Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар

Здесь есть возможность читать онлайн «Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Издательство: Литагент Ридеро, Жанр: Драматургия, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Төңкеріс. Пиесалар: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Төңкеріс. Пиесалар»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Бұл кітапта оқырманға әр түрлі жанрда жазылған пиесаларымды ұсынамын: трагедия, драма, комедия, жастар мен балаларға арналған шығармалар.

Төңкеріс. Пиесалар — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Төңкеріс. Пиесалар», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Саудагерлер шығып кетісімен әкім Жұмағалиға қарап көзін қысады.

Әкім . Бұлармен осылай сөйлеспесең болмайды. Және осы бастан олардың тиісті оындарын көрсету керек. Әйтпесе басқа мініп алады.

Жұмағали . Ол дұрыс қой. Бірақ… бірақ саудагерлердің крыша дегенін қайтеміз? Ертең солардың мықтыларының біреуі келіп біздің басымызды қатырмай ма?

Әкім . Ха! Ал менде ше? Қалай ойлайсың – менде крыша жоқ па?

Жұмағали . Білмеймін… бар шығар…

Әкім . «Бар шыға-ар!» Сырт жағымда бір мықты тұрмай мен бір ауданды басқарып нем бар дейсің? Ал және қалай деп ойлайсың? Кімнің крышасы мықты – менікі ме? Әлде жаңағы саудагерлердікі ме? Ә?

Жұмағали үндемей қалады.

Әкім . (қағаздарын ерсілі-қарсылы қозғап қойып селекторды басады) Шолпан! Тағы біреу бар ма?

Шолпанның дауысы . Горкомстройдың бастығы қабылдауыңызды сұрап отыр.

Әкім . Ол не ғыл дейді?

Шолпанның дауысы . Білмеймін. Жұмыс бабымен дейді.

Әкім . Жарайды, кірсін. Сосын бізге шай әкеп берсең – таңдай кепті.

Кабинетке егде тартқан адам кіреді.

Горкомстройдың бастығы . Ассаламу ғалайкүм!

Әкім . Уағалайкүм ассалам! Жоғары шық! (алдындағы орындықты нұсқайды) Отыр. Сөйле.

Г . Бастығы . Менің ісім —әлеуметтік тұрғын үй құрылысының жоспары жөнінде. Жоспар тым үлкен.

Әкім . Жоспарды кемітпейміз. О жөнінде сөз қозғаудың да қажеті жоқ.

Г . Бастығы . Жақсы. Онда менің бір ұсынысым бар. Қаланың қақ ортасында, Әуезов көшесінде бір бес қабатты ғимарат тұр. Кезінде, тоқсаныншы жылдары, сол үй қаңырап есік-терезесінен айырылып қалған. Астыңғы қабатында асханамен дүкен болған. Ол ғимарат осы күнге дейін қаланың балансында тұр. Егер сол үйді қатарға қоссақ, әлеуметтік тұрғын үй құрылысының жоспарын толық орындауға болушы еді.

Әкім . Ол үшін не қажет?

Г . Бастығы . Қаржы керек. Көп емес – он миллион теңгеге жуық. Міне – смета бар. Біздің специалисттер ол үйді зерттеп шықты. (сметаны әкімге береді)

Әкім . (сметаға көз тастап, кекете сөйлеп) Он миллион! Шынында да көп емес екен! Оны қайдан алмақпын?

Г . Бастығы . Жаңа үй салуға бөлінген қаржыдан алуға болады.

Әкім . Жоқ, болмайды. Ол заңсыз. Жаңа үй салуға бөлінген қаржы жаңа үй салуға жұмсалу керек.

Г . Бастығы . Онда қалалық бюджеттен бөліңіз. Міне, қараңызшы… (әкімге тағы бір қағаз ұсынады) Ол үй іске қосылғаннан кейін тек бірінші қабатын саудагерлерге жалға беруімен ғана жылына бюджетке он екі миллион теңге қаржы түсіп отырады. Ал қалған төрт қабаты әлеуметтік пәтерлердің жоспарын толтырады.

Әкім . (біраз ойланып отырып) Жарайды. Мына қағаздарды мен алып қалайын. Бұл мәселе жөнінде мен әкімшіліктің қызметкерлерімен ақылдасармын.

Горкомстройдың бастығы кетеді. Шолпан шай әкеліп әкім мен оның орынбасары шай ішуге кіріседі.

Шолпан . Қабылдау бөлмеде тағы екі кісі отыр.

Әкім . Ол екеуің кім?

Шолпан . Біреуі біздің молда. Ал екіншісі Васильев.

Әкім . Онысы тағы кім еді?

Жұмағали . Осы қаланың ірі кәсіпкерлерінің бірі.

Әкім . Оған не керек?

Шолпан . Білмеймін. Әйтеуір сізге жұмысым бар дейді.

Әкім . Жақсы, әуелі имамға кірсін де. Бірақ бес минуттан кейін – мына шәйімізді ішіп алайық.

Шолпан кетеді.

Әкім . Молдекеңе не керек?

Жұмағали . Әлгі бітпейтін мешіттің жыры да! Одан басқа не дейсіз.

Әкім . Ол мешітке не болып еді?

Жұмағали . Кезінде қабырғалары көтеріліп, сосын күмбезін жабуы мен ішкі жұмыстарына жиналған қаржы жетпей іске қосылмай қалған. Одан бері міне он бес жылдан да асып кетті.

Әкім . Қаржы жеткілікті жиналмай жатып құрылысты неге бастаған?

Жұмағали . Қайдан білейін… білгіштердің сөзіне қарағанда қаржы жеткілікті жиналған, бірақ көрінгеннің қалтасында кеткен. Кім білсін, қалай болғанын, біздің қазақтан не шықпайды. Тек қана содан бері сол мешіт көзге түрткі болып тұр. Қаладағы христиандардың неше түрлі шіркеулері жұмыс істеп тұрғанда мешіттің мына мүшкіл жағдайы намысқа тиіп-ақ тұр. Сіздің алдыңызда болған әкімдер «мешітті пайдалануға береміз» деп ант-су ішкенімен ештеңе тындыра алмады. Біреуі тіпті орталықтан жаңа мешіт салдыратын да болған. Ақыры өзі кетіп тынды.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Төңкеріс. Пиесалар»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Төңкеріс. Пиесалар» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Төңкеріс. Пиесалар»

Обсуждение, отзывы о книге «Төңкеріс. Пиесалар» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x