Кеңес Оразбекұлы - ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ

Здесь есть возможность читать онлайн «Кеңес Оразбекұлы - ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Жанр: Историческая проза, Прочие приключения, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Ер, Би, Нар – бауырлар, қазіргі заман балалары. Үркерліктер оларға «Дәуір сағатын» сыйлайды. Сол «сағатпен» олар Алып Ер Тоңға, Анахарсис, Томирис, Шырақ, Сыпатай, Мөде тәңірқұт, Аттила, Тоныкөк – Күлтегін, Әл-Фараби, Қайыр хан (Отырар қорғанысы), Өтейбойдақ шипагер, Тәуке хан – Қожаберген батыр замандарына «сапар шегеді». Ата-бабаларымыздың тарихымен, өркениетімен танысып, мақтанышқа кенеледі. Өздері де тарихи, ерлік жорықтарға қатысып, отаншылдықтың үлгі-өнегесін көрсетеді.

ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

– Сақ елінің еркін арулары! Ар-намысыңды қорғайтын кезің келді. Біріңнің әкең, біріңнің жарың, біріңнің бауырларың мына қанды қырғынның ішінде жүр. Жанымыз олардан ардақты емес. Кіріңдер майданға! – деп ұран тастап, өзі солармен бірге майданға қойып кетеді.

Ер-апалардың қан шайқасқа кіргенін көріп, сақ сарбаздарының намыс-жігері қозып, бұрынғыдан бетер жанталаса шайқасты. Содан Кирдің әскері жойқын күшпен кері серпіліп, қоғадай жапырылып жатты. Мұны көріп, шошынған Кирдің көзіне түнеу күнгі қөрген түсі қайта елес бергендей болды. Сонда ғана ол сол түстің бар мәнісін ұғынды. Ол түс Кирдің ажалына көрінген аян екен. Мұның тағына Ахемендер ұрпағынан тарайтын Дарийдің отыруы – соның көрінісі болып шықты. Кирдің көз алдына Хазар теңізінің буырқанысындай жойқын толқын елестеді. Сол толқын бара-бара екпін алып, қалың парсыларды баса көктеп келе жатыр еді. Дәл сол кезде қайдан пайда болғанын, Тұмар ханымның ұлы, ақ боз атты Спаргапис пен Ер, Би, Нар бастаған сарбаздар Кирдің алдынан шыға келді. Ер, Би, Нар патшаның оққағарларымен алысып жүргенде, Спаргапис Кирдің өзіне тұра ұмтылады. Кир мен Спаргапистің жанталасқан айқасы сүт пісірім уақытқа созылды. Сақтардың ұраны күшейіп кеткеннен алаңдады ма, әлде жас арыстанның айбатынан сескенді ме, атының басын кейін бұра бергенде, Спаргапистің алдаспаны Кирдің басын қағып түсіреді. Патшаларының ажал құшқанын көрген парсылардың одан әрі қарсыласуға дәрмені болмай, жапырыла ығысып, жан-далбасалап шегінді. Сақ жауынгерлері оларды түре қуып, жолдар-ында кесе көлденең жатқан Сейхунның кең дариясына топырлатып тоғытып, үстерінен жебе «нөсерін» жаудырды…

Сөйтіп, Тұмар ханым мен оның ұлы Спаргапис бастаған ұлы сақ ордасы «Азия әміршісі» Кирдің үш жүз мыңдық қалың қолын қирата жеңіп. Ұлы жеңіс тойын тойлады. Сол тойда Тұмар ханым Кирдің кесілген басын ызалана түйреп тұрып:

– Іздегенің қан еді, ал қанғаныңша іш ендеше! – деп, сабадағы шүпірлеген қанға найзаға түйрелген патшаның басын матырып —матырып алады да, әудем жерге жиіркене лақтырып жібереді.

«Бұл – аңыз емес, тарихи шындық».

Полиэн, «Соғыс тактикасы» кітабынан,

б.з. б. II-ғасыр.

Әскер жина сақтардан —

Қанжармен қақ қапталдан.

Жарылқасын аруақтар,

Артсын арай, ақ таңдар!

Тұлпарға туды байлаңдар,

Садақтарды сайлаңдар!

Сүңгіні жауға сұғыңдар,

Ата жауды қуыңдар!

Соқыр жырау Саксафардың сақ

жауынгерлеріне берген батасы, В. Янның

«Финикия кемесі» кітабынан.

Дарийдің «зәмзәм суы»

Жаздың жаймашуақ күнінің бірі. Ер, Би, Нар сауыттарын киіп, қажетті заттар мен жолазық салынған қоржындарын аттарына өңгеріп, үшеуі «Ерлік алаңына» келді.

– Айтпақшы, Бетпақдаланың картасы мен тұсбағдарды алдыңдар ғой? – деді Би.

– Алдық, олар менің қоржынымда, – деді Нар.

– Біз бұл жолы елсіз, сусыз дүз даламен, жыртқыш тағылары, улы жәндіктері жыртылып айырылатын шөл даламен жол жүреміз ғой, – деді Ер. – Сол қиындықтардың бәріне төтеп беруіміз керек.

– Соның бәріне дайындалып, қамданып шыққан жоқпыз ба.

– Иә, дұрыс айтасың. Енді тек, жорығымыз сәтті болсын!

– Сәтті болсын!

– Ал енді, бауырлар, «Кеңістік сағаттарыңды» біздің дәуірімізге дейінгі 517 жылғы сақ дәуіріне, Бетпақдала шөліне туралаңдар, – деді Би.

– Иә, тураладық! – деді Нар.

– Тураладық! – деді Ер. Үшеуі:

Біз – Тұранның ұлдарымыз,

Ерлік – басты ұранымыз!

Жорыққа сай, дайынбыз,

Текті елдің қыранымыз!

Сол сәтте кеңістік өзгеріп, үшеуі ежелгі дәуірдегі Сақ даласынан шыға келеді.

Айнала иен дала, жапан дүз. Ұшы-қиыры жоқ жазық даланың әр-әр жерінен боз жусан, қызғылт бұйырғын мен сораң көрінеді. Көкте құйқылжыта сайраған бозторғай даусы болмаса, айнала атырапта тіршілік белгісі байқалмайды…

***

Қыр жонындағы үш асыр еңселі көрінеді. Айналасына ақ боз үйлер мен тегелендер, жорық шатырлары жыпырлай орналасқан. Үй арасында қаран-құран етіп жүрген елдің ішінде әскери сарбаздар басым. Ақ боз үйдің біреуінің алдында үлкен тай қазанда буы бұрқырап ет пісіріліп жатыр.

Үш елдің игі жақсыларының бәрі ортадағы асырда бас қосқан. Еңселі үш тақытта үш елдің тәңірқұты – Омар, Тамыр, Сақұстар отыр. Олардың айналасында уәзірлер мен билер, қолбасшылар. Тәңірқұттар кеңесі қызу жүріп жатыр.

– Ел іргесі сөгілді, – деді Омар. – Батыстан мидиялық Дарийдің 700 мыңдық қолы көкті жапқан қарғадай қаптап, баса көктеп келеді. Кешегі күндері олар Томиристен ойсырай жеңілгендерін, патшалары Кирдің басы осында қалғанын ұмытпаса керек. Енді көрмейсің бе, парсылар бұл далаға бұлтты шегірткедей тағы төпеп, кеткен кектерін, жіберген еселерін еселеп өндіріп алуға өңмендеп келеді. Топан судай ойран салған бұл жауға қандай қайран көрсетеміз? Қалай тосқауыл болмақпыз?

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ»

Обсуждение, отзывы о книге «ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x