Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар

Здесь есть возможность читать онлайн «Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Издательство: Литагент Ридеро, Жанр: Драматургия, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Төңкеріс. Пиесалар: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Төңкеріс. Пиесалар»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Бұл кітапта оқырманға әр түрлі жанрда жазылған пиесаларымды ұсынамын: трагедия, драма, комедия, жастар мен балаларға арналған шығармалар.

Төңкеріс. Пиесалар — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Төңкеріс. Пиесалар», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Асқар . Халифат! Шейх, сіздің айтып отырған халифатыңыз нағыз утопия!

Ғабдуррахман . Жоқ, утопия емес! Ұлы халифат – бүкіл адамзаттың болашағы. Халифат жер жүзінде орнайды, мен оған кәміл сенемін.

Асқар . Ғабдуррахман, сіз әлі ештеңе түсінбепсіз. Халифат жөнінде әңгімені қоя тұрайық. Президент мына ультиматумында ешқандай шартсыз, ешқандай жаңа ұсыныссыз қару-жарақтарыңызды тапсырып ақ жалау көтеруді талап етіп отыр. Ал сіздің тағы бір идеяңыз, мына ислами шағын ауданыңыз – ол нағыз әлдиярдың, монастырдың идеясы. Егер білсеңіз, ислам дінінде бұқара халықтан жекеленген үмбет, әлдияр деген болмаған. Өйткені нағыз мұсылман ешқашан қоғамнан бөлініп оңашаланбаған. Жоқ, керісінше, нағыз мұсылман халықтың, қалың бұқараның арасында, өмірдің ауыртпалығын елмен, халықпен бірге көтеріп, отандастарымен ақырғы тілім нанын бөлісіп жеп өткен. Нағыз мұсылман қоғамның, көштің алды болуға тырысып, салихалы да иманды өмірдің насихатшысы болып қалған жұртқа үлгі болуға тырысқан. Сіз әлі де өзіңіздің тәкаппарлығыңыздан арыла алмай отырсыз. Сіздің ойыңызша нағыз мұсылмандар сіздің үлгілі шағын ауданыңызда оңашаланып, қалған жұртқа, сіздің айтуыңызша «өңкей кәпір мен күнәһарларға» жоғарыдан төмен қарап отырмақшы.

Ғабдуррахман . Жоқ, менің бойымда тәкаппарлық жоқ. Мен тек күнәға, азғындыққа ашық соғыс жарияладым. Мен кәпірлерге жихад жарияладым. Және оларды мен кәпір деп отырған жоқпын, іс жүзінде олар кәпір!

Асқар . Сіз тәкаппарлығыңызды мойындамай отырсыз, алайда сіздің шағын ауданда оңашалануыңыздың түбі неде? Күнәға батқан жұрттың арасында жүріп өзіңіздің «пәк» тәніңізбен «пәк» жаныңызды кірлетіп аламын деп қауіптенгеніңізде емес пе. Сіз өзіңізді тым пәк сезінесіз. Сіз өзіңізді қалған жұрттан жоғары дәрежедемін деп санайсыз. Сіз өзіңізді әулие деп санайсыз. Ал бұл нағыз тәкаппарлық. Иә, біздің кейбір отандастарымыздың күнәға белуарынан батып жүргенін мен де мойындаймын. Ал бірақ оларға жоғарыдан түкіріп, оларды төменгі дәрежеде, төмен сатыда тұрған адамдар деп санап, немесе хайуанға теңеген дұрыс емес. Керісінше, біз өзіміздің күнәларымызды мойындап сол күнәлардан арылуға тырысып, жанымыздағы адамдардан, отандастарымыздан бірдеңеміз артылып бара жатса оларға жоғарыдан төмен түкірмей қол ұшын беріп тура жолға шығуға атсалысуға тиістіміз. Мінеки, менің пікірім осы. Мен сіздің идеяңызды қолдамаймын. Сондықтан ешкімнің алдына ондай ұсыныспен бармаймын.

Ғабдуррахман . (сол тесірейген көздерін имамнан айырмай біраз отырады да серпіліп бойын түзейді) Сонымен маған үзілді-кесілді «жоқ» дедіңіз, иә?

Асқар . Иә. Мен сізден қантөгіске жол бермей бүлікті доғаруыңызды талап етемін. Тоқтаңыз, шейх! Әлі де кеш емес. Істеген ісіңізді мойыныңызбен көтеріп жазаңызды алыңыз. Қазір тоқтасаңыз президент өз тарабынан кешірім жасауға дайын. Мына ультиматум соған кепіл.

Ғабдуррахман . Маған оның кешірімі керек емес. Ал егер қан төгілсе, ол қан менің мойыныма артылмайды – менің қан төккім келіп тұрған жоқ. Ол қан өкіметтің, президенттің мойнына артылады. Өйткені мен емес – ол маған шабуыл жасайын деп тұр. Мен мәселені бейбітті түрде шешуге бір емес, екі ұсыныс жасап отырмын. Ал егер қабылдамаса, қабылдамай-ақ қойсын – біз оңайлықпен берілмейміз. Біз автономиямыз үшін бір қасық қанымыз қалғанша шайқасамыз. Президент тып-типыл болған қаланың орнын сипап қалады. Егер ол соны мақсат тұтып тұрса – бастасын шабуылды. Мен айтқанымнан қайтпаймын. Ең әуелі стадионның күлі көкке ұшады.

Асқар . Сіз оны істемейсіз, Ғабдуррахман! Стадиондағы адамдардың, қаланың бейбіт тұрғындарының еш жазасы жоқ. Егер тіпті өзіңіздің идеяңыз үшін шайқасып қаза болғыңыз келіп тұрса, сарбаздарыңызбен бірге қаладан тыс жерге шығып шайқасыңыз. Мен тіпті президентке, сіздерге қаладан шығуға мұрсат берсін деген ұсыныспен баруға дайынмын.

Ғабдуррахман . Тапқан екенсіз ақымақты! Президенттің әскері бізді ен далада бес минутта қырып тастамай ма! Жоқ! Мен өлсем өзіммен бірге мыңдаған кәпірлерді ала кетемін. Олардың саны неғұрлым азайса, соғұрлым жердің беті тазара түседі. Міне – менің ақырғы сөзім. Егер сіз менің ұсынысыммен президентке барғыңыз келмесе, мен жихадымды осы жерде бастаймын. (қалтасынан ұялы телефон алып бір нөмірді тере бастайды)

Асқар . Не істейін деп тұрсыз? Кімге телефон шалайын деп тұрсыз?

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Төңкеріс. Пиесалар»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Төңкеріс. Пиесалар» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Төңкеріс. Пиесалар»

Обсуждение, отзывы о книге «Төңкеріс. Пиесалар» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x