Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе

Здесь есть возможность читать онлайн «Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. Издательство: Литагент Selfpub.ru (искл), Жанр: samizdat, История, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Шежірем сыр шертсе: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Шежірем сыр шертсе»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Автор әулет шежіресін 2 үлкен бөлімге бөліп жазған. Бірінші бөлімде кіріспе, жеті ата және қазақтар, қазақ хандығы мен жүздер сияқты шежіре, нәсіліміз бен шыққан тегіміз, мемлекеттілігіміз жайлы жалпы мағлұмат беретін мәселелерді қозғайды. Жеті ата тақырыбын қозғағанда бірқатар зерттеушілеріміздің осы мәселе жөнінде түйген ой-пікірлерін ортаға салады. Олардың ішінде Д.Қонаев, С.Мұқанов сияқты халқымыздың білгір, парасатты ұлдары да бар. Қай ел, қай халықтың тарихы жайлы сөз қозғамайық, оның алтын қазық арқауы, аттап өтуге, айтпай кетуге болмайтын тақырыбы − қашанда оның ныспы, атауы емес пе. Сондықтан автор шежіресін оны көп шежірешілер жеткізе айта алмай келе жатқан шығу тегіміздің сонау бастау көзі – қарға тамыр қазағымның «қазақ» деген атауы мен оның шығу тарихымен ұштастыра жазады. Қазақтар да бір түнде туып, бір күнде «қазақ» аталмағандығын, олардың да өзге ұлттар мен халықтар сияқты мыңжылдық тарихы бар ел екендігін тілге тиек етеді. Елбасымыздың Қазақстан халқына жасаған кейінгі жолдау сөздерінде елімізді текке "мәңгілік ел" деп атамағандығын, орайы келсе оны «Қазақ елі» деп атау мәселесін де көтергенін сөз етеді. Сөйтіп Қазақ этнонимінің шығу тарихына, "Қазақтар кімдер, қайдан шыққан?" деген салиқалы сауалға 2 тарауда ғалымдардың кеңес дәуірінде көкейтесті бола алмай, шаң басқан сөрелерде қалып қойған еңбектерінен үзінділер келтіреді. Сөйтіп бұл деректер қазақтардың тарих аренасына шығу жайын әрі қарай 5–6 ғасырларға қарай жылжыта түсетіндігін әңгімелейді. Қазақ хандығының құрылуы мен оның негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандарға қатысты фактілерді көпшілік білетін жалаң деректер негізінде емес, белгілі ғалымдардың жан-жақты айтылған пікірлеріне сүйене отырып, оның тарихи алғы шарттары мен әлеуметтік қыр-сырларын, ішкі психологиялық жай-жапсарларын ашып көрсетуге тырысады. Мұны шежіресінің 3 тарауында береді. Жүз мәселесі мен оның құрамдары, қалыптасу барысы жайлы, ондағы ру-тайпалар таңбалары хақында жазғанда да осы қағиданы ұстанады. Бұл турасында "Жүздер қашан, қайдан шыққан?" деген 4 тараудың бас жағында баяндап өтеді. Осы ретте Ұлы, Орта, Кіші жүз аталары мен олардың құрамына кірмейтін, бірақ халқымыздың құрамдас бөліктері болып табылатын өзге рулық топтар туралы да 5, 6, 7 тарауларда қысқаша болса да мағлұматтар беріп кетеді. Әулетінің бастау көзі болғандықтан Кіші жүздің Әлімұлы бірлестігіне кеңірек тоқталып, кейбір авторлар оны ондағы Алты ата Әлім атауымен әлі күнге дейін жиі шатастырып жазып жүргендіктен, 8–9 тарауларда бұл мәселенің жігін ашып, тігісін жазып, дұрыс түсіндіріп жазып беруге тырысады. Сонымен қатар кіші жүздің қаракесек бірлестігіне қарайтын шөмекей-сарықасқа шежірелерінде бұрындары айтылы қоймаған "Шу хақан" тарихы сияқты кейбір тың мәселелердің басын қозғап, ашып жазуға ниеттенеді. Мұнда б.з.б. өмір сүрген Шу хақан мен екі мүйізі қарағайдай әлемнің жарты бөлігін жаулап алушы әйгілі Ескендір Зұлқарнайын арасындағы жорық қимылдары баяндалады. Шөмекейдің атышулы көне ғұн тайпаларының ұрпағы екендігін дәлелдейтін, оның таңбасы шекіліп салынған археологиялық артефактілер, сосын Шу өзенінің атауына байланысты жазылған тарихи ақпараттар жайлы тың мағлұматтар береді. Сөйтіп бұлардың бәрі шөмекей тарихын әріге, көне замандарға ысырып тастайтындығына ұстамды дәлелдер келтіреді. Мағлұматтарын М.Х. Дулати, М.Қашқари, М.Тынышпаев, Әлкей Марғұлан сынды ғұлама, көне араб, қытай жазбаларын зерделеген бүгінгі таңдағы отандық өзге де белгілі, танымал ғалымдар еңбектерінен алған деректерімен шыншыл жазуға тырысады. Сонымен шежіресінің 1 бөлімін аты мен тарихы көп шежірелерден белгілі, отан қорғау жолында жоңғар соғыстарына қатысқан бабалары Келменбет батыр жайлы жазылған дастан, аңыздар мен одан тарайтын ұрпақтар кестесімен аяқтайды. Ал шежіренің 2 бөлімі осы Келменбет батырдан бастау алып, тарайтын ата-бабалары мен оның өзі білетін бүгінгі ұрпақтарына туралы жазылған тарихи естелік-эсселер, түрлі түсті фотоматериалдармен ашылады. СССР журналистер одағының, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Тажис Мыңжасар.

