Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап

Здесь есть возможность читать онлайн «Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Жанр: Историческая проза, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Арада екі жарым айдай уақыт өткенде Файзулланын өзі, маусым айының ортасында қасында кіші баласы кісі бар, пар ат жекен пәуескені алып келді. Бұл Ақмола аймағында жоқ пәуеске болатын. Бар шеберлігін салып жасағаны көрініп тұр. Қыста төрт дөңгелегін алып тастаса шана болып шыға келеді екен. Жазда арба. Пәуескені көруге айналадағы сорпа бетіне шығатындардың бәрі жиналды. Таң қала қызығып, қызғана қараған еді. Енді байлар Файзуллаға бізге де осындай пәуеске жасап бер деп тілек айта бастады. Файзуллаға мұндай пәуеске жасау аса қиынға түскенін еді. Бұл пәуескені жасауға үш жылға жуық уақыт кеткен. Енді елге де мынандай пәуеске жасап берсе, бірінен-бірі көріп мазасын ала беретінін сезіп тұр еді. Содан кейін қулықпен елден құтылу үшін айтқан:

– Бұл сіздерге өте қымбатқа түседі, – деді Файзулла.

Есептің бәрін жылқы санымен жүрізетін қазақтардың әдеті еді. Біреу тұрып сұрады:

– Сонда қанша жылқы?

– Екі жүз жылқы.

Мына сөзді естіген қазақтардың көзі атыздай болып кетті. Сөздері таусылғандай күйге жетті. Мына қу татардың қазақтарды тонауы ғой деп түсінген. Тағы біреуі тұрып сұрады:

– Саған Шоң сонша жылқы бере ме?

– Әлі келіскеміз жоқ. Бірақ береді. Бұл пәуескені істеу маған оңайға түскен жоқ. Мен Бурабайға барып арнайы қайың ағаштар кесіп әкеліп жасадым. Бұл пәуеске арба-шанаға бірдей ғой. Және ондаған жылға кетеді.

Оның сөзін көппен бірге Телқозы тыңдап тұрған. Мына сөзді естіп, есі шығып кеткендей болды. Шыдай алмады, үйге кіріп Шоңнан сұрады:

– Сен пәуескені қаншаға жасаттың?

– Бағасын әлі келіскен жоқпыз, білмеймін…

– Ана татар екі жүз жылқы дейді.

Мына сөзді естігенде Шоң да қорқып қалды. Әуеліде құны қанша екенін келіспеген еді. Өкінгендей болды. Бірақ кейін шегінер шама жоқ. Алып келіп тұр. Енді оны алмаймын деп айта алмайды. Шоң айтқан:

– Ендеше сол сұрағанын бер. Олай болмаса ұят болады. Ол менің айтқанымды орындады, біз неге алудан бас тартамыз. Бұл тіршілік бір-ақ рет келеді. Бір мінгеннің өзі не тұрады?

– Сен Шоң бөсіп сөйлейсің. Мен бұл пәуескеңе ол айтқан жылқыларды бермеймін. Мына татарың қу болуы керек, қазақтардан алдап алып әбден жаман үйренген ғой.

– Сен оған жылқы бермесең, мен онымен ақшалай біртіндеп есеп айырлысамын. Анау қаладағы орыстардан қарыз аламын.

– Ол қанша ақша екенің білемісің?

– Білмеймін. Басқа амал жоқ, сөйтуім керек. Ол менің тілегімді орындады, мен неге оны ренжітуге тиіспін?

Мына сөзді естіп Телқозы ашуланып сыртқа шығып кетті. Барып Файзуллаға:

– Менің саған беретін жүз жылқым жоқ. Пәуескенді алып кет…

– Ағасы, мен сізден сонша жылқы бер дедім бе?

– Ендеше, ана елге жаңағы айтып тұрғаның не?

– Мен басқа қазақтардан осындай пәуеске жасап берсем, сондай жылқы аламын. Бұл пәуескені жасауға менің қанша уақытым кеткенін білмейсіз.

– Ендеше, сол еңбегіңе лайықты мал беретін адамды тауып ал. – Телқозы бұрылып кетіп бара жатыр еді, оны Файзулла тоқатты.

– Сіз неге асығыс сөйлейсіз? Шоңнан ондай жылқы сұраған жоқпын ғой. Шоң менің туған інімдей болып кеткен адам. Мен Шоңға тегін де жасап беремін.

Телқозы Файзулланың мына айтқан сөзіне не сенерін, не сенбесін білмей тұрып қалды. Бірақ тегін жасап та беремін деген сөзі тоқыратып тастады. Соған орай айтқан еді.

– Сонда да сен мынадай пәуескені туған ініңе де де тегін жасамайсың. Бос сөзді сөйлеме. Тура айтшы, қанша сұрайсың Шоңнан? – Телқозы қанша дегенде өзі де іштей қызығып тұрған пәуескеге.

– Сіз айтыңыз, қанша бересіз?

Телқозы өзінің сараңдығына салып сөйледі:

– Жиырма жылқы.

– Ендеше, бопты. Жиырма жылқы болса, жиырма жылқы…

Телқозы үйге кіріп Шоңға:

– Мен анау татарды жиырма жылқыға түсіріп алдым.

Шоң әкесінің керемет сараң екендігін жақсы білетін. Расында, ана кісіні өзінше алдап түсіріп отыр ма деп ойлады. Татарлардың қазақтардың алдауына түсе коймайтынын және білетін. Содан кейін сұраған:

– Қой ұят болып жүрмесін. Өзі айтты ма, сіз айттыңыз ба?

– Мен айттым, ол келісті.

Мына сөзден соң Шоң отыра алмай сыртқа шығып Файзулладан сұраған еді.

– Файзеке, сіз Телқозы берген жиырма жылқыға ризасыз ба?

«Риза емеспін» десе Шоңның көңіліне келіп қалар деп ойлады да, «ризамын» деді. Шоң әліде де анықтап алғысы келіп:

– Әуеліде екі жүз жылқы депсіз. Аз емес пе?

– Екі жүз жылқыны осындағы байларға айттым, әйтпесе бірінен соң бірі келіп пәуеске жасап бер деп мазамды алады. Ол маған оңай жұмыс емес.

Шоң Файзулланың сөзінің төркінін түсіне қалды да:

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап»

Обсуждение, отзывы о книге «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x