– Ал, – деді Би. – «Кеңістік сағаттарыңды» біздің дәуірімізге дейінгі 530 жылға туралап қойдыңдар ғой?
Бауырлары сағаттарын тексеріп көрді де:
– Туралап қойдық! – деді.
– Онда біз Тұмар патшаның заманына сапар шегеміз. Ал, ұранымызды бастайық:
Біз —Тұранның ұлдарымыз,
Ерлік – басты ұранымыз!
Жорыққа сай, дайынбыз,
Текті елдің қыранымыз! —
Олар өз ара келіскендей, сағаттарының түймесін басып қалады. Сол сәтте кеңістік өзгеріп, үшеуі ежелгі дәуірден шыға келеді.
***
Парсының жеңілуді білмейтін Кир патшасы Вавилон жорығынан кейін біздің дәуірімізге дейінгі 530 жылы Сақ даласына келіп кіреді. Өзінің бармақтарынан бақайшағына дейін қаруланған 300 мыңдық қалың әскерімен жолындағысын тасқын судай жайпап, тыңнан түрен сала келіп, ұлы Сейхунның 9 9 Сейхунның* – Сырдарияның.
бойына тоқтап, күрендерін тігеді. Алдыңғы бақауыл жасақтарымен Сақ елінің әскери күшін сараптап, жер жағдайымен таныса келіп, өзінің басты қарсыласы – Сақ падишасы Тұмар ханымның ордасына елші жібереді.
***
Тұмар ханымның еңселі ақ ордасы. Төрдегі биік тақытта Тұмар ханым. Төңірегінде уәзірлері мен қолбасшылары. Бір бүйірде оның ұлы Спаргапис, жанында онымен бауырласып үлгерген Ер, Би, Нар отыр. Ашық тұрған есіктен парсы елшісі кіріп келеді. Ол:
– Сақтардың ұлы падишасы, Тұмар ханым. Сізге парсының ұлы патшасы Кир дұғай-дұғай сәлем жолдайды. Ол: «Сақтардың ұлы ордасының жесір ханымы маған жар болуға қалай қарайды екен. Екеуміз екі елдің басын қосып, мықты күш болып бірігіп ел билейтін едік», – дейді. Сіздің ұйғарымыңыз?
Тұмар ханым оған жауабын көлбілтелемей бірден айтты:
– Қалың қолымен жерімді басып, жаншып тұрып, бүйтіп аярлық жа-сағанына жол болсын. Оның бұл жымысқы айласына түсе қалатын ашықауызды тапқан екен. Бар, Киріңе айт: Келген жолы-мен кері қайтсын! Кир көзін маған емес, менің еліме, жеріме салып отыр. Ата-баба әруағы жатқан жерді жаттың табанына таптатқызып, қорлатпаймын. Соны айтып бар! – деп елшіні кері жібереді.
***
Тұмар ханымның жауабын естіген Кир бойын ашу-ыза кернеп, әскеріне Сейхунның үстінен өткел салуға бұйырады. Бұл – соғы-самын деген белгі еді. Мұны сезген Тұмар ханым Кирге жаушысын жібереді де, одан мынандай сәлем айтты:
– Мидиялықтардың патшасы! Өз жөніңе кет дегенге көнбедің. Ендеше тұрысатын жеріңді айт! Дарияға өткел салып әуре болмай-ақ, үш күн-шілік жерге кері шегініңдер. Сонда соғысамыз. Оған көнгің келмесе, сен-дерге жолды босатып, біз үш күншілік жерге кері шегінейік. Жауабыңды кешеуілдетпе.
***
Кирдің жорық шатырында әскери кеңес жүріп жатыр. Кир алдында қолбасшылар мен әскери кеңесшілер ғана отыр. Кир оларға барлай қа-рап:
– Иә, сендер не дейсіңдер? Томиристің айтқанындай үш күндік жерге кейін шегінейік пе, әлде олардың шегінгенін қалайсыңдар ма?
Біраз үнсіздіктен кейін кеңесшілердің бірі сөз алды:
– Тақсыр, – деді ол бір құпия сырды ашқандай жігерлене қарап. – Біздің кері шегінгеніміз дұрыс болар. Өйткені, біз шегінген жеріміздің ой-шұқырын бес саусағымыздай біліп аламыз. Сақтарға қарсы соғыс майданын ашқан кезде сол білігімізді пайдаға асыратын боламыз. Сөйтіп, оларды тықсыра қуған жағдайда, сақтардың шегінетін жері қалмайды. Өзен иініне әкеліп қамап, дүрліккен жауды қойдай бауыздап, қыра беруге де тиімді.
Әскербасының бұл ойын басқалар да қуаттады. Кир де осы ойға жығыла берген. Кенет осы кеңеске қатысып отырған лидялық Крездің 10 10 Крез* – 560—546 жылдары Лидия мемлекетінің патшасы тағында отырған. Кейін оның патшалығын Кир жаулап алып, оны өзіне қызметке алған. (Алдыңғы тарауды қара).
басын шайқап тұрғанын байқап қалды.
– Иә, Крез, басыңды шайқағаныңа қарағанда, келіспей тұрған сияқтысың ғой? Неге келіспейсің, соны айт?!
– Уа, әміршім, – деді Крез нық та сенімді үнмен. – Егер сен өзіңді және әскеріңді елден ерекпіз деп бағаласаң, онда мен пікір айтып әуре болмай-ақ қояйын. Ал, егер сен өзіңді кәдімгі ажалды адам деп, әскерің де өзіңдей пенделерден құралған қол деп есептесең, әрдайым бір адамның жолы бола бермейтінін ұғын. Егер сен жауды өз жеріңе енгізсең, оның өте-мөте қатерлі деп білемін. Жеңілген жағдайда, мемлекетіңе де қауіп төнеді, олар жеңістің желігімен сені еліңнің түкпіріне дейін өкшелеп қумай тоқтамайды. Ал жеңіске жеткен күнде Томирис иелігіне түре тиіскенге не жетсін! Әйелдің тілін алып, жауын өз жеріне енгізу – Камбис баласы Кирге өліммен тең емес пе?! Сонымен ақылымды алсаңдар, дариядан өтіп жаудың шегінген жеріне дейін баса көктеп барайық та, мынандай айла жасайық: Өз қосынымызда көп қой сойып, ат-көпір етіп ас-су әзірлейік. Әсіресе шарап жағы ырғын болсын. Содан соң орнымызда әлсіз әскер қалдырып, дарияға қарай шегініп кетерміз. Менің ойымша, өздері бұрын татып көрмеген тағамның үстінен түскен жау дәмге тарпа бас салады. Ал, одан арғысы белгілі емес пе.
Читать дальше