– О, Солон! О, Анарыс! О, Солон! О, Анарыс! – деп, даусы қарлыға, күңірене айқайлайды.
Кир патшаға оның бұл күшенгені қызық көрінеді де, «Бұл байғұс патша өлімі алдында не деп алас ұрады?» дап сұрайды. Сонда Крез оған Солон мен Анарыс хан иемнің кезінде өзіне кандай даналық айтқанының бәрін баяндап береді. Крездің бұл әңгімесіне қатты риза болған Кир оны босатып, өзінің қарамағына қызметке алыпты.
– Иә, Анарыс бабамыз жайлы кейінгі дәуірлерде де тарих атасы Геродоттан бастап, Лукиан, Плутарх, Страбон, Диоген Лаэртский сынды ғұламалар да өз кітаптарында тамсана жазды, – деді Ер осы тұста шыдамы жетпей киіп-жарып.
– Ол жағын мен білмейді екенмін, – деді Ардан. – Бірақ Анарыс хан иемнің нақыл сөздерін жұрт ауыздарынан тастамай айтып жүреді.
– Анарыс бабаның нақылдарын біз де айтамыз, – деді Нар. – Мәсе-лен, «Дүние – шексіз, оның алды да, арты да жоқ, хақиқатқа да мөлшер жоқ, өткен күннің белгісі жоқ», «Тән – жанның құралы, жан – құдайдың құралы».
– «Еркін адам дегеніміз – өз қалауымен, өз заңдарымен өмір сүретін адам», – деп әрі қарай жалғады Би. – «Жаман адам көмір сияқты: күйдермесе де күйелейді», «Жақсылық та – тілден, жаман-дық та – тілден».
– О-о! Хан иемнің көп сөздерін біледі екенсіздер ғой, – деді Ардан балаларға таң қала қарап.
– Жо-оқ, бәрін біле бермейміз, – деді Нар. – Мәселен, Анарыс баба скифтер мен эллиндердің тұрмысы және соғыс өнері жайлы 800 жол өлең жазған дейді. Сол өлең-жырлары бізге жетпеді.
– «Элладада мені ақыл-парасат қорғап еді, өз елімде қызғаныш құрбан етті» деген сөзді бабамыз қандай жағдайға байланысты айтты? Соны білмейміз.
– Хан ием мұндай сөздерді қашан айтты? Мен де білмеймін, – деді Ардан ойланған кейіппен.
– Оны сіз білмейсіз. Анарыс баба оны өлер алдында айтты.
– Хан ием қалай өлмек?! – деді Ардан таң қала шоршып.
– Біз Анарыс бабаны сол ажалдан құтқаруға бара жатырмыз. Анарыс бабаға қауіп төніп келеді, алдына тезірек жетейік, – деп еді, Ардан еш нәрсе түсінбеген кейіппен аңырып тұрып қалды. Нар айналасына бажайлап қарап алды да, Арданның құлағына бір жайттарды сыбырлап айтып жатты. Арданның бет-әлпеті біресе бозарып, біресе қызарып, енді бірде қайта қалпына түсіп, мың құбылумен болды. Бір кезде барып:
– Құп болады! – деді де, айналасына жіті көз салып. – Біз келіп қалыппыз, хан иемнің тұрағы мына кезеңнің артында, – деді, алдарындағы жотаны нұсқап. Олар бұталы жотаға шыққанда, ар жағынан ат шаптырымдай үлкен алаңқайды көрді. Алаңқайдың бір жағы құмдауытты өзен атырауына тірелсе, қалған жақтары ну орманды тау баурайына сұғына еніп жатыр екен. Алаңқайдың тастақты бір бүйірінде үсті жабық үлкен сақ арбасы тұр. Арба жанындағы ошақта от жанып, үш аяқты мосыда қазан асулы. Ошақ басында гректердікіндей кең етек ақ жейделі бір кісі отыр. Ардан балаларды сол кісінің алдына апарды.
Балалар жөн сұрасып, негізгі келген шаруаларын реттеп болғаннан кейін, Анарыс бабаның қазіргі жай-күйімен де танысты.
– Ең жақын досым әрі ұстазым Солон қайтыс болғаннан кейін, оның жылын өткізіп, барлық мұраларын ретке келтіріп, шәкірттерінің біріне тапсырдым да, елге қайттым, – деді Анарыс әңгімесін жалғап. – Сондағы басты көздегенім – өз жұртымның сауатын ашу, скиф мемлекетінің негізгі тұғырын, яғни грекия-дағыдай патша, тәңірқұттан бастап, әскері мен қарапайым халқына дейін заңмен, тәртіппен өмір сүріп, жүріп-тұруға қалыптастыру еді. Сол мақсатта еліме келе салып, сауат ашу, шешендік өнері ұғындырғыларын 6 6 Ұғындырғы* – мектеп.
аштым, балаларды оқыттым. Бос уақыттарымда скифтердің өмір-тұрмысына лайықтап жарғы баптарын құрас-тырумен айналыстым. Күндердің күнінде сол заң-жарғыларым дайын болды. Қайта-қайта қарап, пісіп-жетілді-ау деген күні қала халқын жинап, ел алдында оқып бердім. Бірен-саран бай-шонжарлар болмаса, көпшілік халыққа бұл заң-жарғы қатты ұнады. Ел менің еңбегімді қолдап-қуаттап
қана қоймай, тәңірқұттың құзырына апарып, бекіткізуімді өтінді. Елдің ыстық ықыласына бөленген заң-жарғыны мен тақта отырған бауырым Сабылдың қолына тапсырдым. Мән-маңызын түсіндіріп, тезірек қабылдауын өтіндім. Ол заңмен танысып шығайын деп алып қалды. Бірақ көп өтпей менің ісімнен береке кетті. Артымнан аңдушы, арандатушылар көбейіп, жан-жақты қудалауға түстім. Шәкірттерім сабақтарына келе алмай, ұғындырғым жабылып қалды. Содан кейін осылай ел-жұрттан безіп, еріксіз дәруіш-қаңғыбастық жолға түсуіме тура келді. Жағдайым осылай, жас достарым. Енді тек даңғыра, кепшік қағып, көктегі бір Тәңірімнен халқымызға, ел басшыларына таупық-тәубе 7 7 Таупық-тәубе* – тәубеге келу, түсіністік.
беруін тілеймін. Байланған көздерінің ашылуын, қудалау, көре алмаушылықтардың жолы кесілуін тілеп, жалбарынумен күн өткізудемін.
Читать дальше