Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар

Здесь есть возможность читать онлайн «Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Жанр: Прочая документальная литература, popular_business, Биографии и Мемуары, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Қарсақбай және қарсақбайлықтар: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Қарсақбай және қарсақбайлықтар»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

«Қарсақбай және қарсақбайлықтар» кітабы Қарсақбай мыс қорыту зауытын салу, өндірістік қуатын игеру және одан әрі дамыту тарихына арналған.Қарсақбай зауыты Қазақ елінің, Арқаның, Ұлытау өңірінің экономикалық және әлеуметтік дамуына игі ықпал жасады.Қарсақбайлықтардың 90 жылдық даңқты жолы, ұйымшылдығы мен жаңашылдығы, жоғары өндірістік мәдениеті мен тәжірибесі бүгінгі және ертеңгі ұрпақ үшін құнды мәдени-рухани қазына болып табылады.Кітап жалпы оқырманға арналған.

Қарсақбай және қарсақбайлықтар — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Қарсақбай және қарсақбайлықтар», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Жезқазған шикізатпен Балқаштың, Қарсақбайдың мыс зауттарын толық қамтамасыз етті. Ондығы əлжуаз байыту фабрикаларының жеткізілген мыс кенін толық өңдеуге шамалары жетпеді. Сондықтан да балқыту кешенінің жемсауына іріктеп өндірілген, металы аса көп бай көктастар қажетінше құйылып тұрды. Оның сыртында Оралдағы мыс қорытатын кəсіпорындар осы өңірдің кеніне тəуелді еді.

Шұғыл турде ескі шахталар №№1, 7, 13, 26, 34 қайта қалпына келтірілді, жаңадан №№31—32, «Петро», «Петроцентр» шахталары, екі карьер пайдалануға берілді. Шахталарга кең табанды шойын жолдар тартылып, Балқашқа, Орал зауыттарына кен тікелей шахта бункерлерінен, отвалдардан тиеліп, жедел жөнелтіліп жатты. Жезқазған кеншілері 1941 жылдың екінші жартысында тәулікте беретін кенді бірінші жартыжылдықпен салыстырғанда 128 пайызга тотыққан мыс кенін жіберу жөніндегі тапсырманы 250 пайызга асыра орындады.

Жезқазган кеніші 1941 жылы тамызда Бүкілодақтық социалистік жарыстың жеңімпазы болды. Әрине, бұл жеңіске әріптес кәсіпорындардың бір ырғакты, үйлесімді жұмысы мен кеншілердің жоғары қарқынды еңбегі арқылы қол жетті. Міне, жеке мысалдар. Откатчик Зияда Ысқақов қыркүйек айында нормасын 158,5 пайыз бұрғышы Арыстанбек Ақшалов 173,6 пайыз, бұргышы Базылбек Байкенеев 152 пайыз орындады.

Балқашта өткен республикалық ақындар айтысында Болман Қожабаев Жезқазған кеншілерінің жетістіктерін мақтан етіп, жырға косыпты:

…Жанарың, ақын аға, жетпес шолып,

Бергенім жеңіс үшін жатыр толып,

Өндірген жоспардан тыс рудаммен,

Түп-түгел қаруланады сексен полк,

Қияның қол жетпістей қиясымен,

Дәп бүгін мақтануға сиямын мен,

Тындырған таңырқалық алып ерліқ,

Өйткені, рекордтар ұясымен,

Атағы Алатаудай аскар әлі,

Жетерлік мын-сан жауды жасқарға әлі,

Атқарған қырық адамның қызметін,

Алып жоқ Балмұқанның асқан елі.

Бұрғышы кім білмейді Әйгеловты,

Самғаса, сан жарыста бәйгі ілікті.

Бітірген айлық істі бір тәулікте,

Өнері ерлігіне сай келіпті.

Кімің бар пар келетін Ақшаловқа,

Ерлікпен даңқы шыққан шартарапқа.

Нормасын жиырма адамның жабар еді,

Бір күнгі еңбегінен енші алып та.

Оларға көпшіліктің ұйғарымымен «тыл гвардияшылары» құрметтті атағы берілді. Солардың бірі Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің депутаты, №12 шахтанын бұрғышысы Ахметқали Сафин 1942 жылы 21 ақпанда бұрын көз көріп, құлақ естімеген рекорд жасады. Ол жалғыз перфоратормен 1400 тонна мыс кенін құлатып, ауысымдық нормасын 3800 пайыз орындары. Ол сол күнгі 1200 сом табысын толықтай қорғаныс қорына аударды.

Осы жылдың тамыз айында Бүкілодақтық социалистік жарыстың жеңімпазы болған Жезқазған кеншілеріне КСРО Түсті металлургия халық комиссары П.Ф.Ломако мынадай телеграмма ұрды: «Бүкілодақтық Орталық кәсіподақтар кеңесі мен Түсті металлургия халық комиссариаты тамыздағы социалистік жарыстың қорытындысы бойынша кеніш ұжымына үшінші дәрежелі сыйлық беруге ұйғарды. Сіздің ұжымның тау-кен дайындық жұмыстарында артта қалушылықты жеңіп, кеңіштер арасында бірінші орын алуға барлық мүмкіндіктеріңіз бар. Озат шахтерлер К. Әйгелов, Ы. Анарқұловтың және басқалардың тәжірибесін өндіріске кеңінен енгізіңіздер, Отанымызды қорғау ісіне қажетті кенді өндіруді еселеу үшін әрбір минутты, әрбір сағатты ұтымды пайдаланыңыздар».

Қарағанды обллыстық партия комитетінің бюросы 1943 жылы 1 маусымда «Бұрғышы Аймаханов жолдастың жұмыс әдістерін тарату туралы» қаулы қабылдады. Онда бүкіл кеңес халқы сияқты 1 мамыр мерекесіне байланысты И. Сталлиннің бұйрығымен жігерленген №15 шахтаның бұрғышысы Б. Аймаханов 1943 жылы 23 мамырда 1477 тонна мыс кенін өндіріп, нормасын 4000 пайыз орындағаны атап көрсетілген. Ол айлық жоспарды небәрі 8 жұмыс күнінде 228 пайыз асыра іске асырып, қызыл әскердің бас колбасшысының қорына 12930 тонна мыс кенін қосты.

Майдандық вахтаға тұрған Ысқақ Анарқұлов, Оразбек Дүйсембаев және И. Васин басқаратын шахталар рекордты көрсеткіштерге жетті. Бұрғышылар Балмақан Аймахановтың жауынгерлік екенші дәрежелі «Отан соғысы», Ысқақ Анарқұловтың «Қызыл жұлдыз» ордендерімен марапатталуы көп нәрсені аңғартады.

Жезқазғанда кен өндіру 1940 жылмен салыстырғанда 1942 жылы 4 есе, 1943 жылы 5 есе көбейді. Жезқазған кеншілері Ұлы Отан соғысы жылдары 16 рет Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің ауыспалы Қызыл Туын жеңіп алды. 1945 жылы 3 шілдеде бұл ту ұжымда мәңгілік сақтауға қалдырылды

Дерек көздері: «Қызыл кенші» газеті, 1941 жыл 18 қараша, ЖҚММ, қор 381, т.1, іс-40, 126 бет, «За медь» газеті, 1946 жыл 3 шілде.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Қарсақбай және қарсақбайлықтар»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Қарсақбай және қарсақбайлықтар» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Қарсақбай және қарсақбайлықтар»

Обсуждение, отзывы о книге «Қарсақбай және қарсақбайлықтар» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x