Серік Асылбекұлы - Империядағы туған күн кеші

Здесь есть возможность читать онлайн «Серік Асылбекұлы - Империядағы туған күн кеші» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. Год выпуска: 2020, Жанр: Драматургия, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Империядағы туған күн кеші: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Империядағы туған күн кеші»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Аталған пьесада бұрынғы Совет Одағы деп аталатын алып империяның бір бөлшек сынығы болып табылатын Қазақстанда алғашқы кездері жабайы капитализм ретінде көрініс тапқан экономикалық, қоғамдық әлеуметтік трансформацияның бұрынғы совет адамдарының құндылықтар жүйесін астан-кестен еткен қым-қиғаш өзгерістері бейнеленеді. Бұрынғы мызғымастай көрінген социалистік моральді енді нарықтық экономиканың ақша мен капиталға табынған мінез-құлқы алмастырады. Сүйтіп қоғамда осы өзгерістерге тез бейімделгендер озып, ал бұрынғыша өздерінің тек адал еңбектері мен бұрынғы социалистік мәдениетке сүйенгендер жаңа социумның аутсайдерлеріне айналады. PDF-формат издания не отображает используемый <span style="color: rgb(0, 0, 0);">в книге </span>шрифт.

Империядағы туған күн кеші — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Империядағы туған күн кеші», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Екі бөлімді драма

Қатысушылар:

Айдар Сейтқалиұлы –жасы 40-тар шамасында, кәсіпкер

Ұлжалғас –40-тар шамасында, Айдардың жұбайы

Болат – Ботик –17-де, Айдардың ұлы

Берікбол –35-тер шамасында, Айдардың ауылдан келген інісі

Сұлтанбек Ертуғанұлы –50-лер шамасында, кафедра меңгерушісі, профессор

Гүлден –27-28-дерде, аспирант қыз, Сұлтанбек Ертуғанұлының сүйікті шәкірті

Тойболды –40-тар шамасында, аға оқытушы

Нұрсұлу –Тойболдының жұбайы, 38-39-дар шамасында

Сәния –20-да, даяшы

Фараби –19-да, даяшы

Бірінші бөлім

Кешқұрым

Толықсыған тамыз. Табиғат-ана дертіп,айы-күні жетіп, әбден піскен. Айдар Сейтқалиұлының екі қабатты жекеменшік ресторанының жаздық алаңындағы терасса, көзге ең алдымен сол ресторанның келісті фасады, екінші қабатындағы ұзын балконы, жартылай ашық тұрған қызыл қоңыр, биік емен есігі, есікке ілінген төрт бұрышты тақтайшаға көрнекті әріптермен кестелеген «Ресторан жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабық. Кешірім өтінеміз. Әкімшілік» деген жазу шалынады.

Ресторанның ауласы кісі бойындай, еңселі темір шарбақтармен қоршалған.Сол шарбақты жағалай өскен екі-үш шырша мен ақ қайыңы, үйеңкісі аралас тағы бір бес-алты түп ағаш жапырақтарын молынан жайып, жайқалып тұр. Аталған мекеменің кіреберісінің алдындағы постаменттерде екі арыстанның мүсіні қойылған, Бұл күшті, қаһарлы жануарлардың тас бейнелері аулаға сән беру үшін ғана емес, жұрт алдында осы мекеменің айбынын асырып, оның мәртебесін асқақтата түсу үшін де қажет болған секілді. Екі арыстан да тым тәкаппар, маңғаз. Олар осында келген қонақтарды бірінші болып қарсы алады.

Ресторанның маңдайшасында үлкен әріптермен оймышталған «Империя рестораны» деген жазу жарқырайды. Ол кешке қарай неон шамдарымен сәулеленеді. Жазудың екі қапталына орналасқан барьелефтерде де аң патшасы арыстанның бастары бейнеленген.

Жазғы алаңдағы террасада бір-біріне тіркестіре қойылған екі-үш үстел мен сол үстелді жағалай он шақты орындық қойылған.Үстелдердің үстінде тап-таза ақ шаңқан дастархандар, бақшадан жаңа ғана үзілген жас гүлдер салынған хрусталь вазалар. Сонымен бірге түрлі-түсті керамикалық тақталар төселген жаздық алаңды жағалай қойылған үлкен қыш құмыраларда да көздің жауын алып, қызылды-жасылды сәндік гүлдер мен өсімдіктер өсіп тұр. Осылардың бәрі жиналып келіп бұл мекемедегі сәніне салтанаты келіскен тоқ,, бақуатты өмірді айғақтайтындай. Ресторанның ішінде жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, пьесаның екі бөліміндегі барлық оқиғалар осы жаздық алаңда өтеді.

Шымылдық ашылғанда біз жаңағы бір-бірлеріне тіркестіре қойылған үстелдердің ортан беліндегі орындықтарда бір-біріне қарама қарсы жайғасқан Айдар Сейтқалиұлы мен Берікболдың шүйіркелесіп отырғанын көреміз. Ал Сәния мен Фараби дастарханды әртүрлі тағамдар салынған ыдыс-аяқтармен, тамақ жеуге арналған тағы да басқа қажетті ас приборларымен жабдықтау үстінде. Олар ыдыс-аяқтар мен ас приборларын ресторанның бірінші қабатындағы асханадан тасып жүр. Соған қарағанда жөндеу жұмыстары бірінші қабатта бітіп, ол енді екінші қабатқа көшкен секілді.

Берікбол.Айтпақшы, тарс есімнен шығып кетіпті, бүгін сіздің туған күніңіз екен ғой. Құттықтаймын!.. Сыйлығыңыз – мойнымда.

Айдар( қолын сілтеп ). Өй, қойшы соны!.. Соған басыңды ауыртып қайтесің. Келгенің жаңа. Маған жасаған ең үлкен сыйлығың – осы… Өзіңді менімен жүздестіргенің. Айтпақшы, кездеспегенімізге қанша болды өзі?

Берікбол.Үш жыл болды ғой дейім. Айжамал тұрмысқа шыққанда келініңіз екеуміз келіп едік қой, ұмытпасам, наурызда. Әлде сәуірде ме екен?.. Әйтеуір ерте көктем болатын. Ал өздеріңіз елге келуді мүлде қойдыңыздар ғой.

Айдар.Мына заман бір алашапқан болып кетті емес пе. Әйтеуір мұрша жоқ, бір жұмыстан соң бір жұмыс итініп келет те тұрады… Сонымен келін, балалар тегіс аман ба?

Берікбол.Шүкір, аман-есен.

Айдар.Ауыл-аймақ?.. Ағайын?..

Берікбол.Олар да дін аман.

Пауза .

Бірлі-жарым кемпір-шалдар бар ғой енді о дүниелік болып жатқан. Айтуған ақсақал есіңізде шығар. Жуырда со кісі қайтты. Бата оқып бардық.

Айдар. (Мұсылманшылық салтымен бетін сипап). Иманды болсын… Жақсы кісі еді ғой.

Берікбол.Иә, алды кең, ағайынға қамқор, мейірімді адам болатын, Елде де қазір ондай шалдар қалмауға айналды. Қазіргі жұрттың обал-сауапта жұмысы жоқ, бәрі пайданың, дүние-мүліктің, ақшаның ізінде.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Империядағы туған күн кеші»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Империядағы туған күн кеші» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Империядағы туған күн кеші»

Обсуждение, отзывы о книге «Империядағы туған күн кеші» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x