Жұмағали – әкімнің орынбасары.
Мерген – мәдениент бөлімінің меңгерушісі.
Мақпал – аудан әкімшілігі газетінің редакторы.
Жазира – жеке-меншік газетінің редакторы.
Самал – Қалкеннің зайыбы.
Алма – Қалкеннің бойжеткен қызы.
Қайрат – Қалкеннің мектеп бітірген ұлы.
Шолпан – әкімнің хатшысы.
Балхан Жүсіпова – әйгілі әнші, эстрада жұлдызы; және оның продюсері.
Сергей Андреевич – білім беру бөлімінің меңгерушісі.
Васильев – кәсіпкер.
Имам.
Әкімшіліктің қызметкерлері, саудагерлер, аудармашы, оқушылар.
Официант қыздар: Гүлбаһрам, Юлия, оның досы Саша, бармен, крупье.
Презентацияға қатысушылар.
Ақын бала Ақынжан.
Әкімнің жиналыс өткізетін кабинеті. Бастықтың столына жалғасқан ұзын стол. Әкім өзінің орнында. Ұзын столдың жағалауында: Жұмағали, Мерген, Қалкен, Мақпал, Сергей Андреевич, Жазира және аудан әкімшілігінің басқа қызметкерлері. Әкім сөйлеп отыр. Қалкеннің қолында блокнот пен қалам. Жазираның қолында диктофон.
Әкім . … Енді кемшіліктерге көшелік. Менің анықтағаным – мемлекет тілінің нашар жағдайы. Ауылдарды алсақ – оларда қазақ мектептерінің саны 80 пайызға жуықтап қалыпты; бұл көрсеткіш жаман емес. Алайда, аудан орталығында жағдай нашарлау – қазақ тілінде сабақ беретін мектептер саны небары 40 пайыз. Қалалық 3 бала-бақшалардың біреуі де қазақ тілінде тәрбие бермейді. Бұл қалай, Сергей Андрей-ұлы?
Сергей Андреевич орнынан тұра бастайды, бірақ әкім қолын сермеп салып оны отырғызады.
Әкім . Жолдастар! Біз қазақ мектептерінің санын арттырмай мемлекет тілін тиісті деңгейге көтере алмаймыз. Сондықтан, жедел түрде аудан мектептерінің барлығын мемлекет тіліне көшіруіміз керек. Бұл жөнінде аудан әкімшілігінің қаулысының жобасын дайындап, соны талқылап, келесі маслихаттың сессиясына ұсыну керек. Кәне, не дейсіңдер? (отырғандар үндемейді, сондықтан оларды көзімен шолып өтіп) Сергей Андрей-ұлы, бұл мәселе жөнінде айтарың бар ма?
Сергей Андреевич елең етіп басын көтеріп әкімге қарайды. Бірдеме деу керегін түсініп сөзін бастайды.
Сергей Андреевич . Басар Базарович, в текущем году наш отдел образования проделал определенную работу по повышению роли государственного языка…
Әкім . Тоқтай тұр! Сергей Андрей-ұлы, егер бастықтың өзі қазақша сөйлемесе, онда қалай ол қарауындағы мекемелерде, мектептерде мемлекет тілінің жағдайын жақсартпақ?
Сергей Андреевич түсінбегенін білдіріп Жұмағалиға қарайды.
Жұмағали . Сергей Андреевич, Басар Базарович спрашивает: как вы сможете повысить роль государственного языка в подведомственных учреждениях и школах, если сами на нем не говорите?
Сергей Андреевич . Но мы сейчас изучаем казахский язык.
Әкім . (түсінбегенсіп) Не дейді?
Жұмағали . «Қазақ тілін оқып жатырмыз», – дейді.
Әкім . Бәрекелді! (Сергей Андреевичке) Онда айтатын сөзіңді қазақша айт. Түсіндің бе?
Сергей Андреевич . (басын шұлғып, қызараңдап) Һм! Биз… биз… мем… мим… мемликет тилин… тилин… это… тилин… (қызарып кетіп, қағаздарын жинап кабинеттен шығып кетеді. Отырғандарда үн-түн жоқ).
Әкім . (көзімен оны шығарып салып) Міне – білім беру бөлімі меңгерушісінің түрі мынау. Жұмағали! Бұл орынға қазақты қою керек. Оқу бөлімінде қазақ қызметкер бар ма?
Жұмағали . Бар. Меңгерушінің орынбасары қазақ. Сәкен деген жас жігіт.
Әкім . Жастығы айып емес. Тек еті тірі болса болды.
Қалкен . Сергей Андреевич білім беру саласында қырық жылдан астам еңбек етіп келеді. Аяқ астында қазақша шүлдірлей сөйлеп кетпедің деп орнынан босатуға бола ма?
Әкім . (Қалкенге шүйіліп) Әй! Бұл қайдан шыққан адвокат?! Аққұлақтарды осы күнге дейін басыңа қойып жүрген қай бейбақсың өзің?
Қалкен . (атып тұрып) Сіз сөзіңізді бағып сөйлеңіз! Әкім екенмін деп ауызға келгенді шатуға бола ма? Ал сіздің бүкіл орыс мектептерін қазақшаға аударамызға жол болсын! Ия, мемлекет тілінің жағдайы тиісті дәрежеде емес. Бірақ сіз ішкі ұлтаралық жағдайды да ескеруге тиістісіз. Біздің қаламыздың тұрғындарының алпыс пайызы орыс тілде сөйлейтін ұлттар өкілі. Сондықтан мектептердің басымы орыс тілінде білім береді. Бұл мәселеге үлкен абайлықпен кіріспесе…
Читать дальше
Конец ознакомительного отрывка
Купить книгу