Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар

Здесь есть возможность читать онлайн «Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Издательство: Литагент Ридеро, Жанр: Драматургия, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Төңкеріс. Пиесалар: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Төңкеріс. Пиесалар»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Бұл кітапта оқырманға әр түрлі жанрда жазылған пиесаларымды ұсынамын: трагедия, драма, комедия, жастар мен балаларға арналған шығармалар.

Төңкеріс. Пиесалар — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Төңкеріс. Пиесалар», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Әкім . Тоқтат! (орнынан тұрып ерсілі-қарсылы жүріп кетіп, қалтасынан темекі алып тұтатады. Сосын орнына келіп, темекі қыстырған екі саусағын Қалкенге кезеп) Дәл осы сен сияқты жамандардың кесірінен қазақ орысқа тәуелді болды. Өз тілінен айырыла жаздады.

Қалкен . (жанында отырған Мерген оның жеңін тартып бірдеңе деп сыбырлайды. Қалкен қолын жұлып алып) Қазақтардың қалай орыс мемлекетіне тәуелді болғаны жөнінде тарихта нақты деректер бар. Егер білмесеңіз, мен айтайын: ең әуелі Тәуке хан, содан кейін Әбілхайыр…

Әкім . Хандарда нең бар ей! Өткенді қопармай қазіргі жағдайды ойла. Қазақстан тәуелсіздік алғанына жиырма жылға жуықтап қалды, ал біз әлі орыстардың ықпалынан шыға алмай жүрміз. Неліктен? Қорқамыз. Неден? (Қалкеннің сөзін мазақтап қайталап) «… ішкі ұлтаралық жағдайды да ескеруге тиістіміз», «… бұл мәселеге үлкен абайлықпен кірісу керек». Қашанға абайлай бермекпіз? Ә?! Кезінде орыс империасы бізді жаппай орысшаландырумен құртпақшы болды. Ендігі кезек біздікі. Енді біз жаппай қазақшаландыруға кірісеміз. Кімге ұнамаса – кетсін Ресейіне, жол ашық.

Қалкен . Сонда не?! Біздің демократиялық мемлекетіміз империалистік саясат жүргізбекші ме? Орыс империалистері мен шовинистерінің жолына түспекпіз бе? Онда олардан біздің қандай айырмашылығымыз болмақшы? Сіз мынаны айтыңыз – бұл жоғарыдан түсіп тұрған нұсқау ма, әлде өзіңіздің ойыңыздан шығарып алған бірдеңе ме?

Әкім . (Жұмағалиға) Жұмағали-ау, айтшы – түсінсем бұйырмасын – мынауың кім өзі? Қызметі не – соншама әкімге әкіреңдейтін?

Жұмағали Мақпалға қарайды.

Мақпал . (қызараңдап орынан тұрып) Қалкен біздің газетіміздің корреспонденті. Бірақ оның мына жеке пікірімен біздің ұжым келіспейді.

Қалкен . Мақпал Бәкеновна, сіз қалай бүкіл ұжымның атынан сөйлейсіз? Сіз тек өзіңіздің көзқарасыңызды білдіріңіз.

Мерген . Қалкен-әй, қойсаңшы енді! Қалай сен үп-үлкен адаммен тайталасасың? Мына Мақпал да, жақсы болсын, жаман болсын, бастығың емес пе! Және де бастық бола тұрып ұжым атынан сөйлемей қайтпекші?

Әкім . (өзінің орнына қайтып келіп отырған) Мерген! Тоқтай тұр! (Мақпалға) Мақпал Бәкен қызы, мына немені жұмыстан босатасың. Дәл қазір, осыннан шығысымен. Басқарып отырған газетің – әкімшіліктің газеті, сондықтан мұны бұйрық деп ұқ.

Мақпал . (Қалкенге кейіспен қарап) Жақсы, Басар Базарови… Базар ұлы. Тек қана…

Әкім . Не?! Орнына кісі таба алмаймын дейсің бе? Табамыз! Мұндай аққұлақтардың адвокатымен қызметтес болғанша, мүлдем газет шығарамай-ақ қояйық.

Қалкен . (блокноты мен қаламын қалтасына салып, кетуге ыңғайланып) Жарайды… екі қолға бір жұмыс табылар. Осымен менің аузымды жабамын деп ойламаңыз. Әкімшілік газетінен басқа да басылымдар бар. (кетеді)

Әкім . Бар, бар! Ол басылымдарды да көреміз. Билікке көнбейтіні қайдан келіпті.

Жазира . (орнынан тұрып) Осы сөзіңізді дұрыс деп айтып тұрсыз ғой, иә? Менің қоластымдағы басылым – менің жеке меншік газетім. Мен қазір Қалкенді жұмысқа қабылдап аламын. Сосын көреміз сіздің билігіңізді. Қандай әкім болсаңыз да заңға қарсы шыға алмассыз. (ол да кетеді)

Әкім . Өй, өңкей жаман неме! Көрсек көрерміз! (столының үстіндегі қағаздарды ерсілі-қарсылы бір қозғап қойып, Жұмағалиға) Сонымен, білім беру бөлімінің бастығын орнынан түсіріп, орнына әлгі Сәкенді тағайындау жөнінде бұйрық дайында. (Мақпалға) Ал жаңағы неме бүгіннен қалмай жұмыстан босатылсын. Қолма-қол. Түсінікті ме?

Мақпал . Иә, түсінікті.

Әкім . Сосын орнына біреуді табармын – журфак бітіріп жатқан жастар жеткілікті. (отырғандарды бір шолып өтіп) Ал, тағы сұрақтар бар ма?

Мерген . (орнынан тұрып) Басеке, менде бір сұрақ бар еді.

Әкім . Ол нендей сұрақ?

Мерген . Жаңа маған Балхан Жүсіпованың продюсері келді.

Әкім . Не дейді?! Кәдімгі әнші Балхан Жүсіпованың ба?

Мерген . Иә, Балхан Жүсіпованың продюсері.

Әкім . (мырс етіп күліп) Ол мұнда неғып адасып жүр?

Мерген . (ол да ыржияды) Бұл қызық нәрсе, Басеке. О заманда қай заман бізге Алматының әртістері келмегені, Алматы түгілі, облыстық филармонияның өзі жоламайды, ал енді Балхан Жүсіпованың өзі гастрольмен келмекші.

Әкім . Жақсы. Келсін. Ал сонда оның продюсері не қыл дейді?

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Төңкеріс. Пиесалар»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Төңкеріс. Пиесалар» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Төңкеріс. Пиесалар»

Обсуждение, отзывы о книге «Төңкеріс. Пиесалар» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x