ТЕГІМІЗДІ ШӨМЕН БАБАДАН ТАРҚАТУ КЕСТЕСІ
Г.Спасский жазбаларында желдер–джидлер, тоқалар–туки, ал көнектер– куняки деп орысшаланып беріледі.
2-кесте
3-кесте
Алдияр мен Сарт – бір ата. Сарт–Алдиярдың лақап аты дейтін де деректер бар.
4-кесте
5-кесте
Сондықтан «Алты ата Әлім» немесе «Алты Әлім» дегенде Әлімнің өз белінен тарайтын балалары Ұланақ, Жаманақ, Қарамашақ, Айнық және Тегінблат, Тайқожаны айтамыз да, ал « Әлімұлы» дегенде кестеге оның Қарасақал, Қаракесек, Төртқара, Шекті деп лақап аттармен бірігіп кіретін аталықтары, ал бесінші болып кете деп бір атаумен ныспыланған Кетебике анадан тарайтын ұрпақтар, ал алтыншы болып бұл кестеге шөмекей деген атпен одан тарайтын, жоғарыда аталып кеткен төрт– Аспан, Бозғыл, Тоқа, Көнек аталары енетіндігін айтамыз.
Шөмекейді бұлайша бір ата емес, төрт ата деп беруіміздің себебі бар. Өйткені әйгілі Әйтеке би шежіресінде осылай деп айтылады. Онда « Әлімұлы» бірлестігіне «Алты ата Әлім, төрт ата Кете, төрт ата Шөмекей кіреді» , –деп анық жазылған. Бұл 1680жылы Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи мешітінде билер мен ру басылары, батырлардың қатысуымен өткен, Тәукені ақ киізге көтеріп хан сайлайтын үлкен жиында кіші жүздің төбе биі Әйтекенің алты ата Әлім, төрт ата Кете, төрт ата Шөмекей, он екі ата Байұлы, мен жеті ата Жетірудың атынан 33шарды толық салдыртып, Тәукенің Қазақ хандығы тағына отыруын қуаттаған ісінен де анық көрінеді (Қойшиев Өтеген Әбілдәұлы. «Тұлға». «Мұсылман» жұрналы. № 2. 2008 ж. Алматы. 9 б.). Шөмекей атадан тарайтын төрт ұрпақтың Әлімұлы бірлестігі құрылмастан көп бұрын болғандығы жөніндегі деректер де бұл ұстамның дұрыс екендігін аңғартады. Бұл туралы, әлбетте, Әйтеке би мен Шөмекей тарихына жеткенде жеткізе айтып кетеміз. Демек,
Алты ата Әлім
дегеніміз азан шақырып қойған аттары төмендегідей аталар
1.Ұланақ
2.Қарамашақ
3.Жаманақ
4.Айнық
5.Тегінболат
6.Тайқожа
Әлімұлы
дегеніміз бірлестікке лақап аттарымен кірген төмендегі ру-тайпалар:
1.Қаракесек
2.Төртқара
3.Қарасақал
4.Шекті
5.Кете
6.Шөмекей
Бірақ осы жерде басын ашып айта кететін бір жайт бар. Алты ата Әлім құрамы сандық жағынан өзгермегендігімен ондағы аталар аттарын кейбір шежірешілер кейде әртүрлі етіп беріп жүр. Мәселен сыр ақыны Әлиакбар Жұматайұлы «Шежіре өлеңінде» бесінші етіп Шіңгір аталығын, ал Хамит Маданов «Кіші жүз шежіресінде» алтыншы етіп Кенжебай ( Құлтелі) аталығы ауызға алады. Сөйтіп одан Мамат, Түйте тарайды деп көрсетеді (Кіші жүз шежіресі. Атамұра– Қазақстан. Алматы. 1994 ж. Алты ата Әлім. 119 б.).Айтпағымыз, бұл қателік емес. Олардың бұлай жазуының өзіндік себебі бар. Бұл–Айнықтың тым ерте қайтыс болуы мен Тайқожаның ақкете болып, кетелер құрамына өтіп кетуіне орай Алты ата Әлім аталары өз санын кемітіп алғысы келмей, кеткендердің орнын өзіндегі өзге өскен буындармен толықтырып отырғандығынан демекпіз. Мәселен, Шіңгір Тегінболаттың ұлы. Ал Кенжебай болса, өзге біреу емес, Құлтелі деген лақап атпен берілген Тайқожаның ұлы дегіміз келеді. Өйткені Хамит Маданов Тайқожаның Қараш ұлынан тарайтын Мамат, Түйте ұрпақтарын осы Кенжебайдан ( Құлтеліден) таратуы тегін емес. Біздіңше, Кенжебайдың өзі де лақап ат. Ол Тайқожаның Тұрсынбайдан кейінгі ұлы Қарашқа кенжелігіне орай осылай еркелетіп қойылған есім, Х.Маданов соны біліп, жазып отыр деп шамалаймыз. Кенжебай (Құлтелі) есімі тек бір соның шежіресінде айтылуы осы ойымызды қуаттай түседі. (Кіші жүз шежіресі. Атамұра. Қазақстан. Алматы. 1994 ж. Алты ата Әлім. 160 б.).Сонымен Кенжебай (Құлтелі) өзге, бөлек аталық емес, ол Қараш аталығы, соның лақап аты дегіміз келеді. М.Неталиевтің: «Тайқожаны бір автор Құлтелі деп атапты» ,– деген сөздері де бұл екі аталықтың арасында біз тұспалдағандай өте тығыз байланыстың бар екендігін аңғартады («Атамекен». 08.03.2002 ж. 5 б. «3. Алты аталы Әлім», 4-бағана). Оның бір автор деп отырғаны осы Х.Маданов болмаса екен деп ойлаймыз. Мұның бәрі, әрине, тереңірек зерттеуді талап ететін ұстам, деректер.
Читать дальше
Конец ознакомительного отрывка
Купить книгу