Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап

Здесь есть возможность читать онлайн «Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Жанр: Историческая проза, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Ел Шоңы. Бесінді. III кітап»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Ел Шоңы. Бесінді. III кітап», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

– Кыпшақтар болыңыздар, енді казак дегенді қойыңыз, – деді Колпаковский сөзін сонда да тағы қайталап.

Шоң пәлен ғасырдан қазақ атанып келіп, енді кыпшаққа көшу оңай болмайтынын айтып еді, оған мән бермегендей Колпаковский казак мынау деп, қасында тұрған казакты қайыра көрсетті.

– Нағыз казак мынау. Міне, бұлар өз жеріне көшіп келіп жатыр. Сіз енді өзгелерді казак дегенді қойыңыз. Онда заң алдында жауап бересіз.

– Орыс заңында казак туралы заң жоқ қой…

– Болмаса, қажет етсеңдер, болады. Сонда сіздер казактардың мұнда көшіп келгенін ұнатпайсыздар ма?

Шоң генералдың өзін кінәлағысы келіп тұрғанын біле қалды да:

– Патша жіберіп тұрса, неге қарсы боламыз…

– Дұрыс айтасыз, екі жақ та бірін-бірі сыйлап, тату тұруы керек. – Халық атын атау үшін таласудың қажеті жоқ. Казактар казак болып қала берсін. Ал сіздер орыс ғалымдары айтқан киргиз болып қала беріңіздер.

Шоң бұл арада генералмен дауласудың ретсіз екенін түсініп айтқан болатын:

– Мен қоямын ғой. Халық қойса болады ғой…

– Халық та біртіндеп қояды. Сіз сауатты адам сияқтысыз, сондықтан казак туралы насихаттаңыз. Сонда ел біртіндеп жаңа атауға үйренеді. Солай емес пе?! Біз киргиздардың өсіп-өркендеуіне қолдан келгенше көмек жасаймыз. Ал қазір, мына таудың жоғары жағында сіздердің туысқандарыңыз, киргиздар тұрады. Бүгін сонда барып қонасыздар. Сіздерге біз тұрған бұл арада жататын орын аз. Тарлық жасайды. Ертең Кауфман мырзамен жолығасыздар. Мұнда нендей шаруамен шақырғанын сол кісі айтады. Мен білмеймін, – деді генерал.

Шоң оның жалған сөйлеп тұрғанын білді. Бірақ қарсы ештеңе айтқан жоқ. Карбышев тұрып:

– Герасим Алексевич, Шоң Телқозин осында қалса қайтеді?

– Бұл кісі қалса қалсын, – деді Колпаковский.

Шоң мына кісімен қалса тағы да казак атауы туралы басын қатыратынын білді және бірге еріп келген болыстарға реніш туғызатынын сезді де:

– Семен Иванович, мен болыстармен бірге барайын, олар ренжіп жүрер, – деді.

– Олардың ренжуге құқы жоқ. Мен айтып тұрмын ғой. – Карбышев бұл арада өзінің күшін көрсетіп тұрғанын Шоң сезе қалды.

– Олай жасасақ сіз де, мен де қателесеміз.

Карбышев көкейінде казактар сұрап отырған аттар тұр еді, содан кейін бұған қарсы сөз айтқан жоқ. Шоң болыстармен бірге кеткен. Қастарына орыс-казагы мен татар тілмаш бар, олар тауға қарай өрмелей жүріп кеткен. Әлгінде Шоңның орысша білетінін біліп алған казак-орыс Шоңға ғана назар аударып:

– Мына тау қойнауында бір бай киргиз тұрады. Соның үйіне алып барамыз. – Алдында генералға Шоңның біз қазақпыз деген сөзіне намыстанып, казак-орыс кеуделі сөйлеп кете жатты. Казак-орыстардың мінезін білетін Шоң оған онша мән бермеді.

Біраздан соң ағаш арасынан екі қазақ қарсы жолықты. Оларға ай-шай жоқ, татар тілмаш ұрса бастады:

– Сіздерге айтылды ғой, неге келіп мына туысқандарды қарсы алмайсыздар? – Оңың мына сөзіне әлгі екі қазақ сасып қалғандай.

– Сен кеше өзің жөндеп айтпадың ғой. Біз қонақтар қашан келетінін білгенде ертерек келетін едік. Және қазақтар деген жоқсың, киргиздар дедіңдер. Түсінбей қалдық.

– Сендер қашан казак болып едіңдер. Казак мынау. – Қасындағы казак-орысты көрсетті.

Шоң бұл жақтағы қазақтардың жағдайы өздерінен де жаман екенін білді. Сол арада әлгі татар Арқадағы орыстар тәрізді мыналарды да орысшалап боқтап жіберді. Шоң татарда мына қазақтарды бір басыну бар екенін сезе қалды. Шоң даусын көтере татарша сөйледі:

– Әй, татар, сен мына кісілерге не айтып тұрсың? Бұлардың жасы сенен үлкен. Сен өзің кімсің?

– Мен православпын.

– Жоқ, сенің арғы тегің мұсылман. Мұсылман үлкен адамдарды боқтай ма екен?

– Мен бала күнімнен православ болғамын.

– Сені зорлап кіргізді ме, әлде өзің кірдің бе?

– Мені ешкім зорлаған жоқ. Өзім кірдім. Өйткені, орыс дінінің мұсылман дінінен артықшылығы көп.

– Діннен діннің артықшылығы жоқ. Олай дейтінім, Құдай біреу. – Шоң оған сен дінді ғана емес, халқыңды да сатып отырсың деп айтпақшы болды да, бірақ айтпады. Оны айтса ол губернатор құлағына жеткізіп, оның арты үлкен әңгіме болатынын біліп келе жатыр еді. Татар Шоңның әлгі сөзін жақтырмай, дін туралы біраз әңгіме туындатқысы келіп еді, алайда Шоң оған басқаша сұрақ койды:

– Сен әке-шешеңді жақсы көресің бе?

– Неге жақсы көрмеймін? Олар мені осы дүниеге әкелді ғой.

– Олар православ па, әлде мұсылман ба?

– Мен орыстан әйел алдым да, солардың дініне кірдім.

– Ендеше ойлан, – деді. Бұл сөздің бәрін қасындағы казак-орыс білмесін деген оймен татарша айтып келе жатқан болатын.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Ел Шоңы. Бесінді. III кітап»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Ел Шоңы. Бесінді. III кітап» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Ел Шоңы. Бесінді. III кітап»

Обсуждение, отзывы о книге «Ел Шоңы. Бесінді. III кітап» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x