Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар

Здесь есть возможность читать онлайн «Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Издательство: Литагент Ридеро, Жанр: Драматургия, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Төңкеріс. Пиесалар: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Төңкеріс. Пиесалар»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Бұл кітапта оқырманға әр түрлі жанрда жазылған пиесаларымды ұсынамын: трагедия, драма, комедия, жастар мен балаларға арналған шығармалар.

Төңкеріс. Пиесалар — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Төңкеріс. Пиесалар», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Жамал . (басын көтере беріп) Бұл не?! Не шайқас бұл?

Асқар . Білмеймін…

Жамал . (телевизорға көзі түсіп кетіп) Асқар, телевизордың дыбысын қосшы…

Асқар диванда жатқан пультты алып телевизорға дыбыс қосады. Балет тоқтатылып, қалалық телеканалдың жаңалықтар студиясының көрінісі шығыпты. Ғадуррахман сөйлеп отыр. Оның үстінде «Әл-хизб» партиясының жасақтарының униформасы, денесі белбеу мен портупеялармен таңылып тастаған, белінде тапаншаның сауыты.

Ғабдуррахман . Қала тұрғындары! Менің есімім – Ғабдуррахман. Мен шейхпын, «Әл-хизб» партиясының жетекшісімін. Біз жаңа ғана қаланың билігін қолға алдық. Осы сағаттан бастап қалада төтенше жағдай жарияланып, коменданттық сағат енгізілді. Кешкі сағат оннан таңғы жетіге дейін көшеде жүруге тиым салынады. Осы уақыт аралығында көшеде тек арнайы рұқсат қағазбен ғана жүруге болады. Кімде-кім рұқсатсыз көшеге шықса, біздің әскери патруль ешқандай ескертусіз абақтыға қамайды, ал қарсылық білдіргендер сол жерде оққа ұшады.

Осы сағаттан бастап қалада ислами автономия жарияланады. Автономия болашақта ислами мемлекеттің, одан әрі – ұлы халифаттың іргетасын қаламақшы. Бұрынғы заңдар осы күннен бастап өз күшін жоғалтты, біз енді шариғат заңымен өмір сүреміз. Сондықтан, кімде-кім өзін мұсылманмын деп санамаса, мәселен орыс және орыс тілдес ұлттардың өкілдері, исламнан басқа дін өкілдері, мәселен христиандар, біздің ислами автономиямыздан, яғни біздің қаламыздан алыстатылады. Ол үшін осы аталған топтарға жататын тұрғындар өздерінің ең қымбат заттарын, ақшалары мен құжаттарын алып орталық стадионда жиналуы тиіс. Олар арнайы көлікпен обылыс орталығына жеткізіледі.

Қала тұрғындары! Естеріңізде болсын – біз ешкімді қаладан қуып отырған жоқпыз! Егер кімде-кім ислам дінін қабылдап біздің автономиямыздың мүшесі болғысы келсе – мархабат! Ондай адамды, қандай ұлт өкілі болмасын, біз құшағымызды жайып қатарымызға қабылдаймыз. Ал қалада қалып мұсылман боламын деген адам бүгіннен бастап шариғат заңымен өмір сүретін болады. Яғни, бес мезгіл намаз оқитын болады, ұятты жерлерін жабатын киім киетін болады. Мұсылманша киім тігу қаланың бүкіл тігін ательелері мен тігін фабрикасында ұйымдастырылады. Бірінші киім тегін тігіледі, ал келешекте әркім өзіне ұнаған матадан, ұнаған фасонды киім тіктіріп алады. Мұсылманша киінуге бір күн мерзім беріледі, бір күннен кейін кімде-кім мұсылман адамға сәйкес киінбей көшеге шықса шариғат сотының үкімі бойынша жазаланады. Осы күннен бастап орталық мешітте, вокзал намазханасында, және мектептердің негізінде ұйымдастырылған медреселерде намаз үйрену курстары ашылады. Намаз оқу біле ме, білмей ме – қаланың әр тұрғыны азан шақырылысымен мешітке, немесе жақын арадағы мектеп-медереселерге намазға баруы шарт. Намазға бармай қалған ер адамдар үйлерінен күштеп шығарылады, бірақ, менің ойымша, ондайлар біздің қатарымыздан табыла да қоймас.

Бұл қысқаша хабарландыру. Толық үндеу әр үйдің кіреберісіне, көшедегі хабарландыру тумбаларына, қалада шығатын газеттердің беттерінде жарияланады. Ал, әзірше хош сау болыңыздар! Аллаһү Акбар!

Телевизордың экранында ислам дініне сәйкес сурет пайда болады да Құран оқыла бастайды.

Жамал . (пультпен телевизорды сөндіреді де Асқарға бұрылады) Бұл не? Мұны қалай түсінуге болады?

Асқар . (телевизордан көзін айырмай басын шайқайды) Ә-әй, Ғабдуррахман, Ғабдуррахман! Бүкіл шаруаны бүлдірдің ғой!

Жамал . Енді не істемекпіз?

Асқар . (есікке бетейді) Ғабдуррахманға барамын. Бұл бүлікті тоқтату керек.

Жамал . Асқар!

Асқар . Не?

Жамал . Барма. Ол сені тыңдамайды… ол енді ешкімді тыңдамайды. Ол тым қатты кетті… көрмейсің бе не болып жатқанын? Одан да отыр, ақылдасайық. Біз не істейміз, соны анықтап алайық.

Асқар . Біз? Сен нені айтып отырсың? Маған Ғабдуррахманмен жолығып бүлікті тоқтату керек.

Жамал . Сен оған енді ештеңе істей алмайсың. Сен әлі түсінбедің бе – ол сені алдап соқты. Менің ойымша, бізге кету керек. Бүгін кету керек – ертең кеш қаламыз.

Асқар . Кету керек? Қайда?

Жамал . Білмеймін. Ең әуелі, жолдарды жауып тастамай тұрғанда, қаладан шығып кету керек. Ал сосын табармыз қайда баруды… мәселен, біздің ауылға барайық. Бір-екі апта әкейдің үйінде бола тұрармыз, мүмкін, оған дейін бұл бүлік те басылар. Өкімет, президент жәй қарап отырмас.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Төңкеріс. Пиесалар»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Төңкеріс. Пиесалар» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Төңкеріс. Пиесалар»

Обсуждение, отзывы о книге «Төңкеріс. Пиесалар» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x