Серік Асылбекұлы - Империядағы туған күн кеші

Здесь есть возможность читать онлайн «Серік Асылбекұлы - Империядағы туған күн кеші» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. Год выпуска: 2020, Жанр: Драматургия, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Империядағы туған күн кеші: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Империядағы туған күн кеші»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Аталған пьесада бұрынғы Совет Одағы деп аталатын алып империяның бір бөлшек сынығы болып табылатын Қазақстанда алғашқы кездері жабайы капитализм ретінде көрініс тапқан экономикалық, қоғамдық әлеуметтік трансформацияның бұрынғы совет адамдарының құндылықтар жүйесін астан-кестен еткен қым-қиғаш өзгерістері бейнеленеді. Бұрынғы мызғымастай көрінген социалистік моральді енді нарықтық экономиканың ақша мен капиталға табынған мінез-құлқы алмастырады. Сүйтіп қоғамда осы өзгерістерге тез бейімделгендер озып, ал бұрынғыша өздерінің тек адал еңбектері мен бұрынғы социалистік мәдениетке сүйенгендер жаңа социумның аутсайдерлеріне айналады. PDF-формат издания не отображает используемый <span style="color: rgb(0, 0, 0);">в книге </span>шрифт.

Империядағы туған күн кеші — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Империядағы туған күн кеші», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Айдар.Е, енді қайтесің. Заман солай ғой. Айтпақшы, Нұрлан қазір нешінші сыныпта оқып жүр?

Берікбол.Алдына тоғыз оқиды. Жігіт боп қалды. Бойы сорайып, қазір маған жетеқабыл.

Айдар.Мектепті бітірген соң бізге әкел. Егер грантқа түсе алмаса, ақшасын өзім төлейім. Оқытамыз.

Берікбол.Рахмет-рахмет. Осы Алматыға, Сіздерге әкелмей қайда апарамыз. Болаттың бірыңғай тестілеуден 95 балл жинағанын есітіп, бәріміз де қуанып жатырмыз. Келініңіз мәз, қайным оқуға түсетін болды деп. Мына ресторандарыңыздың да жөндеу жұмыстары аяқталып қалған екен, бәрі құтты болсын!..

Айдар.Бүгін сол Ботиктің тестіден аман-есен өткенін атап өтпекпіз. Оның үстіне менің туған күнім де бар дегендей… Мына жөндеу жұмыстары бітпеген соң, ешкімді арнайы шақырған жоқпыз. Екі-үш жолдасымыз «құттықтап барамыз» деп, Ұлжалғасқа өздері хабарласыпты. Қазір көп ұзамай келіп қалар. Айтпақшы, ауылда, «Бірлікте» бүгінде ел қалды ма өзі?..

Берікбол.Қазір онша қалып жарытпады-ау. Мықтаса, сол бір жиырма шақты отбасы болар.

Айдар. (басын шайқап, таңырқап). Ал бір кезде қалың ел еді, ә?.. Біздің бала күнімізде со «Бірлікте» құрығанда екі жүз-екі жүз елудей түтін бар еді ғой.

Берікбол.Иә, сол шама болатын.

Айдар.Баяғыда біздің ауылдың шалдары жаздыгүні киіз үйдің көлеңкесінде аузындағы насыбайларын шырт-шырт түкіріп қойып: «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» деп отыратын жарықтықтар. Солар бәрін біледі екен ғой.

Пауза.

Айтпақшы, сұрауды ұмытып барады екем, Алтын тәтеміздің үйі қайда қазір? Сол «Бірлікте» ме?

Берікбол.Жоқ, о кісінің үйі де аудан орталығына көшіп келген. Бізбен көрші. Біздің үйдің жанындағы теміржол көпіріне барып тірелетін шолақ көше бар емес пе, со көшенің бойынан бір үй-жай сатып алған. Кенжесі Сырымның қолында.

Айдар.Е-е, солай де… Осындайда ойыңа қай-қайдағы түседі. «Бірлікте» Жарықбас деген шал болушы еді ғой, есіңде ме?

Берікбол.Неге есімде болмасын. Ол кісінің шын аты Аманкелді ғой. Біздің ауылдың әйелдері ғой Жарықбас атандырып жүрген. Басында үлкен тыртығы болатын. Жас кезінде көкпар тартып жүріп, аттан құлаған ба, сондай бірдеңесі бар әйтеуір…

Айдар.Солай ма? Мен оны білмейді екем.Әйтеуір жас әйелдер «Жарықбас қайнаға» деп сызылып отыратын. Үлкен де, кіші де, бәрі де солай атайтын еді ғой. Үйі ауылдың шетінде, дарияның дәл жиегінде-тін. Біз, ауыл балалары, өрістен қайтқан малды со кісінің үйінің қасынан қарсылап алатынбыз. Ұмытпасам, со кезде шалдың аудан орталығындағы интернатта жатып оқитын, бойжетіп қалған бір әдемі қызы және сегіз-тоғыз жастар шамасындағы құлағы қалқиған, көздері алақандай, бадырақ көз бір қара баласы бар еді. Қысы-жазы маңдайына қызыл жұлдыз қадаған бір әскери сұр пилотканы басынан тастамайтын.

Берікбол.Иә, есімде…

Айдар.Со бала олай өтсек те, былай өтсек те, сарайдың төбесіндегі үйілген пішеннің үстінде қала жақтан келетін айдау қара жолға қарап, шоқиып отыратын да қоятын. Ұмытпасам аты Қасымбек болу керек. Иә-иә, Қасымбек… Біз оған әдейі не дер екен деп: «Әй, Қасымбек, кімді күтіп отырсың?» десек, ол үнемі «Тәтемді күтіп отырмын да» деген бір ғана жауап беретін. Сонда тәте деп әлгі қалада оқитын әпкесін айтады-ау деймін. Әйтеуір таңертеңнен кешке дейін шөптің үстінде шоқиып отыратын да қоятын.

Берікбол.Білесіз бе, қазір сол жігіт Астанада үлкен қызметкер деп естідім. Жаңылыспасам, әлгі Монополияға қарсы республикалық агенттік бар ғой, соның төрағасының орынбасары көрінеді. Негізі сол Қасымбек мектепті де, институтты да жақсы бітірді. Оның үстіне қайын жұрт жағы да бір дөкейлер көрінеді.

Айдар.Қойш?!. Онда Астанаға барғанда о баланы тауып алып, дұрыстап танысып алу керек екен.

Пауза.

Сосын әлгі біздің көшенің бойындағы азық-түлік дүкеніне қарама-қарсы тұратын бухгалтер көкеміз бар еді ғой. Ой, әлгі… атын ұмытып отырғанымды қараш… Әй, анау… тайыншадай-тайыншадай қабаған овчаркалары бар, сыриған ұзын сары.

Берікбол.Е-е, Орынбасарды айтады екенсіз ғой. Ол кісі бізге нағашы болып келеді.

Айдар.Иә-иә, Орынбасар-Орынбасар!.. Әйтеуір жарықтық қысы-жазы басынан бір атам заманға сұр қалпағын, қолтығынан бір қызыл былғары папкасын тастамайтын. Тірі ме әлі?

Берікбол.Жоқ, баяғыда қайтыс болған.

Айдар.( мұсылманшылық салтпен бетін алақанымен сипап). Иманды болсын пақыр. Ал кемпірі ше, бар ма?

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Империядағы туған күн кеші»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Империядағы туған күн кеші» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Империядағы туған күн кеші»

Обсуждение, отзывы о книге «Империядағы туған күн кеші» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x