін атап кету керек тәрізді. Ал өзімнің бел құда-құдағиым Есдәулет пен Айгүл, келінім Жанерке және Астанада тұрып жатқан Сәуле қарындасымыздың жан жары, елге танымал, белгілі кардиолог-хирург Ермаханбет, Марат ініміздің келіншегі Назира мен қарындасы Инараның құдай қосқан қосағы Нұрлан күні кешелері күрестен "Қазақстан барысы" атағын жеңіп алған Айбек Нұғмаровтай айтулы палуан шыққан көне найман руының ұл-қыздары екендігі белгілі. Есдәулет құда Терістаңбалы, Сарыжомарт, Төлегетай деп аталатын үлкен үш рудан тұратын найман елінің соңғысынан бастау алатын әйгілі қаракерей Қабанбай батырдың інісі Байжігіттен өрбісе, Айгүл құдағи осы Төлегетай ішіндегі Қаракерей інісі Мұрын ұрпағынан тарайды. Баис бауырымыздың күйеу баласы Берік белгілі сәмбет руынан, Шәдек ағам әулетіндегі қарашаңырақ иесі Бек ініміздің үйіндегі Айгүл келін ұлы жүздің қапалынан. Ал Шүкір бауырымыздың ұлдары: Алмаздың келіншегі Айткүл жүзге кірмейтін төлеңгіттен, кішісі Азаматтың келіншегі Динара орта жүздің керейінен.

8 бөлім

КІШІ ЖҮЗ БЕН ӘЛІМҰЛЫ ХАҚЫНДА

Әлқисса, әулетіміз де, өзіміз де ру-тайпаларының бірінен тарайтын болғандықтан, ендігі әңгімеміздің арқауы кіші жүз жөнінде болмақ. Соған кеңірек тоқталайық.

Жоғарыда «Кіші жүздің» алшындардан тұратын 3 топ: Әлімұлы, Байұлы, Жетірудан тұратындығын айтып кеттік. Байұлы:Адай, Алтын, Жаппас, Алаша, Байбақты, Беріш, Есентемір, Қызылқұрт, Шеркеш, Ысық, Таз, Масқар деп аталатын он екі атадан тұрады. Оларды Он екі ата Байұлы деп атайтындығы да содан (Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы. 1975 ж. Кіші жүз. 6 т. 192193 б.б.).Осы ретте ондағы қос ата Алтын, Жаппасты ел арасында қосып Алшын–Жаппас деп атайтындар бар. Өз алдына жеке Алшын деген ру жоқ. Бұл жөнінде алдымызда әлі әңгіме етеміз. Сөзіміздің бас жағында айтып кеткенбіз, шежірешілер де, тарихшылар да бүкіл кіші жүзді алшын деп атайды. Олардың аузында жиі айтылатын "Ұлы жүз үйсін, Орта жүз арғын, Кіші жүз алшын" деген қанатты, қағидалы сөздер де содан қалған (Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы. 1974 ж. Жүз. 4 т. 520–521 б.б.).

Он екі ата Байұлының Байбақтысынан өрбитін Әлтекенің Қалматайынан з ауытымыздың іргетасы мен кесегі енді қалана бастаған сонау 1976жылдан бері 40 жылдай, демек бір азамат ат жалын тартып мінердей уақыт үзбей жұмыс істеп, оның Конструкторлық-жобалау бөлімін табысты басқарып келе жатқан біз білетін Қыдырғали Аманғалиұлы Темірғалиев тарайды. Еселі еңбегі үшін бірнеше рет облысымыз бен компанияның мақтау грамоталарымен, ал 2014 жылы үкіметіміздің «Еңбек ардагері» деген құрметті медалімен марапатталған ол зейнет жасына жеткеніне қарамастан әлі күнге дейін арамызда жұмыс істеп келеді. Таңаткүл екеуі 2 қыз, 1 ұл өсіріп, ата деп мойнына асылар 8 немере тәрбиелеп отырған жандар. Ал онымен бірге істейтін, ендігі ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып үлгерген Серік Тоқашұлы Ақұпов Он екі ата Байұлының адайынан тарайтын еңбегімен елеулі іскер түлек.

Ал Жетіру:Табын, Тама, Кердері, Жағалбайлы, Керейіт, Тілеу, Рамадан деп аталатын жеті атадан тұрады. Еліміздің әнұранын жазған, халқымызға кең танымал, атақты әнгер, сазгер Шәмші Қалдаяқов осындағы жағалбайлы түлегі. "Сұрасаң руымды Жағалбайлы, Жылқысын көптігінен баға алмайды. Жылқының көптігінен бұл Шәмшіңіз, Мінуге қотыр тай да таба алмайды" ,– деген әзіл-оспақты жыр жолдары оның өз аузынан жазылып алынған шумақтар (Нармахан Бегалыұлы. Төрт тараптан түскен нұр. Егеменді Қазақстан газеті. 3 б.).

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Шежірем сыр шертсе»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Шежірем сыр шертсе» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Шежірем сыр шертсе»

Обсуждение, отзывы о книге «Шежірем сыр шертсе» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x