Бұқарбаев Арықбай
Бұлқышев Баубек(1916, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Жезді болысы, Сарлық ауылы – 1944, Украина, Днепропетровск, Софьевск ауданы, Серпухов селосы) – жазушы-публицист. Отан соғысының жауынгері. Шығармаларын қазақ, орыс тілдерінде жазған. Қарсақбайдағы ФЗО мектебін бітірген (1934). Алматы сауда-қаржы техникумында оқи жүріп, 1938 жылдың 1 қазанынан Қазақстан жазушылар одағы жанындағы жас жазушылар мен ақындар курсында оқыған. Көптеген өлең, «Балалық шақ» поэмасын, «Ауылдан Алматыға» атты әңгімесін жазды. 1939 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, кейін «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде бөлім меңгерушісі болған. Бұлардан соң Қазақ мемлекеттік баспасында іс басқарушы, «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі. 1940 жылдың наурызынан Кеңес әскері қатарына шақырылып, Мәскеу әскери училищесінде оқиды. Ержүрек жауынгер Мәскеуді қорғау, Украинаны азат ету шайқастарының бел ортасында болды. 1944 жылдың бас кезінде майданда қаһармандықпен қаза тапты. Жезқазғанда, Жездіде, Ұлытау кентінде Бұлқышев атындағы көшелер бар. Сәтбаев қаласында орталықтандырылған кітапханаға жауынгер-публицистің есімі берілген. Ұлытау кентінде елімізде аты мәшһүр сұңғат өнерінің шебері Төлеген Досмағанбетов сомдаған Бәубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжановтың ескерткіші көз тартып асқақ тұр.
Бұлқышев Баубек
Бүркітбаев Әшір(17.12.1906, Жетісу облысы, Сарысу уезі, Әшір Бүркітбай ауылы – 28.02.1938, Алматы қаласы) Ташкент балалар үйінде тәрбиеленген. Еңбек жолын Қарсақбай мыс қорыту заводында токарь (1925—1927) болып бастаған. 1927 жылғы қараша айынан бастап Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1929—1932 жылдары бірінші хатшысы, 1933 жылы Риддер қалалық партком бірінші хатшысы. 1934 жылы Орал-Қазақстан өнеркәсіп академиясын бітірген. Қазақстандағы алғашқы техникалық жоғарғы оқу орыны Қазақ кен- металлургия институтын (қазіргі Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ) ұйымдастыру жұмыстарын басқарды және оның тұңғыш директоры (1934—1937) болды. Бүркітбаев 1937 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшырап, ату жазасына кесілді. 1958 жылы 25 наурызда толық ақталды.
Бізге мыс кені, тағы мыс кені керек.Осы тақырыппен Қарсақбай металлургтері 1941 жылы 18 қарашада Жезқазған кеншілеріне ашық хат жолдады. Онда былай деп жазылған:
Анарқұлов
Айтмұқанов
Байкенеев
Сафин
«Кенші жолдастар! Отан жауына жасын болып жауған мысты бүгінгіден де артық шығару керек болып отыр. Біздің ардақты борышымыз – соғыс кезіндегі стахановшылар қатарының ең алдында болу. Біз əрбір ауысымда, əрбір күнде, əрбір жұмыс орнында жоспарды мүлтіксіз орындау жөнінде аса жауапты міндеттеме қабылдадық. Бұл үшін бізде не керектің бар. Біздің зауыт Сіздердің беріп жатқан мыс кендерінен 1,5—2 есе артык шикізатты өңдеүге мүмкіндігі бар.
Біз Сіздерден өз мүмкіндіктеріңізді қайта салмақтап, котеріңкі міндеттеме қабылдауларыңызды талап етеміз. Сіздердің кендеріңіз жетпей жатқанын ашық мəлімдейміз. Қазірдің өзінде Сіздер бізді ашқұрақта ұстап отырсыңдар. Əрбір сағат қымбат. Бізге мыс кені, мыс кені жəне мыс кені керек. Егер кентас шығаруды арттыру ушін күш біріктіріп, шұғыл жəне жан-жақты шаралар қолданбасақ, ертең мұның өзі кеш болғалы тұр. Біздің жəне Балқаштың зауыты шегіншекпен терең артта қалады. Бұған жол беру аса дөрекі қателік қана емес, ол мемлекет алдындағы ауыр қылмыс болар еді. Мыс өндіруді көбейту үшін күн сайын əрбір ауысымда, əрбір жұмыс орынында пəрменді жарыс, шын мəнісінде еңбек бəсекесін ұйымдастырайық».
Жезқазғандықтар Отан алдындағы борышын терең сезініп, түсінді. Ішкі мүмкіндіктерді іздеді, өндірісті ұйымдастырудың тиімді жолдарын қолданды, қолдағы техникалардың қуатын толық пайдалануға қөңіл болді.
Читать дальше