Кеңес Оразбекұлы - ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ

Здесь есть возможность читать онлайн «Кеңес Оразбекұлы - ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Жанр: Историческая проза, Прочие приключения, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Ер, Би, Нар – бауырлар, қазіргі заман балалары. Үркерліктер оларға «Дәуір сағатын» сыйлайды. Сол «сағатпен» олар Алып Ер Тоңға, Анахарсис, Томирис, Шырақ, Сыпатай, Мөде тәңірқұт, Аттила, Тоныкөк – Күлтегін, Әл-Фараби, Қайыр хан (Отырар қорғанысы), Өтейбойдақ шипагер, Тәуке хан – Қожаберген батыр замандарына «сапар шегеді». Ата-бабаларымыздың тарихымен, өркениетімен танысып, мақтанышқа кенеледі. Өздері де тарихи, ерлік жорықтарға қатысып, отаншылдықтың үлгі-өнегесін көрсетеді.

ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

– Біздің бүгінгі кеңесіміздің мақсаты да сол емес пе. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», үшеуміз қол біріктірейік. Сөйтіп, күшімізге күш қосып, бір жұдырық болып, сол топанға төтеп берер тас қамал, қасқайып қалқан болайық, – деп қостады оны Тамыр тәңірқұт.

– Е, мұныңыздың бәрі бос қиял, – деді Сақұстар. – Үшеуіміз біріксек те, бар болғаны екі жүз мыңға жетер-жетпес қол құрамыз. Қара құрттай қаптаған Дарийдің қолына қандай қамал, тосқауыл болмақсың? Қайта сені жан-жағынан қаусырып, бір уыс насыбайдай алақанға салып, бір атып жоқ қылмай ма. Одан да үшеуміз жеке-жеке әрекет жасайық. Жауды көкжал бөрідей әр тұсынан «шолақ соғыс» тәсілімен жұлмалап-жұлмалап, жүйкесіне тиіп, әлсіретейік. Содан басқа, содан ыңғайлы жолды көріп тұрған жоқпын. Менің ұйғар-ымым – осы.

Омар мен Тамыр ойланып қалды.

– Кир патшаның құмырсқадай қаптаған әскерін Тұмар ханым тас-талқан етіп жеңген жоқ па еді. Біз сол құрлы жоқпыз ба. Ең дауасы күш біріктірейік…

– Сендер өздерің тізе қосып соғысамыз десеңдер, соғыса беріңдер. Ал мен әлгі ойымнан қайтпаймын.

Сақұстардың осы тұжырымын білгендей, сырттағы бақауыл-дардың бірі ет пісіп, дайын болғанын хабарлады.

Ет желініп, сыртқа тоқтық басуға шыққанда да, тәңірқұттар мен қолбасшылардың жүздері жабығыңқы, еңселері түсіңкі күйден танған жоқ. Сақұстар астан кейінгі отырысқа қарамай суыт жүріп кетті.

Омар мен Тамыр алдағы жорықтың жайын ақылдасып отырғанда, сырттағы күзетшінің бірі бас сұқты:

– Шырақ деген жылқышы жігіт алдарыңызға кіргісі келіп рұқсат сұрайды. «Жорыққа қатысты ой-ұсынысым бар», – дейді?

– Кірсін! – деді іштегілер.

Асырға өткір көзді, қияқ мұртты, сіңірлі ірі денелі қара жігіт кіріп келіп, ортаға қамшы тастады.

– Иә, датың болса, айт! – деді Омар.

– Әлгінде сіздердің жүздеріңізден торығуды байқап, шыдай алмай келіп тұрмын, – деді Шырақ. – Иә, парсылардың күші жойқын, екпіні қатты екенін қарапайым жұрт біз де біліп жүрміз. Егер құлақ қойсаңыздар, менде бір ой бар.

– Тыңдауға дайынбыз, айта бер.

– Менің ойымша, жаудың екпінін әлсіретудің бір ғана жолы бар. Қазір біз шөл даланың шегінде тұрмыз. Бұдан әрі қарай ұшы-қиырсыз, елсіз, сусыз Бетпақдала. Демек, жауды сол иен жатқан шөл далаға ілестіріп, індетіп апарып, діңкелетіп құрту керек. Сол міндетті мен мойныма алсам деймін. Тұтас ел-жұртты қырғынға ұшырат-қаннан, бір адамның ғана құрбан болғаны жөн емес пе.

Бұл сөздерді естігенде, тәңірқұттардың күреңіткен жүздеріне қан жүгірді.

– Сенің бұл тапқыр ойыңа біз тәнті болып отырмыз, – деді Омар тәңірқұт Тамырға бір қарап алып. – Алайда оны қалай жүзеге асырмақсың?

– Тақсыр, оның жөнін ертең іспен көрсетсем деймін. Ал, қазір менің сіздерден бір өтінішім бар: Мен олай-былай болып кетсем, балаларыма, ұрпағыма қамқор боламыз деп, сөз берсеңіздер.

– Шырақ! – деп жауап берді Тамыр патша. – Сен осы далада өмір бойы жылқы бақтың, бұл даланың ой-шұңқырын бес саусағыңдай білесің. Енді мойныңа үлкен міндет алып, еліңе шырақ болғалы тұр екенсің, жолың болсын! Ал, бала-шағаңды, отбасыңды уайымдама. Біз оларды қанатымыздың астына алып, қамқор болуға уәде береміз. Олар жетімдік көрмей, арғымақ ат мініп жүретін болады. Ырыс-несібелерін ортайтпаймыз…

***

Келесі күні екі патшалықтан құралған қалың сақ жұрты Ұлы көшке тас түйін дайын тұрған еді. Олар қозғалуға тек қағандарының әмірлерін күтіп тұрған. Кенет ортаға отбасы, бала-шағасын еңіретіп, олармен қимай қоштасқан Шырақ қара бурадай буырқанып, түтігіп шыға келді. Ол елдің алдында қасқайып тұрған күйі:

– Ал, жұртым, – деді бұлшық еттері бұлт-бұлт ойнап ширығып. – Мен алдарыңызға тас-түйін дайындықпен келіп отырмын. Мені мына өткір қанжармен қидалап-кескілеңіздер. Бетімді, өне бойымды сау жер қалдырмай тілім-тілім етіңіздер. Сөйтіп, жарақаттап, ит-қор етіп, парсылардың жолына тастаңыздар. Әйтпесе, олар маған сенбейді, – деп, көзі қанталап, қанжарды жерге «кірш» еткізіп тастады.

Бірақ айнала анталап тұрған сақ жауынгерлерінің ешқайсысы батылы барып жердегі қанжарды ала қоймады. Ешқайсысы қас батырға зақым жасауға қимай, мен істеймін деп алға суырылып шықпады. Айнала елдің ешқайсысы тырп етіп қозғала қоймағанын көрген Шырақ сүзеген бұқадай жан-жағына қарап алды да, жердегі қанжарды өзі көтерді. Қанжарын күнге шағылыстыра «жарқ-жұрқ» еткізіп ойнатып, бұлшық еттері білем-білем кеудесі бір көтеріліп, бір басылып, өткір қой көздері ұшқын атып, тістерін шақыр-шұқыр еткізіп қайрады да, айнала жұрттың көзінше өзіне-өзі қол жұмсады. Беті-қолын, тұла бойын өткір қарумен қан-жоса етіп аямай тілгілеп, кескілеп тастады. Айналасында тұрған жұрт оның айқыш-ұйқыш тілгіленіп, қан сорғалаған денесін көріп, ауыздарын ашып, жағаларын ұстады:

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ»

Обсуждение, отзывы о книге «ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x