Серік Асылбекұлы - Желтоқсан желі

Здесь есть возможность читать онлайн «Серік Асылбекұлы - Желтоқсан желі» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. Год выпуска: 2020, Жанр: Драматургия, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Желтоқсан желі: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Желтоқсан желі»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

1986 жылдың желтоқсанында Совет Одағының бұрынғы республикалардың бірінде СССР деп аталатын әлемдік державаларлың бірінің құлауының ең алғашқы жаршысы болған айтулы оқиға болды. Осы сәттен бастап қазақ қоғамы әрқайсысы өз мүдделері мен идеалдарын қызғыштай қорғаған екі бітіспес лагерьге бөлінеді. Пьесада сол кездегі әлгі екі лагерьге бөлінген азаматтардың ерікті және еріксіз түрде өз құлқы мен мінезін, сезімін жалаңаштап тастауына мәжбүр еткен сол бір түннің оқиғасы суреттеледі. 1998 жылы Тараз қаласында өткен театр фестивалінде Гран-приге ие болған бұл драма бойынша қойылған спектакльдер қазіргі күндері Қазақстан театрларының сахналарында қойылуда. PDF-формат издания не отображает используемый <span style="color: rgb(0, 0, 0);">в книге</span> шрифт.

Желтоқсан желі — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Желтоқсан желі», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Пәтер ішіндегілер тілін тістеп алғандай, бір сәтке үнсіз қалады. Бір-екі минуттай бөлме ішін үрейлі тыныштық жайлайды.

Талшын:Ойбай, айттым ғой, әне. Шамды өшір…

Баймырза:Керегі жоқ. Қап, мыналар жас балаларды қыра ма, қайтеді-әй?!

Талшын:Өшір деймін…

Баймырза:Қойсаңшы енді. Шамды өшірем деп, қайта сезік тудырып аласың.

Талшын:Енді қайттік?!

Ақмарал:Ағамдікі дұрыс. Осылай түк болмағандай отыра берейік.

Талшын:Жаман айтпай, жақсы жоқ, қазір кіріп келіп, тінту жүргізсе қайтеміз?..

Баймырза:Өйте қоймас, қаланың қай пәтерін тінтіп тауысады.

Талшын:Сенің-ақ осы жайбарақаттығың қалмайды-ау. Басқаны басқа дейік, осылардың жайын біз екеуміз біліп болдық емес пе?!

Баймырза:Кемпір, маған бір ақыл келіп отыр. Былай болсын: сен шайыңды қайнат, мына балалардың да қарны ашқан шығар. Ал егер сен айтқандай, жаман айтпай жақсы жоқ дегендей болып, әлгі жаналғыштар келіп, тінту жасап жатса, бұл балдар менің Қызылордадан келіп жатқан немере туыстарым. Племянниктер. Бітті, сөз осы – бұлардың жаңа кешкі пойыздан түскен беттері. Айтпақшы, қарақтарым, сендердің ныспыларың кім? Мен өзімнің племянниктерімнің аты-жөнін білуім керек шығар.

Қайсар:Аға, менің атым – Қайсар.

Ақмарал:Менің есімім – Ақмарал.

Баймырза:Ал, кәне, онда былай шығыңдар…

Бәрі ас үйге өтіп, үстелге жағалай отырады. Талшын шай жабдықтарын әзірлеуге кіріседі.

Баймырза:Қысылмаңдар. Қазір бірер кесе үнді шайын ішкеннен кейін, шешелеріңнің ашуы басылады.

Талшын:Иә, әйтеуір, мені алдарқата берсейші сол. Осы үйдегі жаман аттың бәрін маған жапсыра бер.

Баймырза.Қой, сен жаман болғанда, мен қайда барып адам болам. Сенен жақсыны мен бұ дүниеде әзірше кездестіре алмадым.

Талшын:Әзірше дейді тағы. Әлі де дәмесі бар-ау деймін өзінің.

Баймырза:Құдай сақтасын.

