Серік Асылбекұлы - Желтоқсан желі

Здесь есть возможность читать онлайн «Серік Асылбекұлы - Желтоқсан желі» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. Год выпуска: 2020, Жанр: Драматургия, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Желтоқсан желі: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Желтоқсан желі»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

1986 жылдың желтоқсанында Совет Одағының бұрынғы республикалардың бірінде СССР деп аталатын әлемдік державаларлың бірінің құлауының ең алғашқы жаршысы болған айтулы оқиға болды. Осы сәттен бастап қазақ қоғамы әрқайсысы өз мүдделері мен идеалдарын қызғыштай қорғаған екі бітіспес лагерьге бөлінеді. Пьесада сол кездегі әлгі екі лагерьге бөлінген азаматтардың ерікті және еріксіз түрде өз құлқы мен мінезін, сезімін жалаңаштап тастауына мәжбүр еткен сол бір түннің оқиғасы суреттеледі. 1998 жылы Тараз қаласында өткен театр фестивалінде Гран-приге ие болған бұл драма бойынша қойылған спектакльдер қазіргі күндері Қазақстан театрларының сахналарында қойылуда. PDF-формат издания не отображает используемый <span style="color: rgb(0, 0, 0);">в книге</span> шрифт.

Желтоқсан желі — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Желтоқсан желі», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Екі бөлімді драма

Қатысушылар:

Баймырза –пәтер иесі, жасы 65-терде

Талшын –оның жұбайы, 60-жаста

Қайсар –демонстрацияға қатысушы, 21-жаста

Ақмарал –демонстрацияға қатысушы, 24-жаста

Мария Перовна –Баймырзаның көршісі, 45-50 шамасында

Тимур Қалдыбаевич –беймезгіл қонақ, 45-тер шамасында

Бірінші бөлім

Алматы. 1986 жыл. 18-желтоқсан. Қысқы кеш. Ел орынға отырған мезгіл. Бір бөлмелі қалалық жайлы пәтер. Үстіне пижама киген Баймырза залдағы диванның үстінде электр шамның жарығымен кітап оқып отыр.

Кенет пәтердің сыртқы есігі елеусіздеу ашылады да, үйге ентіге басып, Қайсар мен Ақмарал алқын-жұлқын кіріп келеді. Олар есіктің ішкі кілтін жайымен сырт еткізіп жабады да, алакөлеңке коридордың бұрышына тығылып тұра қалады. Екеуінде де өң мен түс жоқ.

Баймырза: / сол қолындағы кітапқа үңілген қалпы /.

Ке-ем-пі –ір!.. А, кемпешка!.. /Ешкім үн қатпайды./

Тағы да үнсіздік.Баймырза кітабы мен көзіндегі көзәйнегін бұрыштағы жатаған үстелдің үстіне қойып, орнынан тұрды да, тәпішкесін тырп-тырп басып, коридорға шығады .

Қайсар: / қысыла сыбырлап, ентігін әлі баса алмаған күйі /

Сәлеметсіз бе,аға!…

Ақмарал:Амансыз ба…

Пәтер иесі алғашында беймезгіл, шақырылмаған қонақтарға аңтарылып, таңданған кейіппен сілейіп тұрып қалады.

Баймырза:Саламатсыздар … Иә, бұл қай баласыңдар? Шынымды айтсам, жүздеріңді шырамыта алмай тұрмын.

Қайсар:Аға, сіз бізді танымайсыз. Біз…

Ақмарал:Біз демонстрациядан қашып шықтық. Ағай кешеден бері Брежнев алаңында қазақ жастарының Орталық комитет пленумының шешімдеріне қарсы болып, наразылық білдіріп жатқанын естіген шығарсыздар…

Баймырза:Иә-иә, естігем. Құлағы керең, немесе мылқау біреу болмаса, оны естімеген жұрт жоқ болар бүгінде.

Ақмарал:Ендеше, біз сол демонстанттардың біріміз. Жаңа солдаттар бәрімізді өрт сөндіргіш машиналардан су шашып, қару қолданып, алаңнан қуып шықты. Қолдарына түскендерін тұтқындап, түрмеге жауып жатыр…

Қайсар:Бізді де бес-алты жазалаушы осы араға дейін қуып келді. Әзер қашып құтылдық. Әйтеуір сіздің пәтердің есігі ашық тұр екен…

Баймырза: /әлі де аң-таң қалған кейіптен арыла алмаған күйі / Иә,ашық болса, ашық тұрған шығар. Әлгінде осы үйдің кемпірі далаға мусор төгуге шыққан.

Ақмарал: /көздері боталап, жылап қоя береді / Ағай, бізді қуып шыға көрмеңізші! Жаңағы солдаттар ұстап алса, бізді құртады!..

Баймырза:Ау, сендердің не жазықтарың бар соншалықты? Әлде…

Ақмарал:/ ентігін баса алмаған қалпы / Жазығымыз – демонстрацияға қатысқанымыз. Құдай біледі, қиянатымыз жоқ. Ағатай, бізді қуып шыға көрмеңізші…

Баймырза:Қой, жылама , қалқам. Қыстың көзі қырауда жетім торғайдай пана іздеп келген екенсіңдер, олай болса, мен сендерді қуып шыға алмаспын. Тәуекел…

Ақмарал:Алла разы болсын, аға!..

Қайсар:Рахмет…

Баймырза:Ал, шешініп, былай шығыңдар. Жаурап та қалған шығарсыңдар.

Ақмарал мен Қайсар шешіне бастайды. Осы кезде біреу сырттан есіктің тұтқасын бұрайды да, оның жабық тұрғанын көргеннен кейін, шар еткізіп қоңырауды басады. Екі жас қонақ шошып кетіп, үрписе қалады. Ақмарал жаутаңдап, үй иесіне қарайды .

Баймырза:Қорықпаңдар. Қане, былайырақ тұрыңдар, есікті ашайын, бұл дәу де болса, осы үйдің кемпірі шығар.

Сыртқы есік ашылады. Есіктің көзінен үстіне шалының тонын желбегей жамылған талшын көрінеді. Қолында – қоқыс салуға арналған пластмасса шелек.

Талшын:Ойбай-ай, масқара!.. Көше толы – солдат, мілитса. Алаңға жиылған жастарды қуып жатқанға ұқсайды. Әлгі көктігілгір мусор салатын контейнерді домуправ төменгі көшенің қиылысына апарып тастапты, ауланың сәнін бұзады деп. Әзер жеттім. Біреу-міреу қағып кете ме деп, зәрем ұшты –ай тіпті.

Баймырза: /сыртқы есікті кілттеп жатып / Ә, қартайсаң да жан тәтті, ә, кемпешка?!

Талшын: /тонын шешіп жатып / Е, тәтті болмай! Қартайған адамға жан керек емес пе екен?..

Кенет Талшынның көзі бір шетте не істерін білмей тұрған екі жасқа түсе кетеді.

Талшын: ошып кетіп / Ойбай, көтек!… Мына балалары кім тағы?..

Баймырза:/ әзілдеп / Бұл сенің нағашыларыңның балдары. Жұрағаттарың.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Желтоқсан желі»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Желтоқсан желі» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Желтоқсан желі»

Обсуждение, отзывы о книге «Желтоқсан желі» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x