Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар

Здесь есть возможность читать онлайн «Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Издательство: Литагент Ридеро, Жанр: Драматургия, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Төңкеріс. Пиесалар: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Төңкеріс. Пиесалар»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Бұл кітапта оқырманға әр түрлі жанрда жазылған пиесаларымды ұсынамын: трагедия, драма, комедия, жастар мен балаларға арналған шығармалар.

Төңкеріс. Пиесалар — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Төңкеріс. Пиесалар», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Иван . Мен де солай ойлап едім. Сонда мен енді не істейін? Стадионға барғым келмейді. Ал бірақ мамамның мәйітін бірдеме қылып алып шығу керек, адам сияқты о дүниеге аттандыру керек. Жалпы, енді біз не істеуіміз керек? Сіз маған бір кеңес бере аласыз ба?

Халел . (бөлмеге кіріп келеді – Иван сасып қалып орнынан атып тұрады) Қорықпа, інішек, мен Асекеңнің досымын.

Иван . Ассаламү ғалайкүм…

Халел . Уағалайкүм ассалам. (екеуі қол алысып амандасады) Отыр Иван, ақылдасу керек. Менің есімім Халел. Мен бүлікшілермен күресу үшін жіберілген арнайы бөлімшенің командирімін. Мен бәрін естідім, сенің қайғыңа ортақтасам, қайырлы қаза болсын. Әрине, қазір сенің есі-дертің шешеңнің мәйіті мен қарындасыңды алып шығуда. Бірақ стадионда отырған қалған жұртты да ойлау керек. Оларды күзетіп отырған жігіттердің ішінде сен сияқты алданып қалған жандар бар шығар. Енді көбінің көзі ашылды ғой. Сол жігіттердің де бастары қатып жүрген болар. Солармен сен арқылы байланыс жасап көрсек деймін. Бірақ асығу керек. Уақыт тығыз. Таңертең біз іс-қимылға көшпекпіз. Бірақ бір мәселе бізді бөгеп тұр. Сен стадионның миналанып тасталғанын білесің бе?

Иван . Мен о жөнінде бүгін ғана естідім. Бағана стадионға болғам. Сонда кезекші күзетші айтты: Жамал тәте… ол Асекеңнің зайыбы, со кісі стадион миналанып тасталған депті. Бірақ оған ешкім сенбейді.

Халел . Сенуге тура келеді, Иван. Миналардың санын ешкім белмейді, ал оларды іске қосатын пульт шейхтың қолында. Сондықтан ол пультты қолға түсірмей, істен шығармай стадиондағыларды құтқара алмаймыз. Әрине, егер біз тұтқындарды шейхке білдірмей стадионнан шығарып алсақ… бұл, бір қарағанда, мүлдем мүмкін емес сияқты. Алайда, біз барлық мүмкіндіктерді пайдалануға тырысуымыз керек. Стадион күзетушілердің арасында сенімді достарың бар ма?

Иван. Бар ғой.

Халел. Ал, онда, Иван, кетейік. Стадионды күзетушілердің арасындағы мүлдем ақыл-есінен айырылмаған жігіттермен байланыс жасап сондағы тұтқындарды азат етіп көрейік. (Асқарға) Ал, Асеке біз кеттік. Есіңізде болсын —біз сізге ең үлкен үміт артып отырмыз. Аман сау кездескенше.

Асқар . Иә, Алла тағала аман-сау кездесуге жазсын…

Халел көмекшісімен Иванды ертіп кетеді. Асқар олардың кетісімен есікті жауып бекітіп орнына қайтып келеді. Қалтасынан тапаншаны алып шығып жан-жақты зерттеген боп қарайды.

