Кеңес Оразбекұлы - ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ

Здесь есть возможность читать онлайн «Кеңес Оразбекұлы - ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Жанр: Историческая проза, Прочие приключения, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Ер, Би, Нар – бауырлар, қазіргі заман балалары. Үркерліктер оларға «Дәуір сағатын» сыйлайды. Сол «сағатпен» олар Алып Ер Тоңға, Анахарсис, Томирис, Шырақ, Сыпатай, Мөде тәңірқұт, Аттила, Тоныкөк – Күлтегін, Әл-Фараби, Қайыр хан (Отырар қорғанысы), Өтейбойдақ шипагер, Тәуке хан – Қожаберген батыр замандарына «сапар шегеді». Ата-бабаларымыздың тарихымен, өркениетімен танысып, мақтанышқа кенеледі. Өздері де тарихи, ерлік жорықтарға қатысып, отаншылдықтың үлгі-өнегесін көрсетеді.

ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Дәл осы кезде сенімді күтушісі Арданның:

– Дастарқан дайын, тамаққа келіңіздер, – деген даусы шықты.

Олар үлкен тақта тастың үстіне жайылған дастарқанның айна-ласына жайғасты. Балбырап бабымен піскен жылқы етін жеп, сорпа мен қымыздан дәм татты.

– Анарыс баба, – деді Би қымызды төңкеріп ішіп болып. – Эллиндер сізді де Солон, Фалес, Периандрлар сынды ғұламалардың қатарына қосып, құрметтеп өтті. Шешендік даңқыңыз шартарапқа жайылды. Дегенімен бізге мына жайды түсіндіріңізші: Олар, яғни Биант, Питтак, Солондар эллиндік шешендік мектебінен қалып-тасып шыққан, сол ортадан оқу, тәрбие, өнеге көріп жетілген кісілер еді. Ал, сіз Скифиядан, яғни, оларша айтқанда, жабайы өлкеден бардыңыз, ендеше шешендік өнерді қалайша тез меңгеріп, игеріп кеттіңіз? Соны түсіндіріңізші.

Бұл сауалға Анарыс баба бар мейіріммен жымия күліп тұрып, асықпай жауап берді:

– Е, балалар, бір негіз, тұғыр болмаса, мықты үй тұрғыза алмайсың. Олар қанша жерден жабайы дегенімен, біздің де өз далалық өркениетіміз қалыптасқан. Біздің скифтердің арасында да аузымен құс тістеген шешендер, қара қылды қақ жарған билер, өлең мен жырды төгілткен суырыпсалма ақындар мен жыраулар, ән мен күйден саз өрген дала өнерпаздары аз емес. Мен солардың қайнаған ортасында өсіп-жетілдім, солардың келісіне түсіп, шешендік талайымды сынадым. Мен эллиндерге сондай ұғындырғыдан өтіп, шыңдалып барған едім. Олардың қатарларына тайпалған жорғадай бірден қойып кеткенім де содан.

– Ал, енді мынаған жауап беріңізші, сіз ата-бабаңыздан бері қара көк үзілмеген тәңірқұт, хан тұқымынансыз. Ендеше қалайша хандық, билікті тәрк етіп, шешендік өнерді таңдадыңыз?

– Бұл жолды таңдауыма бірнеше себептер болды, солардың ең негізгілерін айтсам, біріншіден, әлгінде айтып өткендей, жастай-ымнан далалық шешендік өнердің қайнаған ортасында өстім, тәлім алдым, соның әсері ме, менің тұла бойымды шешендік өнерге деген талпыныс, сүйіспеншілік, құштарлық билеп алды. Ақыр соңында жүрегім билікті емес, өнерді таңдады. Екіншіден, бұл билікті сеніп тапсыруға лайықты адам бар еді. Ол – менің бауырым Сабыл. Оның бойындағы тасқындаған қайрат-жігеріне, өктемдігі мен өрлігіне мен ілесе алмас едім. Осы жайларды ой елегінен өткізіп, таразылай келе, менің жолым, тағдырым билік емес, шешендік өнер екенін ұғындым, сол жолдың ыстық-суығына төзіп, тауқыметтерін арқалауға бел будым…

Тамақтан кейін балалар асық ойынына отырды. Анарыс әдет-тегіндей құрулы тұрған даңғыра, кепшіктің алдына барып, оларды бір ырғақпен қағып, Тәңірге құлшылық етудің рәсіміне кірісті.

Даңғыра бір қалыпты соғылып, Анарыс әуен-ырғаққа жан-тәнімен беріліп кеткен бір тұста, айнала ұшып жүрген сауыс-қандардың үдере шыққан шиқылы ерекше естілді. Балалар елең етіп, орындарынан ұшып тұрды. Алаңдап қарап еді, Анарыстың арт жағында әудем жерде садақтарын кезеніп тұрған салт аттыларды көрді. Балалар ауыздарын ашып үлгергенше, қауырсынды жебелер зуылдап ұшып, Анарыстың арқа-жонына «сарт-сұрт» етіп қадалып жатты. Бірақ бір таңқаларлығы, қанша оқ тисе де Анарыс баба құламай тұр. Ол оқ атқандарға бұрылған кезде байқаса, жебелер жон арқаға дәл тигенімен, ешқайсысы денесіне дарымаған. Бәрі шетінен лыпа көйлекті тесіп өткенімен, жебелер төмен салбырап, матасына ұшынан ілініп тұрды. Бұл оғаш көрініске оқ жаудырған жауын-герлердің өздері таң қалғаны сондай, ауыздарын ашқан күйі тұрып қалған. Бір кезде естерін жиып, басшыларына ілескен бойы желе шоқытып, Анарыстың жанына жетіп келді. Басына мұрақ 8 8 Мұрақ* – қаған, хандар киетін бас киім. кигені Сабылдың өзі екен. Ол Анарысқа сұстана қарап:

– Саған жебелер неге дарымайды? – деді.

– Ол жебелерді дарытпаған – біз, – деді Ер суырылып алға шығып.

– Сендер кімсіңдер?

– Біз Анарыс бабаның қағушы періштелеріміз, – деді Би де ілгері адымдап.

– Қанатсыз қандай періштесіңдер! Жалған айтпаңдар!

– Ал, сіз бауырыңыз Анарыс бабаны қалайша өлімге қиып отырсыз?! – деп, Нар да бауырларының қатарына қосылды.

Сабыл жауынгерлеріне қарап:

– Мына тырбиған бақаларды менің аяғыма жығып, тәңірқұтқа қарсы шыққандардың қалайша жер қабатынын көрсетіңдерші, – деді саусағымен нұсқап.

Үш жауынгер аттарынан түсіп, өздеріне сенімді түрде балаларға жақындай берген.

– Бауырлар, дәл тамақтарынан тебейік! – деп сыбырлады Ер жайымен.

– Дайындалыңдар! Ал…

Үшеуі бір мезгілде шыр көбелек айналған күйі каратэ тәсілімен аяқтарын көтеріп, «сарт-сұрт» тепкен еді, мұндайды күтпеген әлгі жауынгерлер бірінен кейін бірі кескен теректей жалпасынан түсті.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ»

Обсуждение, отзывы о книге «ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x