Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап

Здесь есть возможность читать онлайн «Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Жанр: Историческая проза, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

– Сіз Кенесарыны өлтірген патша әскерлері деп білесіз бе? Оны өлтірген сіздердің туыстарыңыз, киргиздар ғой.

– Ешқашан қырғыздардың қазаққа тісі бата алмас еді. Орыстар оларды айдап салды бізге. Өз бетімен келіп қырғыздар қазақтарға тимейді.

– Ал біздің баспасөзде Кенесарыны өлтірген қырғыздар екенін жазып жүр ғой.

– Бұл шындықты шатастыру болып отыр. Өздерін қазақтар алдында ақ етіп көрсеткісі келеді. Төрелердің де, қазақтардың да ақылдылары бәрін ұйымдастырған орыстар екенін біліп отыр. Бұл әдейі екі халықты бірімен бірін араздастыру үшін жасалып отырған саясат. Қазақтар мен қырғыздар жауласып отырса бұл орыс үшін пайдалы. Менің бұл айтқаныма, Петр Константинович, қалай қарайсыз?

– Сіз шыныңызды айтыңызшы, орыстардың бұл жаққа келгеніне қарсысыз ба?

Шоң Карповтың мына сөзінен қорқып қалды. Орыстардың осылай алдап-сулап төрелерге шындықты айтқызып, апарып түрмеге жапқызып қоятынын білетін. Сондықтан Шоң бұған сақ болатын. Карбышевпен өзімен байқап-байқап, алды-артына қарайлап сөйлейтін. Мына кісінің айтқанына елігіп отырып, артықтау алға кетіп қалғанын енді сезді. Өзін ақтау үшін айтқан:

– Мен орыстардың осында келіп қоныстанғанына қарсы емеспін, бірақ халық қарсы. Жерге таласу басталды, екі халық арасында. Сіз мені түсініп отырған шығарсыз. Егер орыстардың мұнда келуі тоқталмаса, бұл жанжал тоқтамайды. Біз елдігімізді жоғалтып аламыз ба деп қауіптенемін. Содан қорқамын.

Карпов отырып айтқан:

– Әр заманның өз саясаты бар. Қазір барлық жерлерде әлсіз мемлекеттерді әлділер жаулап алу басталды. Англия Индияны, немістер Африканы, француздар Араб елдерін жаулап алуда. Испандар мен ағылшындар Америка құрылығына шығып кетті. Орыстар маңайдағы аз халықтарды жаулап алып жатыр. Мұның аяғы не болатынын білмеймін. Аз ұлттарды халық есебінде құртып жібере ме, білмеймін. Сіздердің жерлеріңізді жаулап алып, казактарды көптен көшіріп әкеп жатқанын жақсы білемін.

Шоң көкейінде тұрған сұрақты тоқтата алмады:

– Ресей орыстардың келуін тоқтатпаса, мұның арты не болады деп ойлайсыз?

– Ешқашан Ресей қарамағындағы халықтарды түсінбей, олардың ойларына көңіл бөлмей, ілгері баса алмайды. Бір философ айтыпты: « Ресей маңайындағы халықтармен дұрыс саясат жүргізбей, дамымайды», – деп. Мен оған да, сіздің айтқаныңызға да қосыламын. Сіз қысылмаңыз, маған турасын айтыңызшы, орыстардың осында көшіп келіп жатқанынан қорқасыз ба?

Мына сұрақты саясатпен беріп отырғанын түсінді Шоң, көңілінде әлі де қорқыныш бар еді.

– Қарсы емеспін. Тым көп келіп жатыр. Сонысына келіспеймін. Жер үшін дау көбейгенін айтып отырмын ғой. Бұл орыстар үшін де, жергілікті халыққа да пайдалы емес.

Петр Константиновичтің әлгі соңғы сөзінен кейін көңілінде сәл де болса мына адамға деген сенім пайда болды. Әуеліде мені анықтап білу үшін Карбышев жіберіп отыр ма деп ойлап қалған. Дегенмен, Карпов сөйлеген сайын, айтқандары көңілінен шыға бастады. Ол айтқан:

– Қазір Ресейдің саяси көзқарасында бетбұрыс бар. Қазір аренада жаңа адамдар көріне бастады. Мен байқап жүрмін, киргиздарға көзқарас өзгере бастаған тәрізді. Әлі де саясатта шовинистік көзқарас басым болғанымен, ол біртіндеп азаятын шығар

– Сіз Петр Константинович, менің көңілімнен шығатын пікір айтып отырсыз. Мен қалар едім, төрелерді емес, қыпшақтарды көтеру керек ғой. Онсыз ел дамымайды.

– Мен орыс елін басқарсам, басқа халықтарға еркіндік беріп, олармен сауда-саттық жасағанды қалар едім.

– Сіз менің арманымды айттыңыз.

– Ендеше сіз одан күдер үзбеңіз!

– Соны баспасөз бетіне неге жазбайсыз?

– Оған әлі ерте, оған біраз уақыт өтуі керек.

– Оған дейін елдігімізді жоғалтып алмаймыз ба? Арғын, Найман, Қоңырат Керейлерді, басқа тайпаларды әуелінде қыпшақ, кейін қазақ деп атадық, пәлен ғасыр бұрын қыпшақтар болып тұрған кезімізде елдігімізді жоғалттық. Басында дін жолымен қожаларға бағындық, кейін Шығысхан тұқымдарының айтқанын жасап, айдауына жүрдік. Бұлардың ешқайсы да біздің қамымызды ойлаған жоқ. Қожалар кезінде араб діні арқылы салтымыз, дәстүрімізді нығайттық. Монғолдар келген соң оны да жоғалттық. Сауатсыз төрелерге бағындық. Олар бізді соғысқа ғана пайдаланды. Төрт жүз жылдан кейін енді, міне, орыстардың билігіне тап болдық. Енді келешегіміз не болатыны белгісіз… Қожалар да, төрелер де біздің ұлтымызды жоя алмады. Енді міне орыстар келді. Олар тым көп келді. Енді қазақтың ұлттығын жоятын түрі бар сияқты, мен содан қорқамын.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап»

Обсуждение, отзывы о книге «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x