Серік Асылбекұлы - Қазақша ашылып сайрау

Здесь есть возможность читать онлайн «Серік Асылбекұлы - Қазақша ашылып сайрау» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. Год выпуска: 2020, Жанр: Драматургия, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Қазақша ашылып сайрау: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Қазақша ашылып сайрау»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Коммунистік режим құлағаннан кейін арада 30 жыл өткенде бұрынғы Совет Одағының алыстағы ауылдарындағы адамдардың өмірі қалай өзгерді? Қазақша ашылып сайрау пьесасында осындай ауылдардың біріндегі қарапайым фермердің жаңа экономикалық тәртіппен, жаңа биліктің номенклатура өкілдерімен жағыз өзінің бетпе-бет күресі суреттеледі. Бұдан не шыққанын біз аталған шығарманы оқып біткеннен соң білеміз. Бұл драма 2017 жылы Астанада өткен Рух халықаралық әдеби конкурсының Гран-приіне ие болған-ды. PDF-формат издания не отображает используемый в <span style="color: rgb(0, 0, 0);">в книге </span>шрифт.

Қазақша ашылып сайрау — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Қазақша ашылып сайрау», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Синопсис

Белгілі қазақ жазушысы, драматургы Серік Асылбекұлының пьесалары Қазақ және Қырғыз академиялық драма театрларының сахналарында 1990 жылдан бастап табыспен қойылып келеді.

Оның сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған «Қазақша ашылып сайрау» деп аталатын бұл пьесасы Қазақстанның астанасы Астана қаласында 2017 жылы өткен «Рух» атты Халықаралық әдеби конкурсында «Үздік драматургиялық шығарма» номинациясы бойынша бас жүлдеге (Гран-при) ие болған.

Аталған шығармада жергілікті бюрократиямен куресте өзінің бұрынғы ауылдас таныстары мен жора-жолдастарының арасынан өзіне жақтас ешкімді таба алмай күйзеліске түскен қарапайым фермердің басындағы жалғыздық кәдімгі өмірден алынған шынайы коллизиялар арқылы нанымды бейнеленеді.

Енді осындай әлеуметтік психологиялық тығырыққа тірелген кейіпкер «Осы өмірдің мәні неде сонда?

Не үшін тіршілік етіп жүрміз? Бірін-бірі реті келсе алдау мен арбауға дайын тұратын шындықтың ауыр жолымен жүргеннен гөрі өтіріктің өрге бастырған оңай жолмен жүргенді жөн көретін саяси-әлеуметтік жүйеде өмір сүрудің, бақытқа ұмтылудың, шынайы махаббатқа іңкәр болудың қажеті бар ма өзі?» деген секілді сонау Адам ата мен Хауа анадан бері адамзаттың соңынан бір қалмай келе жатқан мәңгілік сауалдарға жауап іздеп, алас ұрады.

Иә, ол сұрақтарға әркімнің беретін өз жауабы бар, тіпті соған берер дайын жауабымыз болмағанының өзінде саналы индивид болып жаратылған соң бұл сауалдардан түптің түбінде ешқайсымыздың да қашып құтыла алмасымыз анық.

Ендеше осы бір мәселелер төңірегінде «Қазақша ашылып сайрау» пьесасының бас кеіпкері Көмекбаймен бірге біз де толғанып көрелік, қадірлі оқырман мен көрермен.

Қазақша ашылып сайрау

(Екі актілі, алты көріністі комедия)

Негізгі кейіпкерлер:

Көмекбай– шаруа, жасы 44-45-терде

Рысты– Көмекбайдың әйелі, жасы 42-43-терде

Зибаш– дүкенші келіншек, 35-тер шамасында

Ермек– Көмекбайдың көршісі, 45-46-лар шамасында

Әлайдар– Көмекбайдың мектепте бірге оқыған сыныптасы

Жанайдар– Әлайдардың төртінші сыныпта оқитын ұлы

Учаскелік полиция инспекторы– жасы 32-33-терде

Бірінші акт

№ 1 көрініс

Түс қайтқан мезгіл. Жұмыстан оралған Көмекбай адымдай басып, өзінің ауыл шетіндегі арзан қам кірпіштен салынған, ескілеу, шатырын күн едәуір жеп тастаған шиферлармен жабылған үйіне келіп кіреді. Дәліздің табалдырығынан аттай бергенде ол есік алдында тұрған шоқ самаурынның кернейіне сүрініп кетіп, құлап қала жаздайды. Керней Көмекбайдың екпінімен қаңғыр етіп, есік пен төрдей жерге домалап түседі. Дәліздің бүгіндікке жиналмағаны көрініп тұр: екі-үш үлкенді-кішілі пластмасса леген, су тасуға арналған сырты кірқожалақ темір фляға, осы үйдегі жандардың сыртқа киетін аяқкиімдері еденде қалай болса, солай шашылып жатыр. Бұл көрініс онсыз да іші алай-түлей болып, сіркесі су көтермей келе жатқан Көмекбайдың одан сайын жынын қоздырады.

Көмекбай.Мыналарды неге жинамаған-әй?! Әрдайымғылары осы, жау тигендей жайрайды да жатады бұл үйдің іші.Ырысты-Ырысты! Ырысты деймін!..

Көмекбай аяқкиімдерін дәлізге қалдырып, үйдің ішіне енеді. Төргі бөлмеден бет-жүзі сәл-пәл ісіңкі тартып, басындағы гүлді жібек орамалы желкесіне қарай әнтек қисайып кеткен Көмекбайдың Құдай қосқан қосағы Ырыстының басы қылтияды.

Рысты.Не боп қалды?

Көмекбай.Қайда жүрсің?

Рысты.Қайда жүргені несі? Осы үйде де. Жаңа ғана қисая қойып ем, кішкене көзімнің шырымын алайын деп…

Көмекбай.Сенің-ақ әйтеуір ұйқың қанбайды. Дүниені топан су қаптап келе жатса да саған бәрібір, пырылдап ұйықтай бересің. Күн кеш болған жоқ па, тамақты қашан асасың, шайды қашан қоясың? Бері кел, сөйлесетін әңгіме бар.

Рысты.Айта берсеңші…

Көмекбай.Бері кел дедім ғой мен саған!..

Рысты.Ойбай, Құдай-ай, келіп тұрмыз ғой енді!..

Көмекбай.Көшеміз! Бүгіннен бастап жинал. Осы «Кеңтүпті» бар ғой… Желкемнің шұқыры көрсін енді!..

Рысты.Не деп тұр осы?! Мына қыстың көзі қырауда ма?..

Көмекбай.Қайдағы қыстың көзі қырауда, қайдағы қыстың көзі қырауда, а-а?! Осы сенің-ақ қысыңның көзі қыраулайды да тұрады екен! Бүгін бар болған қарашаның екісі!..

Рысты.Қарашаның екісі болса, көзді ашып жұмғанша күні ертең-ақ желтоқсаның келмей ме ысқырып. Енді қыс болмағанда несі қалды сонда?

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Қазақша ашылып сайрау»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Қазақша ашылып сайрау» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Қазақша ашылып сайрау»

Обсуждение, отзывы о книге «Қазақша ашылып сайрау» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x