Осы екі ұдай пікірді салмақтап көрген Кир, әуелгі ұсынысты тәрк етті де, Крез пікірін қабыл алды. Сөйтіп, Тұмар ханымға «уәделі жеріне шегінсін», – деп шапқыншы жібертті.
Тұмар ханым уәдесінде тұрып, қосынын дариядан үш күндік жерге, қасиетті Қаратау қойнауына қарай шегіндірді. Кир болса қарақұрым әскерін дариядан жайлап өткізе бастады.
Кир қосынын дариядан өткізген күннің түнінде түс көреді. Түсінде немере ағасы Гистасптың үлкен ұлы Дарий биік таққа отырыпты. Екі иығында қос қанаты бар дейді. Бір қанаты Азияны, екінші қанаты Еуропаны бүркеп тұр екен. Түсінен шошып оянған патша түсінің мәніне ой жүгіртіп, оны тегін емес деп жориды. Немере ағасын шақыртып алады да, екеуі оңаша отырғанда оған былай дейді:
– Гистасп, сенің ұлың Дарий 11 11 Дарий* – Кир өлгеннен кейін парсы патшалығы тағына Дарий отырады. Ол да үлкен империя құрып, көптеген елдерді жаулап алады.
жасы жетпеген соң жорыққа қатыстырылмай, елде қалған еді. Сол ұлың менің тағыма таласып, өміріме қастандық жасағалы жүр. Менің кәміл-пірлерім әмісе қамымды жеп жүретіні және алдымды алып отыратыны өзіңе аян. Сол кәміл-пірлерімнің көрсетуінше, түсімде сенің үлкен ұлыңды көрдім. Екі иығында екі қанаты бар екен, бір қанатымен Азия, екінші қанатымен Еурпоны бүркеп, менің тағымда тұр екен. Соған қарағанда, сенің ұлың менің өміріме қатер төндіргелі жүргені даусыз. Сол себепті дереу Персияға қайттағы, мен мына жауды жеңіп, елге оралғанша жауапқа дайындай бер.
– Уа, ұлы патшам, – деді Гистасп оның аяғына жығылып. – Сен еліміздің даңқын аспандатып, жарты әлемді жаулап алдың. Ол елдердің бәрі салық төлеп, еліміздің дәулетін арттырып, тасқын-датса, бұл – сенің арқаң. Ендеше саған кім қастандық ойласа, ол бізге де жау. Ондай жаулық ойлайтын парсылықтың тумағаны игі еді! Туа қалған күнде, ертерек өліп кеткені абзал-ды! Түсіңде көргендей, баламнан қауіп ойласаң – бердім соны қолыңа құрбан ғып! Елге барып, оны тұтқынға алайын! – деп, патшадан шыға сала, атқа қонып, елге қарай жол тартты.
***
Дәл осы уақытта Спаргапистің шолғыншы жігіттері барлаудан орал-ған еді. Олар парсы әскерінің орналасу жағдайын баяндады.
– Кир әскерінің негізгі бөлігі жорық қамымен алға озып кетті. Ал, азық-түлік, шаруашылық жағын қамдайтын бақауыл жасақ-тары тыл жақта қос тігіп қалып қойды. Соларды басып қалуға мүмкіндік бар, – деді жорықшы жігіттің бірі.
– Иә, – деді Спаргапис ойланып. – Біз жауымызды азық-түлік, киім-кешектен айырсақ, олардың соғысу қабілетін әлсіретеміз. «Темірді қызған кезде соқ» дейді. Ендеше бізге жеңісті жақындата түсетін мүмкіндік туып тұр, – деді ол жанындағы қолбасшысына. – Әскерді жорыққа да-йында! Дәл қазір аттанамыз!
Қолбасшының сыртқа шыққаны сол еді, даланы жорық дабылы жаңғырықтырды.
Спаргапис ағайынды бауырларға қарады да:
– Ал, жігіттер, жүріңдер, атқа қонайық! – деді. Өзі жауап күтпестен оққағарларын ерткен күйі сыртқа шығып кетті.
– Бұл қалай болғаны? – деді Нар. – Олар парсылардың құрған тұзағына түскелі бара жатыр ғой. Олар осындай айламен сақтардың үштен бір бөлігін қоршап алып, қырып-жойып, Спаргаписті қолға түсіріп, өлтірмейтін бе еді? Бұл қауіптің алдын алу үшін Спаргаписке бәрін айтып, түсіндіруіміз керек.
– Дегенмен, ол қырғын түнге қарай болмайтын ба еді, – деді Ер. —Сақтар жеңістерін тойлап, парсылардың әдейі қалдырған мол тағамдарын жеп, көл-көсір шараптарын ішіп, мастанып бейғам ұйықтап жатқан кезде ың-шыңсыз басып қалмайтын ба еді. Ендеше біз олардың жеңіске жететін мүмкіндіктеріне неге тосқауыл болмақпыз?! Қайта, парсылардың күшін осылай әлсірете бергені дұрыс емес пе? Ал содан кейін біз қоршалатындай қауіптің алдын алуға тырысамыз.
– Иә, Ер дұрыс айтады, – деді Би оны қостап. – Жеңіске жетіп алайық, ал кейінгісін уағында көре жатармыз. Кәне, атқа қонайық, бауырлар! – Үшеуі бойларындағы қару-жарақтарын түзеп, нық адымдап сыртқа беттеді.
***
Спаргапистің қолы парсы жасақтарына тұтқиылдан тиісті. Бірақ пар-сылар да тез есін жиып, айтарлықтай қарсыласты. Соған қарамай Спаргапистің сайланып шыққан қолы қалың жауды нөсердей жауған оқтың астында қалдырып, қоғадай жапырып жатты. Одан кейін олар жан-жақтан анталап, тікелей шабуылға шықты. Алдыңғы шептің бір бүйірінде Ер, Би, Нар да қайқы қылыштарымен олай-былай осқылап, аттарының кеудесімен екпіндей омыраулатып, парсыларды баса-көктеп таптап бара жатты. Ақыр соңында парсылардың қалғаны сақтардың жойқын шабуылына төтеп бере алмай, бас сауғалап қаша жөнеледі. Спаргапистің жеңіл атты әскері оларды өкшелей қуып, жаудың сау-тамтығын қалдырмай жайпап, қалған-құтқанын тұтқындап, кері оралады. Жеңістеріне масаттанған жауынгерлер дабыл қағып, кернейлетіп, енді біреулері ат үстінде өнерлерін көрсетіп, парсылардың қос тіккен тұрақтарына шат-шадыман күйде қайтып келе жатты. Парсылардың қосына таяй бергенде, кенет Би астынан су шыққандай тыпыршып, бауырларына былай деді:
Читать дальше