Серік Асылбекұлы - Империядағы туған күн кеші

Здесь есть возможность читать онлайн «Серік Асылбекұлы - Империядағы туған күн кеші» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. Год выпуска: 2020, Жанр: Драматургия, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Империядағы туған күн кеші: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Империядағы туған күн кеші»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Аталған пьесада бұрынғы Совет Одағы деп аталатын алып империяның бір бөлшек сынығы болып табылатын Қазақстанда алғашқы кездері жабайы капитализм ретінде көрініс тапқан экономикалық, қоғамдық әлеуметтік трансформацияның бұрынғы совет адамдарының құндылықтар жүйесін астан-кестен еткен қым-қиғаш өзгерістері бейнеленеді. Бұрынғы мызғымастай көрінген социалистік моральді енді нарықтық экономиканың ақша мен капиталға табынған мінез-құлқы алмастырады. Сүйтіп қоғамда осы өзгерістерге тез бейімделгендер озып, ал бұрынғыша өздерінің тек адал еңбектері мен бұрынғы социалистік мәдениетке сүйенгендер жаңа социумның аутсайдерлеріне айналады. PDF-формат издания не отображает используемый <span style="color: rgb(0, 0, 0);">в книге </span>шрифт.

Империядағы туған күн кеші — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Империядағы туған күн кеші», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Берікбол.Кемпірі бар. Әлі сол «Бірлікте». Сол үйде Бөлекбай деген сәл ақылы кемдеу, бірақ шаруаға мығым бір кісі бар еді ғой, есіңізде ме?

Айдар.Иә, сол анау Орынбасардың үйінің бүткіл қара жұмысын атқаратын ысқаяқ қара ғой. Таңертеңнен қара кешке дейін «Ахау, Айдош-ай, Куда пойдош-ай, Егер мені іздесең, везде найдешь-ай» деп әндетіп жүретін.

Берікбол,Дәл үстінен түстіңіз. Нақ өзі. Ол кісі әлі тың, пәлендей қартаймаған. Әлі сол үйдің отымен кіріп, күлімен шығып жүр баяғыша.

Айдар.Алда, пақыр-ай…

Ресторанның ауласына Ұлжалғас пен Болат келіп енеді. Болат Берікболды енді көріп тұрса керек, елден келген ағасымен құшақтасып амандасады.

Болат.Келуіңізбен, аға!..

Берікбол.Рахмет-рахмет!.. Үлкен жігіт болдың ба? Оқуға түсуіңмен!.. Тоқсан бес балл алды деп есіттім. Қуанып жатырмыз бәріміз. Құтты болсын ал!..

Болат.Рахмет, айтқаыңыз келсін.

Ұлжалғас ( Айдарға ). Қонақтар келді. Жаңа сырттарынан көріп қалдым. Сұлтанбек Ертуғанович, Тойболды, Нұрсұлу, келіншек пе, қыз ба – тағы біреу бар, бәрі машинадан түсіп жатыр.

Айдар.Иә, келсін-келсін. Қыз дайын болса, біз дайын дегендей…

Ұлжалғас.Иә, сенің ойың әйтеуір сол ғой… Мына балалардан да ұялмайсың.

Айдар.Е-е, бұлар, немене, еркек емес пе екен?!. ( Болатқа бұрылып). Ботик, мына шешеңе бірдеңе десеңші.

Ұлжалғас. ( Айдарға қолын бір сілтеп ). Жарар енді!.. Саған сөз өтуші ме еді…

Ұлжалғас енді ресторанның ішінен поднос көтеріп шыққан Сәнияға бұрылады.

Сәния, бәрі дайын ба? Қонақтар келді.

Сәния.Дайын, Ұлжалғас Көпбаевна. Салаттар мен сусындарды, ішімдіктерді – бәрін дастарханға қойдық. Асханадағы қыздар манты әзірлеп жатыр, ал қуырдақ пісіп тұр.