Кенет телефон қоңырауы безілдеп қоя береді. Баймырза орнынан тұруға ниеттенеді. Талшын демдеп жатқан пәрнегін қоя салып, телефон аппараты тұрған коридорға қарай жүгіреді.

Талшын: /Баймырзаға/. Ойбай, телефонды өзім алайын, сен тағы бірдеңені бүлдіріп жүрерсің. Әле-әле!.. Мәкентаймысың?! Амансыңдар ма? Балалар қайда? Үйде деймісің. Дұрыс-дұрыс. Ешқайда бармасын. Мектебі құрысын. Бір-екі күнге ештеңелері кетпес. Болатжан қайда? Дежурствода? Бастықтары дежурствоға қоятын содан басқа адам таппай қалған екен, ә! Мейлі-мейлі енді… Ана балаңа айт, алаңға барамыз деп, сорымызды қайнатып жүрмесін. Шетінен қамап, түрмеге тығып жатыр қазақтың өрімдей ұл-қыздарын. Мен де барам дейді?! Аяғына кісен салсаң да, үйден шығарма. Атасының он жыл Сібірде сарғайғаны да жетеді… Қазақтың намысы?!.. Намысы әдіре қалсын!.. Қазақтың намысын жоқтаған адам біздің үйдегідей-ақ шығар!.. Содан шыққан ұшпағымыз қайсы де оған!.. Айт, әжең қайта-қайта қақсап жатыр деп. Радио деймісің?.. Жарайт, оныңды да тыңдармыз, как раз шай ішейік деп жатырмыз. Ал жақсы, ана үлкеніңді тырп еткізбе Соған әлің келетін шығар енді. Жарайт-жарайт, ал, жақсы…

Талшын телефонның трубкасын орнына қойып, ас үйдегі үстелге келеді. Орындығына отырып, жағалай тізілген кеселерге шай құя бастайды.

Баймырза:Мәйкен бе?

Талшын:Иә, әлгі Болатты мекемесін күзетуге кезекшілікке жіберіпті. Түн ішінде жау алады дей ме екен сол көктігілгірді.

Баймырза:Жалғыз өзін бе?

Талшын:Жоқ, қасында адамдар бар көрінеді.

Баймырза:Жарайт, онда бір сыласы болар.

Талшын:Ана радиоңды қосшы. Жаңа Мәкентай хабар береді, тыңдаңдар деп жатыр еді.

Баймырза қабырғада тұрған радиоқабылдағыштың түймесін басып қалады.Радиодан диктор үні естіледі. «Бүгін 1986 жылдың 18-желтоқсаны. Алматы уақыты бойынша кешкі сағат 22.00. Соңғы хабарларды тыңдаңыздар. Үстіміздегі жылдың 17 және 18 желтоқсан күндері астанамыздағы Л.И.Брежнев алаңына бір топ наркомандар мен олардың ықпалына ерген оқушы жастар ереуілге шықты. Олар Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің соңғы пленумының шешімдеріне наразылық білдіріп, ұлтшылдық, экстремистік, сепаратистік ұрандар көтеруде, сөйтіп, сүйікті партиямыздың айбынды авангардының салиқалы, парасатты шешімдеріне шәк келтіруде. Қазір алаңға шыққандардың арасында наркомандармен бірге маскүнемдердің де, түрмеден қашқандардың да үлкен тобы бары анықталып отыр. Республика еңбекшілері бұзақыларға қарсы өздерінің әділетті ашу-ызаларын білдіріп, олардың іс-әрекетін қатаң айыптауда. Осы кезге дейін редакциямызға сондай әділетті ашу-ызаға толы хаттар легі толассыз келіп түсіп жатыр. Енді сіздерді солардың бірнешеуімен таныстыра кетейік. Хат авторларының арасында қарапайым еңбекшіден бастап үлкен қоғам қайраткерлері, әйгілі халық әртістері, жазушылар, ғалымдар, интеллигенция өкілдері бар…»

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Желтоқсан желі»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Желтоқсан желі» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Желтоқсан желі»

Обсуждение, отзывы о книге «Желтоқсан желі» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x