Шежірем сыр шертсе — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Шежірем сыр шертсе», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Ел ішінде ежелден аға баласының ұрпағы деп саналып, алдымен аталып жүргендіктен, сосын өзіміз де осы Әлімұлынан болғандықтан әңгімемізді осы Әлімұлы ру-тайпалар одағын талдап, тарқатумен жалғастырғанымыз жөн сияқты. Қазақ Совет энциклопедиясында Әлімұлына мынандай анықтама беріледі: « ӘЛІМҰЛЫ–Кіші жүз құрамындағы рулар одағы. Кейде «Алты Әлім» деп те атайды. Оған кіретіндер: Қарасақал, Қаракесек, Кете, Төртқара, Шөмекей, Шекті. 19 ғ - дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Шөмекей, Шекті, Қаракесек, Төртқара рулары Орал, Торғай обл-тарын, Сырдария обл-ның Қазалы, Перовск уездерін, ҚарасақалҚазалы маңын, Кетенегізінен Бөкей ордасын, Орал обл. мен Ақтөбе уезін мекендеген. Ә-ның таңбасыАлшын таңбасының қосарланып өзгерген түрі() (Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы. 1973 ж. 2 т. 38 б.).

Осы ретте шежірешілер аузында жиі айтылатын « Әлімұлы» түсінігін «Алты ата Әлім» атауымен шатастырып алмау керектігін айтып кеткіміз келеді. Өйткені алғашқысымен « Әлімұлы» одағына кіретін ру-тайпалар санының алтау екендігі көрсетілсе, кейінгісімен Әлімнен тарайтын ұрпақтың алтау екендігі меңзеледі. Жұрттың шатасатындығы «алты» сандарының бір-біріне сәйкес келіп, қайталап келіп тұрғандығы. Жұрт дейміз, ғалым, шежірешілеріміздің өзі кейде «Алты ата Әлім» туралы айтып келе жатып, « Әлімұлы» одағы жайлы әңгімеге ауысып кеткенін байқамай қалады. Мәселен, ғалым, зерттеуші А.И.Левшин (1798–1879) мен Абайдың немере інісі, баршаға мәлім ақын, жазушы, ағартушы Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858–1931) Әлімұлын: Қарасақал, Қаракесек, Төртқара, Шөмекей, Шекті, Кете деп таратса, ал ақын, жырау Қолдайбекұлы Ерімбет (1850–1911) оны: Жаманақ (Шекті), Қарамашақ (Төртқара), Айнық (Қарасақал), Ұланақ (Қаракесек), Тегінболат (Қарасақал), Тайқожадан (Ақ кетеден) тұрады дейді (Интернет. Ру (род) – Шомекей / История происхождения рода / Asekbook Ас Кос. 29.03.2011. Просмотров (10032). Метки: история происхождения рода). Соңғысында, көріп отырсыздар, Шөмекей аталмайды. Сөз жоқ, онда әңгіме Әлімұлы жөнінде емес, Алты ата әлім туралы болып отыр. Алты ата әлім мен Әлімұлын , біздіңше, шатастырып отырған тіпті Ерімбет жырау емес, оның сөзін жаңылыс көшіріп жазушы кейінгі зерттеушіміз бе дейміз.

