Серік Асылбекұлы - Желтоқсан желі

Здесь есть возможность читать онлайн «Серік Асылбекұлы - Желтоқсан желі» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. Год выпуска: 2020, Жанр: Драматургия, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Желтоқсан желі: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Желтоқсан желі»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

1986 жылдың желтоқсанында Совет Одағының бұрынғы республикалардың бірінде СССР деп аталатын әлемдік державаларлың бірінің құлауының ең алғашқы жаршысы болған айтулы оқиға болды. Осы сәттен бастап қазақ қоғамы әрқайсысы өз мүдделері мен идеалдарын қызғыштай қорғаған екі бітіспес лагерьге бөлінеді. Пьесада сол кездегі әлгі екі лагерьге бөлінген азаматтардың ерікті және еріксіз түрде өз құлқы мен мінезін, сезімін жалаңаштап тастауына мәжбүр еткен сол бір түннің оқиғасы суреттеледі. 1998 жылы Тараз қаласында өткен театр фестивалінде Гран-приге ие болған бұл драма бойынша қойылған спектакльдер қазіргі күндері Қазақстан театрларының сахналарында қойылуда. PDF-формат издания не отображает используемый <span style="color: rgb(0, 0, 0);">в книге</span> шрифт.

Желтоқсан желі — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Желтоқсан желі», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Баймырза ызалана мырс етіп, радиоқабылдағышты өшіріп тастайды.

Баймырза:Бізді құртып келе жатқан осындай жандайшаптар ғой. Интеллигенция өкілдері дейді тағы ұялмай. Интеллигенциядан садаға кеткірлер.

Талшын:Неменеге өшіріп тастай қойдың, тыңдайық та шамалы.

Баймырза:Тыңдарсың. Құлағыңыздың құрышын қандырар әлі талай әлгі интеллигенттерің бұлбұлша сайрап. Апырай, қасиетті қара жер ана да шыдамды екен осындайларды көтеріп жүрген.

Талшын:Әне, енді өзінікін дұрыстап шыға келеді. Сені бір Құдайдың өзі болмаса, ешкім түзете алмас.

Баймырза:Мені түзетудің қажеті жоқ.

Талшын:Ойбай, қойдық-қойдық … /дастарқан үстінде манадан бері үнсіз отырған Қайсар мен Ақмаралға кезек бұрылып/. Ал, шырақтарым-ай, шай алдырыңдар. Мені іштей кінәлап отырған шығарсыңдар. Мына бір кемпір де бәле екен шапылдап деп. Уһ!..

Ақмарал:Апа , шынымды айтсам,мен сізді әбден түсініп отырмын. Шамасы, ағай бір кезде халық жауы ретінде ұсталып кеткен-ау деймін…

Талшын:Қарағым-ау, бақандай он жыл отырып келді ғой бұл ағаң. 49-да кеткен, содан 59-да оралды ғой арып-ашып. Кенесары Қасымов деген ханды естулерің бар шығар, бұл ағаң со кісіні ұлт-азаттық көтерілісінің батыры деп еңбек жазған. О бастағы мамандығы тарихшы еді ғой. Ал басқа дөкей тарихшылар содан бұ байғұсты шибөрідей жабылып таласын кеп, «ұлтшылсың, байшылсың» деді, әйтеуір ағаш атқа теріс мінгізіп, соттатып тынды ғой. Жылап-еңіреп, шиеттей үш баламен мен қалдым. Әйтеуір көз жасымызды Құдай көріп, аман-есен оралды он жылдан соң. Әйтпесе талай арыстардың мәйіті қалды ғой Сібірдің құрт-құмырсқасына жем болып.

Ақмарал:Түһ, ағам, шынында да, герой екен ғой!..

Талшын.Ойбай, қарағым, өйдеме – біреу-міреу есітіп қалып, тағы бәлесіне қалып жүрерміз. Герой болмай-ақ, өсітіп қалқиып жүргеніне шүкір дейміз біз. Қазақ атаң: « Екі елі ауызға – төрт елі қақпақ» деген. Менің мына өмірден ұққаным, басқа асып-тасқан жұрттар не десе , о десін, ал біздің қазақтың екі елі аузына төрт елі қақпақ жарасқан, айналайын. Сендер жассыңдар, еріндеріңнен әлі уыз дәмі кепкен жоқ, ойбой, айналайындар-ай…

Қайсар:Шеше, сонда немене, қазақтың өмірбақи осылай мүсәпір болып өтуі керек пе?.. Біздің , жастардың, енді құл болғымыз келмейді, мен манағы ағайдың айтқанына қосыламын, ар-намысымызды қашанғы кім-көрінгеннің табанына таптата береміз?!

Талшын:Қарағым, өзіңнің шешең бар ма елі?…

Қайсар:Бар. Ауылда. Тура жасы да сіз шамалас. Манадан бері таң қалып отырмын – тіпті сіздің кейбір дауыс ырғағыңызға дейін біздің апамдікіне ұқсас екен.

Талшын:Әне, шырағым, ендеше сол. Анаға ананың даусы да, тілегі де ұқсас. Біз ең алдымен сендердің амандықтарыңды тілейміз. Ойбай-ау, үкіметтің мұздай қаруланған әскеріне құр қолмен қандай қайран қылмақсыңдар? Құдай да күштіні жақтайды ма деймін кейде, босқа қырыласыңдар ғой, шырақтарым-ау.

Сыртқы есіктің қоңырауы шылдырайды. Дастарқан басындағылар үрпиісе қалады. Бір сәттік үнсіздік.

Талшын : /сыбырлай сөйлеп/ Е, Алла, жар бола гөр!… Бұ қайсысы тағы түн ішінде? Мен барып «глазоктен» сығалайын. Сендер дымдарыңды шығармаңдар…

Талшын:/ аяғын ақырын басып, коридордың бойымен сыртқы есікке қарай беттейді. Сәлден соң қайтып оралады.Баймырзаға сыбырлап: Мәрия сылқым келіп тұрған. Маңдайын орамалмен таңып алыпты.

Баймырза:Орамалы несі?

Талшын : /жақтырмай/ Е, мен қайдан білейін…

Баймырза:Қой, аш не де болса. Өзінің шаруасымен жүрген шығар жай.

Конец ознакомительного фрагмента.

Текст предоставлен ООО «ЛитРес».

Прочитайте эту книгу целиком, на ЛитРес.

Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Желтоқсан желі»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Желтоқсан желі» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Желтоқсан желі»

Обсуждение, отзывы о книге «Желтоқсан желі» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x