Ұлжалғас.Дұрыс-дұрыс. Жақсылап қызмет етіңдер, қонақтардан ұят болмасын енді.

Сәния.Саспаңыз, Ұлжалғас Көпбаевна. Бәрі о кей болады. ( Фарабиге бұрылып ). Әй, Фарап мырза, үстелдердің үстіндегі қасықтар мен шанышқыларды түгенде.

Аулаға күткен қонақтар – Сұлтанбек Ертуғанұлы,Тойболды, Нұрсұлу және Гүлден келіп кіреді. Бүгінгі мереке иелері оларды алдарынан шығып қарсы алады: бір-бірлерінің беттерінен сүйісіп, құшақтасып, мәре-сәре болып қалады бәрі.

Сұлтанбек.Ал, Айдеке, туған күн құтты болсын! Міне, шақырмасаңдар да ескі әдетпен келіп қалдық.

Айдар.Рахмет-рахмет. Шақырсаң, жұрттың бәрі келет. Ал нағыз достар әдетте өздеріңіз секілді шақыртпай келеді емес пе, Сұлтеке.

Ұлжалғас.Мына ресторанның екінші қабатындағы жөндеу жұмыстары аяқталмай жатыр. Құдай қаласа, енді жуырда бітеді. Сонда өздеріңізді арнайы шақырамыз, Сұлтанбек Ертуғанович! ( Тойболды мен Нұрсұлуға бұрылып). Тәке, Нұреке Сіздерді де! Осы тұрған бәріңізге ат шаптырып, арнайы шақыру билетін жібереміз.

Тойболды.Айтсаңыз болды ғой! Тағы да жетіп келеміз онда осы командамызбен.

Нұрсұлу.Рахмет, сендердің – Айдар екеуіңнің – сараңдардың сортынан емес екендеріңді жақсы білеміз ғой. Ал енді Ботиктің бірыңғай тестіні тамаша тапсырып, оқуға түскені құтты болсын!

Сұлтанбек.Айтпақшы, ең басты жаңалықты ұмытып бара жатыр екенбіз ғой. Келін, Айдеке, құтты болсын!..

Тойболды.Иә, расында да, бүгінгі күннің ең ұлы қуанышы осы емес пе?! Айдекеңнің туған күнін жылда тойлап жүрміз ғой мүйіз шығатын болса.

Нұрсұлу ( Болатқа). Ботик, бері келш, айналайын!..

Болат ұяла күлімсіреп, Нұрсұлуға жақындайды. Нұрсұлу оны құшақтап, бетінен сүйеді.

Ал бақытты бол, құлыным! Әрдайым алдыңнан ақ күн тусын!..

Болат.Рахмет, тәте…

Енді Нұрсұлудың көзі Сұлтанбек Ертуғанұлының қолындағы қымбат былғары портфель мен күйеуінің қолындағы дәу брезент қапқа түседі.

Нұрсұлу( Сұлтанбек пен Тойболдыға ). Мына заттарыңызды бір жерге қоя тұрсаңыздаршы.

Сұлтанбек( Тойболдыға). Иә, Нұрсұлу дұрыс айтады. Тойболды, менің Алматының ең атақты ұмытшағы екенімді білесің ғой, мына портфельді қабыңмен бірге көрнекті бір жерге қойшы. Оның ішінде он күн бойы көз майымды тауысып жасаған кафедраның бір жылдық есебі бар. Қайтарда ұмытып кетіп жүрмейін, есіме саларсың.

Тойболды. ( портфельді алып жатып) Құп болат, Сұлтеке! Қазір мен бұларды құтты орындарына қондырайын…

Тойболды портфель мен қапты алып кетеді.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Империядағы туған күн кеші»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Империядағы туған күн кеші» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Империядағы туған күн кеші»

Обсуждение, отзывы о книге «Империядағы туған күн кеші» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x