Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар

Здесь есть возможность читать онлайн «Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Издательство: Литагент Ридеро, Жанр: Драматургия, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Төңкеріс. Пиесалар: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Төңкеріс. Пиесалар»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Бұл кітапта оқырманға әр түрлі жанрда жазылған пиесаларымды ұсынамын: трагедия, драма, комедия, жастар мен балаларға арналған шығармалар.

Төңкеріс. Пиесалар — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Төңкеріс. Пиесалар», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Асқар . (күрсініп алып) Жақсы, мен сіздерге дәріс берейін.

Ғабдуррахман . Бәрекелді! Мен сізден басқа жауап күтпеп те едім. Шынын айтайын – мен сіз жөнінде тек өте жақсы лебіз естіп жүрмін. Қай мұсылманнан сұрамасаң, сізді адал адам, нағыз мұсылман деп сипаттайды. Қазіргі заманда кейбір молдалар, имамдар Аллаһтың заңын ұмытып, ақшаның соңына түсіп кеткені сізге мәлім болар. Ал сіз өз жұмысыңызға адал көрінесіз. Сондықтан да біз сізді өзіміздің қатарымызда көргіміз келеді. Және бізді жатырқамаңыз – сіз бен біздің мақсатымыз бір.

Асқар . Мақсат бір болғанмен, жолымыз бір ме? Мен сіздерге дәріс беруге келісім бергенде, бет алған жолдарыңыздан тосып, Алланың дұрыс, тура жолына түсіремін деген оймен келісім бердім. Иншалла, осы ниетім жүзеге асып сіздер әлі қателіктеріңізді түсінесіздер.

Ғабдуррахман . Асеке! Кімнің қателесіп, кімнің тура жолда екенін бір Аллаһ қана біледі. Солай емес пе?

Асқар . Әрине, солай. Сондықтан да біз әрдайым Алладан бізді тура жолға салғанын тілеп сиынамыз.

Құран оқып дұға тілейді. Жамағат та қол жайып сол дұғаға қосылады.

Асқар . Иә, жаратушы ием! Біздің қателіктеріміз бен күнәмізді кешіре гөр. Бізді өзің нұсқаған тура жолға бастай гөр. Мемлекетімізге тыныштық, бейбіт өмір нәсіб ете гөр. Би рахматика иә әрхәмәр рахимин, Аллаһү акбар!

Ғабдуррахман . Аллаһү акбар!

Жамағат . Аллаһү акбар!

Екінші көрініс

Асқардың пәтерінің ішкі көрінісі. Балкон есігі ашық, самал жел түрулі перделермен ойнап тұр. Сыртта өсіп тұрған ағаштардың жайқалған жапырақтары көрінеді, яғни, күн жаз. Телевизор істеп тұр, онда Чайковскийдің «Аққулар айдыны» балеті жүріп жатыр. Жамал диванда отыр, бірдеңе тоқып отырып анда-санда телевизорға көз тастап қояды. Ол қазіргі кездің әйелдеріндей киінген, басында шағын орамал. Асқар кіреді.

Жамал . (ісін қоя салып, пульт арқылы телевизордың дыбысын бәсеңдетеді, алайда музыка мүлдем өшпей, анда-санда күшейіп, бәсеңдеп ерлі-зайыптылардың диалогының фоны болып тұрады) Ә, келіп қалдың ба? Шәй ішесің бе? Тоқтай тұр! Сенің түріңе не болған? Өзің ауырып жүргеннен саумысың? Кешеден бері қабағыңды қар басып кеткендей бір ашылмады.

Асқар . (Жамалдың жанына отыра кетіп ауыр күрсінеді) Е-еһ… Бір мәселе мазалап тұрғаны…

Жамал . Ол нендей мәселе? (орнынан тұрып, электр шәйнекті іске қосады да бөлменің ортасында тұрған столға дастархан жайып, шайға әзірлеп жүріп сөйлеседі)

Асқар . (сәл ойланып отырып) Жамал, егер мен бір заңсыз, жасырын, құпия партияның мүшесі болдым десем не дер едің?

Жамал . (қолындағы бір ыдысты салдыр еткізіп түсіріп алады) Астафиралла! Қайдағыны қалай айтасың! Әлде бұл әзілдің бір түрі ме?

Асқар . Жоқ, мұндай нәрсемен әзілдеуге бола ма? Бірақ мен ол партияның қатарына әлі кірген жоқпын. Мен әлі ойланып жүрмін.

Жамал . Ол қандай партия өзі? Ондай партия бізде бар ма еді?

Асқар . Бар екен, Жамал. Әл-хизб деген партия. Соның жетекшісі мені партиясының мүшелігіне өтуге үгіттеп жүр.

Жамал . Сен не дедің?

Асқар . Не деуші едім? Ойланайын дедім, сенімен ақылдасайын дедім.

Жамал . Ал ол ше? Не деді ол?

Асқар . «Ойланыңыз, ақылдасыңыз» деді. «Тек қана біздің құпиямыз ашылып қалмасын» деді.

Жамал . Мен өсекшіл келіншек емеспін, көрген-естігенімді елге жаятын. Ал сонда, құпия дегенде нендей құпиясы бар сол партияның? Өкіметке қарсы ма?

Асқар . Иә… солай деуге болады.

Жамал . Алла сақтай гөр! Сонда сен… сен өкіметке қарсы шықпақсың ба?

Асқар . Ж-жоқ. Жаңағы айтып отырған партияның мақсаты – біздің елде шариғат заңын орнатып, ислами мемлекетін құру. Сол партияның мүшелері бұл мақсатқа мемлекеттік төңкеріс нәтижесінде жетпекші. Ал мен оған қарсымын. Мен басқа жолдарды, басқа тәсілдерді көрсетіп отырмын.

Жамал . (орындыққа отыра кетіп, қолындағы ыдысын столға қоя салады) Басқа жолдарды?! Бұл сөзіңді қалай түсінуге болады? Сен сонда бізде шариғат заңын орнатпақпысың?

Асқар . Әрине! Мен бір қаланың имамы бола тұра, мұсылман бола тұра, сол заңды қолдамағанда кім қолдауға тиісті? Шариғат заңы – ең әділ заң. Ол Алла тағаланың заңы. Мен тек сол заңды зорлық-зомбылықсыз, қантөгіссіз қабылдауды ұсынып отырмын. Ал «Әл-хизб» басшылары…

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Төңкеріс. Пиесалар»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Төңкеріс. Пиесалар» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Төңкеріс. Пиесалар»

Обсуждение, отзывы о книге «Төңкеріс. Пиесалар» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x