Асқар . (өз-өзімен сөйлеседі) Сонымен мен енді жендет болдым. Мен енді адам өлтіруге тиістімін. Басқа амал жоқ дейді… иә, солай. Ал мүмкін шейх… мүмкін ол сөзге көнер? Не де болса тағы бір рет, ақырғы рет сөйлесіп көру керек. Ал содан кейін… содан кейін көнбесе. Көнбесе… содан кейін көнбесе… көнбесе… сонда… һм… (тапаншаға тағы бір рет көз тастап орнынан тұрып кетеді) Жоқ! Көндіру керек! Қалай да болса көндіру керек. Одан басқа амал жоқ!

Ұялы телефонын алып шейхтің нөмірін тере бастайды. Осы тұста есік қоңырауы тағы да шылдыр етеді. Асқар бір мезет сол жаққа қарап тұрып, содан кейін есікке беттейді. Есіктің құлыпына қолын соза бере қолындағы тапаншаны қалтасына салады. Есік ашып аңырап қарап қалады. Бөлмеге Иван кіріп келеді.

Асқар . Ваня?! Не болып қалды? (есікті жабады) Сен неге қайтып келдің? Халел қайда?

Иван . Асеке, мен бір минутке оралдым. Халел мені төменде тосып тұр. Мен… мен мана сізге келгенім… сізге келгенде…

Асқар . Ваня, саған не болған? Сабыр қыл, жаным. Жүр, орындыққа отырайықшы, сосын баппен әңгімелесейік.

Иван . Жоқ, Асеке, отыратын уақыт жоқ. Мен тек сізге бір өте маңызды жәйтті айтайын деп едім. Ол мәселе… қысқасы, Гүлнәр…

Асқар . Гүлнәр?! Онымен бірдеңе болды ма? Ол өзі аман ба?!

Иван . Жоқ… Иә, иә, аман! Ол аман-есен. Мәселе онда емес, мәселе менде. Сіз ештеңе білген жоқсыз, ал мен… біз… қысқасы – Гүлнәр екеуміз бір-бірімізді қатты ұнаттық, бір-бірімізге ғашық болдық. Иә, ол енді мені сүймейді… иә… Бірақ мен оны бұрынғыдай… иә… ал ол енді мені жек көреді. Сонда менің кінәм тек нағыз мұсылман боламын дегенімде. Мен сізден Гүлнәрдың қолын сұрайын деп жүргем, ал ол… ол маған Ислам дінін қабылдау керек деді. Сонымен міне…

Асқар . (Иванға бүкіл денесімен бұрылып) Не?! Сен Ислам дінін тек менің қызымды алу үшін ғана қабылдадың ба?! (Иван төмен қарап күрсінеді) Жо-жоқ! Мүмкін емес!

Иван . (басын көтереді) Иә, Асеке, мен бір балалық жасадым. Бірақ сіз ол үшін ашуланбаңыз. Мен бұрыннан дін жөнінде ойланып жүргем. Мен мұсылмандарды ең адал, ең әділ, ең мейірімді жандар деп есептейтінмін. Бала кезімнен сіздің үлгіңіз көз алдымда тұрды емес пе! Бала кезімнен сіздің әулие-әмбиелер, әз пайғамбарлар туралы әңгімелеріңіз, ең соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед саллалаһу ғалейһи уәссалам мен оның сахабаларының өмірі мен істері жөнінде айтқан әңгімелеріңіз жадымда сақталып қалған-ды. Сондықтан, Гүлнәр ислам дінін қабылдау керектігін айтқанда мен бір минут та ойланбастан шешім қабылдадым. Содан бәрі жақсы болушы еді, егер… егер мына шейх кездеспегенде. Ол… ол, білмеймін не қылғанын, әйтеуір со кісімен кездесуім мұң екен, ақыл-есімнен айырылдым да қалдым. Сосын соңына қалай түсіп кеткенімді өзім де білмей қалдым.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Төңкеріс. Пиесалар»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Төңкеріс. Пиесалар» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Төңкеріс. Пиесалар»

Обсуждение, отзывы о книге «Төңкеріс. Пиесалар» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x