Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап

Здесь есть возможность читать онлайн «Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Жанр: Историческая проза, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Ел Шоңы. Бесінді. III кітап»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Ел Шоңы. Бесінді. III кітап», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

– Қазақтар пәлен шақырым жерден құран оқу үшін келеді. Семен Иванович, анау губернаторға болыстар көңілді барады. Содан кейін айтып отырмын. – Бұл сөзін орысша айтқан еді. Карбышев Шоңның бұл сөзінің мәнін түсіне қалды.

– Болыстар да сондай ойда болса барсын, – деді. Карбышевтың мына сөзіне болыстар да қуанып қалды. Ояз отырып болыстардан сұрады:

– Ағыбай қазақ па, әлде төре ме?

– Ағыбай төре емес, нағыз қазақ, – деді Шоң.

Шоң Карбышевтің төрелерді жек көретінін білетін. Шоңның мына сөзінен кейін:

– Ендеше, барып құран оқып қайтыңдар. Мына жерлестері риза болсын! – деді. Карбышев Кенесары көтерілісін ұйымдастырып жүрген төрелер деп білетін. Шоңның әлгі сөзінен кейін Ағыбайға, оның балаларына деген ашуы басылып қалды. Карбышев отырып сұрады:

– Екінші баласы қайда?

– Ол Бұхар базарына сауда жасауға кеткен.

– Сендер Ақмола базарына да келіп малдарыңды сатып тұрындар.

Шоң отырып ойлады. Ояздың көзқарасы Ағыбай балаларына әлгі төре емес сөзінен кейін өзгере бастағанын білді. Аманжол тұрып айтқан оңашада:

– Мынау бізді тағы да тұтқындап жүрмей ме?

– Енді тиіспейді. Өздерің де жай жүріңдер. Өйткені, орыстарға біздің шамамыз келмейді.

Шоң Карбышевтің әлгі сөзінен көп жайды ұққандай болды. Соңғы кезде Омбыдан келген бастықтардың сөзіне қарап патшаның қазақтарға саясаты өзгере бастағанын Шоң байқап жүретін. Есік алдында атқа мініп, шоғырланып тұрған болыстар Шоңға келіп айтты. Аманжол әкесінің бейітінің басына ертіп апарды. Батыр басына қойған белгіні де әдемілеп салған екен. Бұлар құран оқып жатқанда Карбышев бастаған орыстар анадай жерде оқшауланып, ат үстінде бөлек тұрған болатын. Құран оқылғаннан кейін Аманжолмен қоштасып, әрі қарай жүріп кетті. Былай шыққан соң Карбышев айтқан:

– Қазақтарды қарашы, өңкей болыстар жиналып келіп Ағыбай басына құран оқыды. Ал ана Омбыдан келген бастықтардың бірі менің әкемнің басына бармайды. Менің әкем орыстар үшін қанша қызмет атқарды. Қазақтардың орыстарға бағынуы үшін жанын берді. Біреуі де менің әкемнің еңбегін білмейді. Сол есіме түскенде ызадан жарылып кете жаздаймын. Маған бір ой келіп тұр, Алатау жақтан келген соң мына Ағыбай басындағы белгіні алғызып тастаймын.

– Семен Иванович, сіз одан түк ұтпайсыз. Ағыбай мен сіздің әкеңіз біріне-бірі жау болған емес, оларды жау еткен саясат екенін алдында айттым ғой. Олар соның құрбаны болды. Сіз айтқаныңызды жасасаңыз, сізге де, бұларға да жақсы болмайды. Онда аяғы айтып болмас үлкен жанжалға айналып кетеді. Сіз жауыңызды тіптен көбейтіп аласыз. Қазақтың тәртібінде өлген адамның басына барып құран оқу атамзаманнан келе жатқан тәртіп. Ал орыста ондай салт жоқ. Ана Омбыдан келген адамдар содан кейін бармайды ғой.

Бұдан кейін Карбышев үндеген жоқ. Қайта айналып ескертіш туралы ештеңе айтпады.

Ағыбай аулынан шыққан соң олар Балқаш көлінің батыс жағынан айналып, содан еш жерге тоқтамастан кешке дейін жүрді. Күн бата бір ауылға келіп тоқтады. Бұлар Албандар екен. Олар Орта жүздің болыстарын куана қарсы алды. Орта жүздің қазақтары екенсіздер ғой деп, нағыз туысқан екендіктерін айтып, ішкі көңілкүйлерін сыртқа шығарып білдіріп жатты.

Ертеңіне ұйқыларын қандырып әрі қарай жүріп кеткен. Жол бойы желе жортып келе жатты. Жол бастап келе жатқан орыс айтқан, амандық болса екі күннен кейін Верныйға жетеміз деп. Мына болыстар келгенше сол болып қалды. Біз, жалпы, кешігіп шықтық. Кешке Верныйда болуымыз керек еді. Генерал-губернатор бізден бұрын келсе ренжіп жатқан болар. Содан тоқтаусыз жүріп, тек екі жерде ғана санаулы минут тоқтап, шөлдерін қандыруға Албандар үйлерінен қымыз ішкендері болмаса, тез жүріспен жүріп келе жатты. Тек ымырт жабылып, әбден түн болғанда кешегідей бір Албандардың үйіне келіп аттың басын тартқан еді. Шоңның байқағаны бұл жақтың қазақтары әлдеқайда бауырмал екен. Жандары қалмай бұлар да құлай күтті. Арада екі күн өтті. Келесі күні тағы ерте тұрып сәл жүрген соң түс ауа Алатау мұнартып көріне бастады. Жақындаған сайын тіптен алыстай берді. Тау басы аппақ қар екеніне көздері жетті. Тау басында шілде айында жатқан қарды көрген орта жүз қазақтары таң қалып келеді. Тауға өрлей жүріп ақыры бесіндіктен асқан шақта бұлар ағаштан салынған әдемі үйдің қасына келіп тоқтады.

Есік алдында бір топ казак-орыстар, бір генерал тұр екен. Карбышев елден бұрын аттан түсіп, тез барып генералға қол беріп амандасты. Екеуі біраз сөйлесіп қалды. Болыстар анадай жерде олардан бір сөз күткендей болып ат үстінде шоғырланып аулақтау тұрған. Біраздан соң Карбышев болыстар қасына келіп сөз бастаған еді:

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Ел Шоңы. Бесінді. III кітап»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Ел Шоңы. Бесінді. III кітап» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Ел Шоңы. Бесінді. III кітап»

Обсуждение, отзывы о книге «Ел Шоңы. Бесінді. III кітап» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x