Жоғарыда айтып кеттік, тағы да айтамыз. Қызығы сол, сонау кездерден бастап, осыған дейін бірде-бір зерттеуші, "ішің білсін әлу-ай" демекші, өз еңбектерінде осы екі атау-түсініктің жұрт арасында дау-дамай туғызып жүрген осы айырмашылығын атын айтып, ара жігін ашып, дұрыс түсіндіріп бере алмай келеді. Нәтижесінде күні бүгінге дейін өздерін де, өзге оқырмандарын да адастырып жүр. Сондықтан, өз шежіремізде алғаш болып осы мәселенің басын ашып, тігісін жазып берсек дейміз.

Бірлестік атауын шежіре, деректерде қатар айтылып жүрген «Алты ата Әлім» түсінігімен шатастырмай, ажырата білуіміз үшін оны әрқашан осылай, Әлімұлы деп атағанымыз оңтайлы да дұрыс сияқты. Керек десеңіз, М.Тынышпаев жоғарыдағы еңбегінде бірлестікті « Әлімұлы» емес, "Қаракесек тобы" деп атаған жөн дейді. Сөзінің қисынды болатын себебі Әлімнен тарайтын алты ұл да, Шөменнен өрбитін Шөмекейлер де, кетелер де, бәрі бір ортақ ата Қайырбай-қаракесектен тарайтыны белгілі.

Мұның дұрыстығын тарихшылар С.Асфандияров, С.Толыбеков, О.Миданов, зерттеуші К.Салғарұлы, шежіреші А.Ахметовтар құптап, қуаттайды. Бірақ ертеде жазылған бүкіл дерлік шежіре, жазуларда бірлестік « Әлімұлы» деп аталып кеткесін шара бар ма. Бірлестіктің « Әлімұлы» аталуы оның негізін сол кездері абырой-атағы асқақтап тұрған әулеттің үлкені Әлім ата құрғандықтан, бірлестікке алдымен соның ұрпақтары кіріп, саны жағынан олардың өзгелерден басым болғандығынан деп санаймыз.

Әлімұлы бірлестігіне Әлімнің Ұланағы– Қаракесек , Жаманағы– Шекті , Қарамашағы– Төртқара , Айнық пен Тегінболат ұрпақтары– Қарасақал , ал оның Кетебикеден туған Тайқожасы мен осы анадан дүниеге келген Байсарының Бозаншары және әкесі асырап алған Сәду (Ожырай), сонымен бірге Шөменнің Түменқожасы төрт аталық Кете деген лақап аттармен енеді. Ал алтыншы болып, Шөменнің бәйбішесінен туған Шөмекей атымен оның 4 ұлы: Аспан , Бозғыл , Тоқа , Көнек кіреді деп мәселенің басын ашып, кесіп айтпақпыз.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Шежірем сыр шертсе»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Шежірем сыр шертсе» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Шежірем сыр шертсе»

Обсуждение, отзывы о книге «Шежірем сыр шертсе» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x